Осыдан отыз бес жыл бұрын Станислауста жер кезіп жүріп, қолымнан қайламды, елегім мен астауымды таст...
Айтпаса сөздің атасы өледі
Айтпаса сөздің атасы өледі. Бүгінгі қазақ қоғамына сергектік керек, қалғып кетпесек екен. Ұлы жазушы, мемлекет қайраткері, тәуелсіздігімізге тәңіріндей сәжде еткен Әбіш Кекілбайдың сөз тіркестерін көзі ашық, ойы сергек қазақтың аяулы ұл- қыздарына ұсынып отырмын.
"... Жұрттың бәрі жабыла мақтап жатқанда мақтау - кез-келгенннің қолынан келеді. Мықты болсаң - мақтамай көр! Жұрттың бәрі жабыла даттап жатқанда даттау да - кез-келгеннің қолынан келеді. Мықты болсаң, даттамай көр!
Жасап-жаңғыру үшін өзінен бұрынғының аузы мұрнын қан қылу тіпті де шарт емес.
Кешегілердің еңбегін елемесек, бүгінгінің көңіліне қарамасақ, ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз?!
Бабалар айтқандай, өлі риза болмай, тірі байымайтынын, ағаның назары жығылғанынан - інінің базары тасымайтындығын, алдыңғының ынсапсыздығы - артқыны имансыз ететінін, үлкеннің жолын кескеннің - көрінбей қаларын, кішінің жолын кескеннің - көмілмей қаларын бір сәт те естен шығармайтын тұс - қазіргідей өтпелі кезең, өлара кезең.
Тәуекелсіз қауым - тәуелсіз бола алмайды, алауыз қауым - азат бола алмайды.
Ел тілегі бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда ғана түзеледі".