Ақын Ордабайұлының кезекті жаңа кітабы оқырманға жол тартты Жуырда Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлт...
«Ауыздары ине-жіппен тігілген»: Көріпкел қаза тапқан 14 сарбаз туралы елді шошытқан мәлімдеме жасады
ЖИ
Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға қатысты елді елең еткізерлік мәлімдеме жасады. Ол марқұм сарбаздардың өзіне аян бергенін айтып, көргендерін журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Көріпкелдің айтуынша, қайтыс болған сарбаздар оған көмек сұрап келгендей көрінген. Ол олардың қатты тоңып, үсті-басы су болғанын және өздерінің қайтыс болғанын түсінбегендей әсер қалдырғанын жеткізді.
«Өлген сарбаздар келіп менен көмек сұрады. Қатты тоңды, үстеріне құрғақ орамал жапқым келді. Үстері малмандай су. Мен бұл әңгімені еш жерге жазған жоқпын. Адамдар қорықпасын дедім. Олардың ауызы ине-жіппен тігіліп тұрды», – деді Ақгүл Есетқызы.
Оның сөзінше, тірілер мен өлілер әлемінің арасында өзіндік заңдылық бар. Көріпкел сарбаздардың дауысын естігендей болғанымен, олармен тілдесе алмағанын айтады.
«Тірілер мен өлілер әлемінде заңдылық бар. Оларды естисің, бірақ сөйлесе алмайсың. Қатты тоңып, дірілдеп тұрды. Олар өздерінің өліп қалғанын да түсініп тұрған жоқ», – деді ол.
Сұхбат барысында Ақгүл Есетқызы алдағы уақытта да осындай қайғылы жағдайлар қайталануы мүмкін екенін айтты.
«Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар қайталанады», – деді көріпкел.
Еске салайық, Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаз қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды.