Перизат Алмазқызы
АҚЫНПеризат Алмазқызы 1992 жылы 22 қаңтарда Қырғыз еліндегі Нарын облысы, Қошқар ауданында дүниеге келген.
Білімі - жоғары, 2010-2015 жылдары Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетін тамамдаған. 2016-2018 жылдары Қырғыз Ұлттық Академиясының аспиранты. 2019 жылдары - Ш.Айтматов атындағы Тіл әдебиет институтының ғылыми қызметкері. 2020-2021 ж. Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Мурас қырғыз бірлестігінін орын басары.
«Ырымдагы ырысым», «Руханият», Көк Аспан, Ай тумар атты жыр жинақтары жарық көрген.
«Өлөң сөздүн падышасы» атты аударма кітабы шыккан.
А.Яссауи, Абай, Шәкәрім, М.Жүсіп, Махамбет, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, т.б. көптеген түркі елдеріне ортақ ақындарды қырғыз тілінде сөйлеткен.
Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жастар әдеби сыйлығының лауреаты. Абай атындағы медальдің иегері. Қазақстан Республикасының Елбасының "Бірлік" алтын медальінің иегері, Қазақстан Ассамблеясының "Мейрім" төс белгісінің иегері.
Перизат АлмазқызыҚырғыз-ҚазақҚос қанатым, Қалықтаған сұңқарым! Аспан, айга шарықтаған, Қатар шапқан ...