(Рымғали Нұрғалиевтың Ғабит Мүсірепов туралы естелігінен)Жазушы үйінде екен. Телефоннан егде адамның...
Арон Атабек. Біздің махаббатымыз – ұлы Алаш Революциясы
Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні! ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында 21 наурызда Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтуге шешім қабылданған болатын. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. «Поэзия қазіргі заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап бере алады - бірақ бұл үшін оған қоғам назарын мүмкіндігінше кеңірек аударту қажет. Сонымен қатар Дүниежүзілік Поэзия күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына, негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан - шағын баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік дәстүрді қайта тірілтіп жүрген - әдеби клубтардың өздерін кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс»,- делінген ЮНЕСКО шешімінде. Бұл күн поэзияның шын мәніндегі қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер ретіндегі жағымды кейпін бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптастыруға қызмет етуі қажет.
"Мәдениет порталы" Дүниежүзілік Поэзия күніне орай, қазақтың диссидент ақыны, оппозициялық қазақ поэзиясының беделді өкілі, Арон Атабектің бірнеше өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалап ұсынып отыр. Мархаббат!
Революция және Мамай Қорғаны
Эпиграф:
«Мамай қорғанында тыныштық»
(совет әнінен үзінді)
Трибуна, Саяси Қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайға
«Мамай қорғанында орнаған бір тыныштық»,
шулы редакцияда да дәл солай;
СИЗО-да отыр бас редактор Ж. Мамай.
Жазуы үшін түсініксіз «ақшаның легализациясы» деген бір?
әй, шекеңді ұр, шекеңді ұр!
Не болыпты дейсіз бе?
Бәрі анық қой күйсізге –
бұл балада ақша қайдан болыпты?
Ессіз! Ессіз!
Газет деген ляззат емес қалыпты,
әлдеқайда қауіпті!
Бұл Мамайдың құрдастары
әлі күнге вокзал маңын мекендеп,
өткізеді «сауықты».
Ал ол болса кіл әлемге танымал
«Трибуна. Саяси Қалам» деген газетті жүргізеді, жарықтық,
Ха-ха-ха!
«Алаш», «Хақты» шығарам деп бұрында
заңсыз екі басылымға, құрымға
қос пәтерді құрбан етіп жібергем,
отбасымды үйсіз-күйсіз қалдырып,
қасіретке ұрынғам!
Ха-ха-ха! Ха-ха-ха!
Қазір болса заман басқа, адам басқа қарынды.
Қарайлай жүр маңынды
Ал сен болсаң, кәрі адам, адуынды, арынды,
«Демеушіні» білмейсің,
Жастар қазір, сендей емес, ақылды.
Ха-ха-ха!
Бай-манаптан іздейді олар «жақынды»!
Бұл «демеуші» Аблязов қой,
Ұры ол да,
береді екен «демеушілік» мақұлды.
Ия, ол ашық қаржы беріп қолдайды Оппозицияны, сақ ұлды
Тіпті Батыс қамай алмай түрмеге
шықпаса да Қазақстанда мінбеге
Шет бір елде күн кешеді, үндеме!
Ха-ха-ха!
Ой, әрине, Ұрылардың қатарында Назарбай,
ұрласа да азын-аулақ қазынадан көз алмай.
Кіл әлемдік Экспоны өткізді ғой сонда да
Ертең енді Олимпиаданы қолға алады, паңдана!
Во! Ву! Ху!
Ха-ха-ха!
Ал біз болсақ қазақпыз ғой,
аңғал,
аңқау,
мақтансүйер халықпыз
ақшаны да жел өтіне шашыппыз!
Жүрсек-дағы жалаң аяқ, жалаң бұт
жүгіреміз әлем үшін,
қойнымыздан жарлық аңқып, жар аңқып!
сол себепті МЕМЛЕКЕТ пен ТӘУЕЛСІЗДІКТІ талан ғып
Тәуелсіз бір коллонияға айналғанбыз, жараңдық!
Ха-ха-ха!
Қай бұрышқа көз салсаң да, ұры өңкей
Заңды ұрылар, (билік сөзін жамылып) қалатындай білінбей,
Бірақ олар әкей емес түрме төрін жаулаған,
еш қапасқа қамалмаған, қармаған
«Ұры деген отыру керек пе енді түрмеде? Ха-ха!
Бұл сұрақ та пәссапаға айналды,
еш бір жауап алынбаған, алмаған!
Ал мен болсам, Қазақстанның халқы сынды
Нұр-Ұрлықизм деп аталған болашаққа қарманам!
Ха-ха-ха!
Назарбаев деген - ұры Карл Маркстен аумаған,
Ал Аблязов –Фридрих Энгельстен аумаған!
Ха-ха-ха!
Ол жақта енді мұндай істер заңды дейді, қалайша?
«Дәмеушіден» ақша алуға бола ма екен Мамайша?
әлде тағы қол бергеннің қолың кері қайтарып,
Нұр патшаның ететіне кіру керек талайша?
Ха-ха-ха!
Мамай болса өзінің қорғанына кеп, түлеп,
Шыңғыс ұлы болмаса да,
Шыңғысхандай көк тіреп,
«Трибуна, Саяси қалам» газетін басады рас, жұбанар.
Сосын өзі ас бөлмеде жасаған оппозициясының ел ішіне өткені қуанар!
Не болыпты дейсіз бе?
Бәрі анық қой күйсізге!
«Шаңыраққа» халықтың түкіргені бар енді.
Ақымақ жоқ бұрынғыдай,
жан өлді.
Асханада барлық істер істелер,
Мәселен ки, КСРОны бір шыныаяқ шай үстінде таратып, құра салған мәстек ел.
Ал сол ас үй БАҚ пен Интернет болса егер
бәрі мұнда өз алдына, РЕВОЛЮЦИОНЕР
Ха-ха-ха!
«Мамай қорғанында орнаған бір тыныштық»
Шулы редакцияда да дәл солай,
Революция тұрмайды құрбандықты аңсамай
«Кім түрмеде отырмады,
революционер емес, досым, ханша-бай!»
Ура, алға! Ха-ха-ха!
P.S. Жалпы, саған айтарым: тәжірибелі саяси зэк ретінде
ешнәрсеге өкінбе,
бас редактор тыңда мені, бауырым,
бір адымға шегінбе!
Ха-ха-ха!
Сабыр керек, жан мен тәнге күш те керек, бірталай
Ұрады ма? Сен де оларға жауап қайтар,
Бір соққыға адам өлмес жан Мамай
ал бүгінде «заңсыздық» жоқ түрмелерде, әрқалай –
Тек әйтеуір жазып қойма (ұят әрекет) аңдамай –
Саясаттан шығып қалып жүрме солай, қалқам-ай
Ал газетке жазғандарың қанталапай, қанталай!
Ха-ха-ха!
Үлгі ал досым, Талғат пенен Макстан
Ел батыры қылған өзің,
қылған өзің арыстан.
Олар қазір өр кеудесін көтіріп,
Революция мектебіне кіріп келе жатыр, досым, алыстан!
Әруақ! Ура! Алға!
Бұл түрмеде Вадим Курамшин де отыр енді жан ұстап,
Не болыпты дейсіз бе?
Анық емес күйсізге!
«Аблязовтың» досы болған М. Жәкішев те бұл мекенге - айқасқан,
студенттік достығы үшін жай қосқан.
Тағы мұнда әкім де отыр, премьер да жайғасқан
мүсіндердей жасалынған қой тастан,
Шындығында, Назарбайды қамап қою керек-ті
мықты үлгі деп көру үшін әу бастан!
Ха-ха-ха!
«Бұл түрмеде алғашқы он жыл қиындау –
қиын және мойындау!
ақырындап жүрер сосын өмірің
тұтқандардың орнығады көңілі!
өз қалпыңды берме бірақ ешкімге
болса-дағы кеш мүлде
Ұста өзіңді, ешқашан дос, дес берме!
«Кім түрмеде отырған жоқ,
революционер емес» деймін, уақытында кез-келген!
Ха-ха! Ура! Алға!
P.P.S. Сен білесің, білесің сен «Манделаның сабағын»
Революция әуелі бір адамның басында болады ғой, қарағым,
сосын барып, халықтың жанады өрттей жанары
(әрине, егер, мықты болса таңдалынған адамы)
Сосын, сосын, сөзден іске өтеді
білінеді Революция –Ұлы СЕНІМ екені!
Әруақ! Әруақ!
Біз жеңдік!
Тәңір Хақ!
17.03.2017ж.
Павлодар, СИ-14,
Кича, ПКТ, к.38
Адайлықлар мен Данайлықлар
Президент Н. Ә. Назарбаевқа
Эпиграф: «Сыйлықтар әкелетін Данайлықтарға сенбеңіз!»
Гомер «Илиада»
Қара Арийлер тұрды, міне –
қаралығы мұнайдан, қаралығы қайғы мен қасіреттен,
кеудесінде ашуы тасып өткен.
Ал қытайлар, айлакер данайлықтар -
Мұнай құбырлары арқылы қалаға кіріп алғаннан кейін,
енді жұмыссыз қала ма адайлықтар?!
Енді адайлар қай жерге бару керек? –
Қай мекенде күн кешіп қалу керек?
Әлде олардың өз жерінде тұрғандығы қате ме?
Неге мұнда өздері емес бөгде біреу, жат еге?!
Сонда деймін, бұл мекенде кімдер баяу, кім жылдам?!
Ұлтты атуға қалай бұйрық бердің екен, Нұрсұлтан!
Әй, қанішер, мұң-сұлтан!
14.09.2014
Павлодар, СИ-14, кича, ПКТ-ШИЗО,к.36
Ахиллестің қылышы және Ұлт үшін күрес
(Жайна Айдарханға)
Эпиграфтар:
1)«Гнев, богиня, воспой-
Ахиллеса, Пелаева сына…
Боги Эллады забили героев?-
Томятся герои в застенках,
Алчные коршуны вьются над ними…»
(Гомер, «Илиада»)
2)« Отқа оранды өзіңізсіз Жүрек деген
Сағыныштан күн санап жүдеп келем,
Жаман ойдан өзіңді жасырамын
бұл артынан күн шығар, үміттенем!»
(Ж.Айдархан, 2009.)
«Отқа оранды өзіңізсіз Жүрек деген» деп жазыпсың
бізді екіге айырғанда уақыт –
сол оттың қойнында құштарлығыңмен есімді аласың қазір
сағынышыңды жағып.
Сен менің жарым да жаным да болғансың –
қарулас досым да мәңгі,
біз кейін «АЛАШ» пен Революцияға ат басын бұрдық,
бейне бір ежелгі баһадүрлер сынды!
Эх, самиян даланың батырлары-ай десеңші –
Элладаның қаһармандары ғой, әне,
Арийлер –Арғындар ұрыс даласында –
теңіздегі аргонавтар және!
Әруақ, әруақ!
Ха-ха-ха!
Ал сен менің Жайнамсың –Еленамсың сұлу
мен сенің Барысыңмын –Парис,
Мөп-мөлдір махаббатымыз болса –ұлы Алаш Революциясы.
Біздегі «Илиада» -Ұлт үшін ұрыс!
Ура! Алға!
Ха-ха-ха!
Алайда әзірше бұл жеңіс біз жақта емес–
Жеңуде Зевстің сүйіктісі Менелай қаған.
Тақ үшін өз жерін тарыдай қылып бөлшектеп тастап,
күн кешкен айлакер адам!
Гомердің «Илиадасында» оқиға осылай өрбіген екен
Одан бері мыңдаған жыл өтті, мұңлық.
Қазіргі Назарбай емес пе -Менелай деген
жасаған істерінің барлығы шындық:
ПЛС үшін –президенттік тақ
себебі ол деген айлакер адам
бар қазақ жерін
және барлық табиғи кендерді
көзімізден зым-зия қылатын қаған.
Менелай сатқын –Назарбай секілді маған.
Ха-ха-ха!
Трибуналдың астында
Менелайды да, Назарбайды да...!
Ха-ха-ха!
Тағы да қайтадан Гомерден
(Өмір шалға сенем мен!):
«Қайықты ескекпен есіп
Стикспен жүзіп келеді шаршаңқы Харон...»!
Ал бүгін Ахилесстің қылышы – сөз қылып жаратып,
түрмеде күн кешкен АРОН!
Әруақ! Әруақ!
Ха-ха-ха!
Ахилестің қылышы Ақ орда –Трояны қиратып
ал өзі уланған жебеден өлген.
(Аулақ!
Аулақ!
Аулақ!
Ха-ха-ха!)
Солайша ол қылышы ұрыс даласында жоғалып кетіп
Қазақстанда қайтадан дүниеге келген!
Ура! Алға!
Ха-ха-ха!
Ал мен болсам өмір мен өлімнің өліарасында кармалық тағдырдың иірімінде жүріп,
Ахилесс қылышын арқалап келемін
Революция қынабына өлеңімді тығып.
… «Отқа оранды өзіңізсіз Жүрек деген» -
деп жазады Жайнам –Еленам –ұқсайды мінез
Біздегі махаббат Ұлы Алаш Революциясы
Ал Илиадамыз –Ұлт үшін күрес!
Әруақ! Әруақ!
Ура! Алға!
Біз жеңдік!
Ха-ха-ха!
Аударған Файзулла Төлтай