Ақын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылық кеші өтті

ӘДЕБИЕТ
1372

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 8 ақпан күні ақын, ҚР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ғалым Жайлыбайдың 65 жасқа толуына орай «Қарашығымдағы қара өлең» атты шығармашылық кеші өтті.

Бүгінгі қазақ поэзиясының бағын ашып, бағасын асырып жүрген көрнекті ақын Ғалым Жайлыбайдың есімі Алаш жұртына жақсы таныс. Қазіргі таңда поэзия тарланының жауһар жырлары шет тілдеріне аударылып, шартарапқа да таныла бастады. 

Шығармашылық кешке Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Борашев Қуат Қахарманұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Төлен Әбдік, ақын Қазыбек Иса, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар, белгілі ақын, ҚР мәдениет қайраткері Бақытжан Тобаяқов, жазушы, сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлы, журналист-заңгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақайдар Ысымұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманалиев, алаштанушы-ғалым, белгілі ғалым, жазушы, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан ЗәкенұлыХалықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Асқар Алтай, филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбек,  жазушы-драматург Роза Мұқанова, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы, ақын  Мақпал Мыса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Жанғали Жүзбай және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...