Мұхтар Әуезов
ЖАЗУШЫӘуезов Мұхтар Омарханұлы (1897, 28 қыркүйек – 1961, 27 маусым) - қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Болашақ жазушы ұлы Абай өз шығармаларында сонша терең әрі жанжақты суреттеген сол кездегі қазақ қоғамының сипаты мол, қайшылыққа толы өміртұрмысын көзімен көрді. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915–1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған. 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік–Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады. «Оян, қазақ» деп ұран тастаған қозғалыс, олардың демократиялық идеялары Әуезовтің өмірлік мақсатнысанасын белгілеуіне тірек болды. Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күшқуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі. 1923–1926 жж. «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімесін жазады.
1923–1928 жж. Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. Ленинградта (қазіргі СанктПетербург) оқыған соңғы жылында екі тамаша повесть жазған: «ҚарашҚараш» пен «Көксерек».
Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып келді. Қудалау көріп, 1930–1932 жж. қамауда болды, тұтқыннан құтылу мақсатымен ашық хат жазды.
Әуезовтің тарихи тақырыпқа баруының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш көркем туындысы «ЕңлікКебек», онан кейін «Хан Кене» мен «Қилы заман», «АйманШолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» драмалары да осыны аңғартады. Бұлардың кейбіреуі ел арасында кең тараған, бұрыннан белгілі сюжетке құрылса, «Хан Кене», «Қилы заман» тарихта болған нақтылы оқиғаларды арқау еткен.
Әуезов 20жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. Отызыншы жылдары бір топ әңгіме («Қасеннің құбылыстары», «Іздер», «Шатқалаң», «Құм мен Асқар», «Бүркітші»), пьесалар («Айман–Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын») жазады.
30жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де қымқиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлік те болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді.
1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Татьянаның қырдағы әні» дейтін прозалық үзінді жарияланды. Бұл – болашақ романның бір тарауы еді. Осыдан соң, 1940 жылы, Л.Соболевпен бірлесіп «Абай» трагедиясын жазды.
Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи романэпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған. «Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды.
Көркем тәржіме жұмысына белсене атсалысып, И.Тургеневтің «Дворян ұясын» аударды, КСРО жазушыларының ІІ съезінде көркем аударма туралы арнаулы баяндама жасасты.
Үлкен ғалым, педагог Әуезов қазақ әдебиеті тарихын зерттеу, әдебиет кадрларын даярлау жөнінде шексіз көп еңбек сіңірді. Абайтану ғылымының негізін салды, көп томды «Қазақ әдебиеті тарихының» қазақ фольклорына арналған томының (1960) негізгі авторы және редакторы болды. Қырғыздың «Манас» эпосы туралы монография жазды.
КСРО Жазушылар одағы Президиумының, Бейбітшілікті қорғау кеңесі комитетінің, Лениндік сыйлықтар жөніндегі комиссияның мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік университетінің көп жылдар бойы профессоры болған Әуезов 4–5сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде де зор қоғамдық міндет атқарды.
«Абай жолы» эпопеясынан кейін дәуір шындығын суреттейтін кең ауқымды жаңа эпопея жазуға кіріскен еді. Соның «Өскен өркен» атты 1кітабының нұсқасын салып кетті. Ол 1962 жылы жарияланды.
Әдеби еңбегі үшін жазушы 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді. Жазушының әдебимемориалдық музейі ашылды, Алматы қаласының бір ауданы, бірқатар мектептер, көшелер қаламгер есімімен аталады. Туғанына 100 жыл толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. Шығармалар жинағының 50 томының 36 томы жарық көрді (1998–2008).
Шығармалары: Шығармаларының 12 томдық жинағы. 1–12т., А., «Жазушы», 1967–1969; Путь Абая. Библиотека всемирной литературы, сер. 3, т. (135), М., 1971; Шығармаларының 20 томдық толық жинағы. А., «Жазушы», 1979–1986.
Мұхтар Əуезовтің сүйікті перзенті Лəйла апай туралы мен алғаш рет 1961 жылы, ұлы жазушыны Ташкент зи...
Неліктен екенін қайдам, қолым қазақша жазуға жүрмей отырғаны – кешірерсіз. Мен сізге қазі...
Заңғар суреткер Мұхтар Әуезовтің де әрбір пенде баласы секілді алуан түрлі ермегі болғанын аңғарамыз...
2021 жылдың 13-қазанында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 96-маусымын М.Әуе...
Қарагөз-Сырым, Қарагөз-Нарша… Махаббат атаулыға қатыгез Дала заңы мен махаббат үшін күреске...
Саф алтындай таза өнер ұжымы өз көрермендерін асыға күтеді. Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ м...
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы атанған к...
Димаш Құдайберген елордада жаңадан ашылған театрдың музыкалық кеңесші болды. Ал театрдың актерлік құ...
Қатынасушылар Абай Айдар Кәрім Абайдың ақын шәкірттері. Көкпай Баймағамбет — ертекші, Абайдың...
Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (сист...
Мұхтар ӘуезовМұхтар Әуезовті алғаш көруім 1959 жылы еді. "Айман-Шолпанды" тамашалайын деп...
2001 жылы ақын, журналист Шөмішбай Сариев театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтен сұхбат алған. Сұхба...
Мұхтар Әуезов және қазақтың музыкалық-поэтикалық фольклоры1997 жыл қазақ халқының кемеңгер перз...
… кісіге пайда тигізу, ел қамын ойлау, өнер, білімге ұмтылу деген сияқты жақсы ой, таза ниет...
Тікшелеу жасыл беткейдің орта тұсына келе бере Несіпбай аттан түсті. Айналаға көз салған жоқ. Әлдеқа...
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Иран-Ғайыптың «Сүйінба...
М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын ж...
3 СӘУІР Сейсенбі 18:30 Авторы: Т.Уильямс Аудармасы: А.Сүлейменов Жанр: Драма Ұзақтығы...
Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы академиялық драма теа...
Мұхтар ӘуезовАлты жыл қаралы, қайғылы алты жыл өтті. Әрбірі бір-бір өмірдей сарылған ұзақ. Қара жел...