Ақын Нұрай Талаптың 7 өлеңі

7 ӨЛЕҢ
4703

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар ақындарға сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 өлеңін сұрап, жариялап келеді. Бұған дейін елге белгілі бір топ ақын өлеңдерін ұсынған болатын. Ақындарға алғысымыз шексіз!
Бүгін медицина қызметкері болып жүріп, қолынан қаламын тастамаған, жас дәрігер, жас ақын Нұрай Талаптың 7 өлеңін арнайы алдынғы буын аға-әпкелерімен қатар ұсынып отырмыз! Оның екі себебі бар. Бірінші - Нұрайдың өлеңдері өзінше ерекше, кәдімгі қалыптасып келе жатқан, өзгеше ойлай білетін жас ақын. Екінші - қазіргі демі басылмай тұрған пандемия кезінде туған еліне кәсіби маман ретінде талмай қызмет етіп, жанталасып жүрген ер жүрек медицина қызметкері ретінде! Зор құрметпен!


Ақын Нұрай ТалапАқын Нұрай Талап
***

Сүйкімсіз... 
Сүйікті етсін тыңшы ғалам, 
Диффузия – тыншымаған. 
Бір дауыс естіледі тыңдаңызшы, 
жаңбырдың тырсылынан. 

Тырс-тырс... 
Жылауық жоғалар күз, 
Жалаң аяқ тағдырлар тоналар жүз. 
Сағыныштың ырғағы сияқтанып, 
Қызғанышты жерлейік обаларсыз. 

О, бәлкім жүрегімді сыйламаймын, 
Жұлдыздар жиынтығы қиған айдың. 
Бақытты күлкісіне жасырған күй, 
Тағдырға сыйған-ай, кім?

***

Жұлдыз семіп жоғалған, 
Аспан тұнық, 
Жалғыз үйде қамалса жасқанды үміт. 
Түн құрсағын тепкілеп мазалайды, 
Бұрымына таматын жастан біліп. 

Қала тыныш, 
Құр үміт жұбанары, 
Білінбейді у-шудан жылағаны. 
Жалғыз жүрек соғып тұр әлсін-әлсін, 
Тыныштықта жаңғыртып бұл араны. 

Қиғаш жазу қиылған парақтағы, 
Ежіктедім, 
Жігерім жаратпады. 
Құп-құт
тай жүрегімнің дүрсілі үшін, 
Көкжиектен қызарар әр ақ таңым. 

Кім демейді сүрініп, қалсам құлап, 
Сана жақта шулайды сан-сан сұрақ. 
Жағасында Жайықтың ақ қалпақты, 
Жылтыр уақыт баладай тамсандырад. 

Жұлдыз семіп жоғалған, 
Аспан тұнық, 
Жалғыз үйде қамалса жасқанды үміт. 
Түн құрсағын тепкілеп мазалайды, 
Бұрымына таматын жастан біліп. 

20.03.20

***
Мойындар әлі өлеңді іңкәр мендегі, 
Дуалы ауыз, қаруы қалам, жарты Алаш. 
Өлең дегенің: 
«Ар-ұят. Намыс. Жанталас.!» 

(автор) 

Жұтылып түнге,-
білте шам, үстелде Мен, 
Қою шәй, "Шарлотта" бар тістелмеген. 
Шимайлап отырады парақты қыз, 
Шаруасы үйілсе де істелмеген. 

Қара түн шашын жаяр түйілмеген, 
Түйілмеген... О, өлең, сыйың неде?
Сияның құдіреті, ой шеруі, 
Көлденең көк аттыға иілмеген. 

Жұлдыздар нуы қандай қара кеште, 
(Сүйкімді сұлу қызды салады еске.) 
Бейкүнә жырдың нәзік періштесі, 
Жанымда жаралмаған бала емес пе! 

Тығылып сана жақта құйындаған, 
Кезбе бақ барма бізге бұйырмаған. 
О, Өлең... Тәңірдің нұрысың сен, 
Ешқашан, еш уақытта тыйылмаған.!

ЖҰБАТУ

Өкпешілім, 
Сілті сөзге морт кетпе бастысы сол, 
Аңғалым ең айтатын көпке сырын. 

Бос егес бұл, 
Асырғанмен мақтауды бәрі бірдей, 
Бәрі бірдей қадірлім дос емес біл. 

Намысыңды, 
Адуынды болған мен бәрі саған, 
Тоқтатпасын сең болған ағысыңды. 

Өмір қызық, 
Ит тірлікте бөрі боп дес берме тек, 
Жол шетінде жолығар небір бұзық. 

Қорықпаңыз.! 
Қанды тауды паналап жастау қыран, 
Құзғындарға өлімтік жолықпаңыз.! 

2020 жыл

***

Ай жарық.. 
Жарығы ерекше нұрланып бөлме іші, 
Үнсіздік... Әр күні осылай, –
Жұлдызы жоқ аспан, ол жесір аспан ғой, 
Жазылған өлеңім оқылмай? 
Қалады... 
(Тағдырдың қан жұққан балағы!) 
Бітпеген кітаптың тарауы,
Ғаламның күнәсі болғасын, 
Қызарған Ай деген, 
ақынның қызарған жанары.. 

Үзілген байланыс
Өшуге айналған ұялы, 
Ғаламды кезеді бір қыздың қиялы. 
Ақиқат іздеме ол өлген бұрында, 
Жұлдыздар ағады жиі әлі. 

Үндеме қарағым.! 
Түш деме... 
Сұрама, ештеңе... 
Мен кеттім: 
– Қайда? 
–Байланыс аясынан тыс жерге!

***

Мазалайды мені неге ауыр ой, 
Жеңілтек түн ауып кетті қалаға. 
Шырпы жағып жүретіндер тәуір ғой, 
Жат қалада Жан аға? 

Сертін бұзып еңкілдейді ой тағы, 
Толқын едім бас имейтін өзгеге. 
Шайлықпалы ойлар миды шайқады, 
Жыламайды көз неге? 

Оранып ап қала жатыр бөзге бір, 
Жайық жатыр толқынына қырсығып. 
Ширығатын едім ғой мен сөзге дүр, 
Бас иер ем ұмсынып. 

Адасып бір жүргендігім ақиқат, 
Сүмбіл туса сүйрік өлең шақырма.! 
Тағдыр сондай білгендігім «Шах & Мат»,
Тағдыр сондай Ақынға.! 

Жеңілтек түн ауып кетті қалаға, 
Ояусыз ба.. Жан аға? 

2020 жыл.

ЕЛЕС... 

Санамда жаңғырып тұрған не.? 
Өткеннің көмескі елесі. 
Долы апай секілді көк көйлек киіп ап - 
Ұрысып тастады о, несі?
Мен сізге ештеңе айтпаймын,
кіріңіз келесі.!

Ашуды жеңдіріп ақылға,
ақылым сабырға шақырды. 
Долы апай миымның ішінде,
оты-ыы-ыр-ып ақырды!
Кофем-ді әзірлеп міз бақпай отырмын, 
Жеңе алмай долылау пақырды... 
(аядым іштегі ақылды.?!) 

Долы апай әлек сап түнімен, 
Миымды ашытты қайтемін.! 
Жүрекке жүгіндім ақыры, 
Дее-е-дім-де айт емін.! 

Осылай таң атты рауандап, 
Төбемнен өлең боп ауған бақ.
Шаршады білемін долы апай,
Санамда нүкте боп қалған дақ.!

15.08.19
author

Нұрай Талап

АҚЫН

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...