Қазақстандық фильм Люксембург кинотеатрында көрсетіліп жатыр

КИНО
3781

Люксембургтің «Кинеполис Кирхберг» кинотеатрында 19-21 ақпан аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі көрсетіліп жатыр.

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды: Бозбала Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралады. Ол онда бәрі қатты өзгергенін көреді, қаланы өзінің қатал ережелерін орнатқан қылмыстық топ басқарады. Ал оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен мүлдем жоғалып, адасып кетеді...


Міне, осындай шытырман оқиғаға құрылған Әділхан Ержановтың фильмі Люксембургтің кинотеатрында көрермендерге ұсынылыну үстінде. Мәдениет порталы осы бір қуанышты хабарды жариялай отырып, режиссер Әділхан Ержановқа шығармашылық табыс тілейді.

madeniportal.kz

author

Әділхан Ержанов

РЕЖИССЁР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...