«Еркеш кетті»: Актриса Жанель Серғазина күтпеген мәлімдеме жасады

коллаж

Шоу-бизнес
145

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актриса жеке парақшасында өміріндегі жаңа кезең туралы қысқаша ой бөлісті.

«Бәрін басынан бастадым… Өмір осынысымен қызық екен», – деп жазды Жанель Серғазина.

Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Оқырмандардың бірі оның жеке өміріне қатысты сұрақ қойса, енді бірі актрисаға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізген.

«Еркеш кетті демеш», «Жай ғана бақытты болыңызшы», «Сәттілік серігіңіз болсын», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Жанель Серғазина бұған дейін әнші Еркеш Хасенмен қарым-қатынасы арқылы да көпшілік назарына іліккен. Алайда актриса жаңа жазбасында нақты қандай өзгерістер туралы айтып отырғанын ашып көрсетпеген.