Ұлықбек Есдәулеттің Абайға арнаған өлеңі

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – 177
1795
ҰЛЫ ЖҰМБАҚ

Шыңғыстаудан сәуле шашқан бір үміт,
Көгімізде мәңгі қалған ілініп.
Өшкеніміз жанған шақ,
Өлгеніміз тіріліп,
Сан ғасырлық шөлімізді басқанбыз,
Санамызды ашқанбыз
Сәулесінен сіміріп.
Ұлтымызға Құдай өзі сыйлаған
Ол – ұлы Бақ, ұлы Жұмбақ, ұлы Құт!

Көзімізге қалың ұйқы тығылып,
Қараңғыда мың тұрып, мың жығылып,
Бағымызды бағалауды білместен.
Биіктікпен теңесе алмай бұғынып,
Тереңдікке бойлай алмай бұрылып,
Табанымыз тілініп,
Әлі жүрміз сүрініп,

Тауқымет пен нәубеттерде қырылып,
Тірі қалдық сол сәуленің
Шуағына жылынып.
«Тіршіліктің мәнін түсін, сырын ұқ»,-
Десе көнбей,
Дүниеге құнығып,
Тіліміз де байланып,
Үніміз де құмығып...
Ұлттың есін аудырған
Сол дәуірде саған тиген жұдырық.
Сол дәуірдің ит-құсы
Әлі де жүр жүгіріп.
Бірі ұлып, бірі жұлып, бірі үріп...

Заман мынау белімізді үзердей,
Көшіміз де түзелмей,
Қалып қойған жоқпыз ба
Соңыңыздан біз ермей?
Ұрпағыңа қарай көрме түңіліп,
Біз Өзіңді болған жоқпыз шын ұғып,
Жұмбағыңа әлі жүрміз үңіліп,
Уа, неткен асқақ едің, Ұлылық!
Ұлы Жұмбақ, Ұлы Ырыс, Ұлы Құт!
Ұлы Сезім, Ұлы Сенім, Ұлы Үміт!

Семей шаһары. 6 тамыз 2015 жыл.
“Абай күні” логотипі. ©Алмас Сырғабаев
author

Абай

КОМПОЗИТОР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...