Әділхан Ержанов
РЕЖИССЁРӘділхан Ержанов - режиссер, сценарист, оператор.
1982 жылы 7 тамызда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
1999 жылы байқауда «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» анимациялық фильмінің қойылымы үшін «Үздік сценарий» жүлдесін иеленген («Хабар» телеагенттігі).
Қазақстандық және әлемдік киножүйесін қорытындылайтын басылымдарда қатар жұмыс істеген.
2007 жылы «Еуразия» кинофестивалінде Халықаралық бір қауымдастық Әділханды байқап қалады. Сол фестивальде оның «Бақытжамал» фильміне «Үздік режиссура» үшін сыйлық беріледі. Бұл Ержановтың курстық жұмысы болатын. Әділханның «Қаратас» (2009) атты дипломдық картинасы қоғамдағы өзіндік «Менді» талқылауға бағытталды. Алғашқы толықметражды картинасы «Риэлтор» (2011) болды, фильм халықаралық кинофестивальдерде аталып өткен. 2013 жылы Әділхан мен оның курстасы Серік Әбішев екеуі азғантай қана қаржыға (10 мың доллар - Сорос-Қазақстан Қоры әлеуметтік қысқаметражды фильмдерді түсіруге бөлген грантын ұтып алған) «Құрылысшылар» фильмін түсіреді. Картина Висбаден, Эдинбург, Алматы, Бусан, Рим және т.б. қалаларында өткен бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысады. 2014 жылы Ержановтың «Үкілі кәмшат» картинасы 67-Канн кинофестивалінің арнайы бағдарламасына іріктелініп алынып, көпшілікті мойындатқан. Британ киносы институтының киносыншысы Джефф Эндрю фестивальға қорытынды жасай келе, режиссер Әділхан Ержановтың «Үкілі кәмшат» қазақстандық фильмін үздік ондыққа қосты.
Режиссер:
- 2014 Үкілі кәмшат / Хозяева (Қазақстан)
- 2013 Құрылысшылар / Строители (Қазақстан)
- 2011 Риэлтор / Риэлтор (Қазақстан)
- 2009 Қаратас / Каратас (қ/м, Қазақстан)
- 2009 Бақытжамал / Бахытжамал (қ/м, Қазақстан)
Сценарист:
- 2015 Шлагбаум / Шлагбаум (Ж. Пошановпен бірге, Қазақстан)
- 2014 Үкілі кәмшат / Хозяева (Қазақстан)
- 2013 Құрылысшылар / Строители (Қазақстан)
- 2011 Риэлтор / Риэлтор (Қазақстан)
- 2009 Қаратас / Каратас (қ/м, Қазақстан)
- 2009 Бақытжамал / Бахытжамал (қ/м, Қазақстан)
Оператор:
- 2013 Құрылысшылар / Строители (Қазақстан)
Жүлделері мен марапаттары:
- Шлагбаум - Күміс «Әулие Георгий» - Үздік ер азамат рөлі (Еркебұлан Дайыров, ХМКФ, 2015)
- Үкілі кәмшат - NETPAC Asian Film Festival кинофестивалінің жүлдесі; Ливанда өткен ХКФ Гран-при; «Лiстапад» Минск 21-ші ХКФ жүлдесі (2014).
- Құрылысшылар - Филиппиндегі ХКФ Гран-при иеленген (2013).
- Риэлтор - СINDI ХКФ-де White Chameleon жүлдесі (Оңтүстік Корея); «Киноликбез» ХКФ (Ресей) үздік толықметражды фильмі («Алтын Жан-Люк») үшін Гран-при; «Шәкен жұлдыздары» ХКФ (Қазақстан) «Жастар киносы» санаты бойынша Гран-при; «Киношок» (Ресей) және «Дебоширфильм-Тұнық армандар -XIV» кинофестивальдерінде (Ресей, 2012) қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған.
- Қаратас - Үздік студентік жұмыс, Үздік режиссура, Үздік ер азамат рөлі («Дидар» КФ, 2009)
- Бақытжамал - «Үздік режиссура» үшін жүлде («Еуразия» ХКФ); «Шәкен жұлдыздары» КФ Гран-при.
Люксембургтің «Кинеполис Кирхберг» кинотеатрында 19-21 ақпан аралығында режиссер Әділхан...
Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар т...