Вонг Кар-Вай
РЕЖИССЁРВонг Кар-Вай (Wong Kar Wai) 1958 жылы 17 шілдеде Шанхай қаласында дүниеге келген. Шанхайдағы қонақ үй директоры болып істейтін күйеуіне тағы бір ұлы мен қызын тастап, бес жасар кезінде бұны шешесі Гонконгке алып кетеді. Гонконгқа келген соң, мандрин тілінде және оның Шанхай диалектісінде сөйлейтін балаға – енді, кантон диалектісін меңгеруге тура келді. Вонг Кар Вайдың киноға деген қызығушылығы тым ерте оянды. Оған басты себеп: кинотеатрлардағы барлық фильмдерді кантон диалектісінде қарау арқылы, жаңа тілге төселу еді. 1980 жылы Гонкон политехникалық университетін тәмамдайды. Графикалық дизайнер және сценарист болып телевидениеге жұмысқа тұрады. Бес жыл ішінде он фильмге сценарий жазды.
Режиссер ретіндегі дебюті 1988 жылы «Көз жасы құрғағанша» фильмі арқылы жүзеге асты. Фильм ағайынды екеу туралы. Соның бірі қылмыс әлемінде танымал, ол өзінің бөлесіне ғашық болып, адал өмір сүруге бел байлайды. Осы, тырнақалды фильмнен-ақ автордың өзіндік қолтаңбасы айқындалған еді – қаңыраған, бос көшелер, арзанқол асханалар, басты кейіпкерлердің күтер үміті жоқ, сұрықсыз тірлігі...
Вонг Кар-Вайдың үздік 6 фильмі
Вонг Кар Вай (Wong Kar Wai) 1958 жылы 17 шілдеде Шанхай қаласында дүниеге келген. Шанхайдағы қо...