Нұрхалық Абдырақын. Заңғар

ӘДЕБИЕТ
1243

Әңгіме

Теңіз қайраңындағы Шаңхай құмырсқаның илеуіндей құж-құж етеді. Еуропалық үлгідегі ескі ғимараттары мен бүгінгі Пудоңтың зәулім ғимараттары қатар иін тіреседі. Сюйжияхуи храмының трезвон үні, Будда ғибадатханасының исті таяқшасының түтіне ұласқан. Шанхай операсы, комедиясы, сахана симфониясы, балетімен басқа қаладан менмұндалап өзгешеленеді. Адамдар сан түрлі диалектіде бірін бірі зорға түсінеді... 


Нұрхалық Абдырақын

Күн төбеде сығрая қарайды, бір қымбат машина, неміс мейрамханасының алдында тұмсығын тірей тоқтады, есікті ақырын ашты, ақ түсті қайыс етіктің қонышы көрінді, әне өкшесі де жерге тиді, еңгезердей жігіт шықты, шалбарының қыры пышақ дүзіндей, костюмінің тігісінен оның оңтүстік жол аллеясыдағы атақты тігіншінің қолынан шыққаны айтпасада көрініп тұр. Сызығы бар жейдесіде арзан қол емес, мойнының екі жағында қатып тұр. Жанды сергітетін жібек бас кимі тіптен тамаша. Ол баяу басып, өзіне жақсы таныс Шанхайлық стильдегі қара түсті тасқақпалдақтан көтерілді. 

Кермаралдай керіле шипау киген, биік өкшесі тақылдаған, толқын атқан бұйра шашынан әдемі исі бұрқырап, қыпша бел, қиғаш қас, талдырмаш денелі ару бұраңдай есік ашты... 

Кіре берісінде кішігірім тиянжиң. Одан өткенде қонақ бөлме, содан кейін тағы тиянжиң оның жаныда пеш және артқы есік. Тиянжиң мен қонақ бөлмесінің екі қапталында жапсырма бөлме, бірінші қабатта ас бөлме одан ары павильон оның үстінде балкон. Маңдайшалық үш бұрыш безендірілген.

Шаңхай дәстүрлі қытайлық ерекшелігін еш жоғалтпай бүгінгі заманауи қалаға айналған. Ежелі жұпыны балықшылық қыстағы, батыстың толық қанды жаулауымен әлемнің ең атақты қаласына айналды. 

Газ, электр жарығы, ауыз су, телеграф, телефон, көшеге су шашатын машина, Трамвай т.б., автомобилдің барлық түрі толығымен батыстық үлгіге ауысты. Адамдар батысқық костюм киіп, батысша тамақтанды, кофе ішетін болды. Тігін машинасы мен электр желдеткіш қолданды. Григориан күнтізбесін пайдаланды. Батысша үйлену тойын жасады. Әйелдер қоғамның әр саласына жұмысқа араласты. Кітапхана, музей, т.б. бәр-бәрі ашылды. Билік бөлісі, полиция жүйесі, соттағы ақтау жүйесі, жол қозғалыс ережесі және қоқыс тастау ережесі түгелімен батыстық жүйеге көшті. 

1903 жылдың өзінде Шанхайға 3000 зиялы қауым жиналды, олардың ішінде үздік оқытушылар, атақты баспагерлер, танымал аудармашылар, қытайтанушылар, әдебиетшілер, заңгерлер, саясаткерлер және т.б. болды. Бұлар Қытайдың саяси, идеологиялық және ғылымының дамуына тікелей әсер етті. Сол кездегі Шанхай болмаса, бүгінгі осы заманданған Қытайда болмас еді.

Дәл осы алып қалаға шалғай ауылдан қазақтың қара домалақ баласы Заңғар Алла тағаланың өзіне шашқан ырыздығын теріп жеуге келді. Қытай «батыс өңірді зор күшен ашамыз» деп ұрандады. Ақ бас кәрі қытай түс көрді, бұған діні берік, ділі мықты ұлттық тәрбие кедергі болды деп оянды. Ұл қыздарын 14 жастан бұрын қорғанның ішіне кіргізіп «дәу ет» жегізіп, қанын бұзып, ойын кірлетіп, өз баласын өзі танымастай етіп өзгертсек деп ойлағанда қуаныштан қуарған жүзіне қан жүгірді. Патша дарындылардың сөзін жерге тастамай тыңдайтын әдеті бойынша үлкен жоба етіп бекіттірді. Ақ бас шал жеті ұрпағына жететін ақшаның астына қалды. Дініне берік аз ұлттардың баласына топырлатып грант бөліп жақсы оқитын ұл-қыздарды үлкен қалаға барып оқисыңдар деген желеумен отарабаға мінігізіп тасыды. Ата ана мәз, ішкі қытайда оқыған баламыз ертең жақсы жұмыс табады, қытай тілін жеттік меңгереді деп, бірақ заңғардың әкесі мемлекет заңы болған соң амалсыз ұлын жіберді, ағайын туысына бір шәугім шайын берді, оқуға жүредре ұлына «ешқашан қытай қызға жолама, аяғыңды шағам» деп ескертті. 

Заңғар Шанхайда мектеп бітірді, сонда жоғары оқу орнына түсіп, атақты Пудан университетінің үшіші курсында оқып жүр. Ойы мен бойы, келбеті мен кесімі құп жарасқан оған өзі оқитын эконмика басқару факультетіндегі барша хан ұлтының ұрпақтары қызғана да қызыға қарады. Ежелгі бізді жаулаған Ғұндардың ұрпағы-ғой деді тарихтан сабақ бертін әйел мұғалым ішінен. Курстастарының арасында оның ойы озық, сөзі анық әр дүйсенбідегі ту шығаруда Заңғар қызыл шапан, ақ шалбар киіп туды шығарады. Сенбідегі сабақтан тысқары іс шараларада факуьтеттің орынбасар деканы Заңғардың айналасына жиналыңдар, оның бойы бәріңнен биік тез көрінеді және ол аса белсенді деп мақтайтын болды. Қыздар басқаша ойланды, Заңғар туралы Шаңхайдың бір генаралының ерке қызы әкесіне айтып барды, генарал үнсіз көз жұмды. Айнадағы орсақ тісі мен қыртыссыз көзі, пұшық мұрны, шұнақ құлағына қарап алғаш рет өкінді. Бес мың жылдан бері, тіпті анау өз елінде өздерін жаулаған Ғұндар, Таңғұттар, Кидандар, Маңғолдар, Қара қытайлар кезінде де қан жаңартпай тектерін барынша таза сақтаған. 

Орта бойлы Уаң Чиянроң Заңғарға жақындаудың сан түрлі жолын қарастырды, ақыры жаздың бір күніде Зңғарды малту көлшігіне сае мәрте ертіп барды, әдемі сәнді сарайдан бірге тамақ ішті, ақыры ойын білдіріп оған ғашық екенін жеткізді. Заңғарда үнсіз қалды. Сол күн Заңғар түс көрді, түсінде әкесі қамшысын үйре «олар кітап түспеген кәпір қауым» деп ескертті. Заңғарда ол қызды іштей ұнатқан еді. Енді сан ойдың арасында арпалысты. Түс түлкінің боғы демеуші ме еді, қытай болса не болыпты, дінге кіргізіп, мұсылман жасам болды емес пе? Бірде осы әңгімені шомылып жүргенде айтқан, ол кет ары емес, сен қаласаң мен сенің дініңді қабылдаймын деген. Сонда малти алмай жүрген Заңғардың аяғын сондай күшті сезіммен қыз қыса жұптастырғанда оның жыланның аузынан уы судың түбіне қарай ағып еді. Уаң Чиянроңнан алыстау оған оңай болмады, тағы екеуі қолтықтасып қыдырды. Ертесі сабақта отрыған Заңғардың құлағна әкесінің «аяғыңды шағам» деген даусы саңқ ете қалды. Шошып кеткен Заңғар қыздан алыстау басқаша қулыққа барды. Сан түрлі сылтау тауып онымен қыдыруды мүлдем қойды. Баяғы үздік студент қалпын бұзып, сабақтан көп қалатын болды.

* * *

Заңғар үшінші кусқа зорға көшті, қызда өзі сияқты озат оқымайтын болашағы бұлдыр одан үмітін үзді. Орта азиядан, Ресейден келген саудагерлерге аудармашы болып қытай тауырын өткізіп беруді жақсы үйренді, қытай жағы он пайыздан жоғары үлесін берсе, сатып алушыда аудармашы болғанына еңбегін төлейді. Заңғар Қазақстанан келген қазақтарға бағаны сындырды, аударма қызыметіне ақша алмай жомарт мінез көрсетті. Заңғарға екі жақта риза «сенім болса бәрі болады» деген қытай саудагері талай рет оны сынап көрді, анасынан алған жан тазалығы қожайынды қызықтырды. Жарты жылға жетпей Заңғар оның саудадағы негізгі өкілі болды. Күндер ауысып, айлар сырғыды. Қазақстандық Серікпен жақсы дос болып оны Шанхайдың талай заулім сарайында қонақ етті. Таварды ең төменгі жеңілдікпен берді. Даладан жұққан қазақи кіршіксіздігі мен аңғалдығы Заңғарды сенген адамға өзін толық беретін еткен. Ал Серік орайы келсе орға жығуға дайын, көзі ешқашан бір орында тоқтамайтын, жылтаң көз сары жігіт Заңғарға жақсы дос, жақсы аға болып Қазақстаға қонаққа шақырды. Заңғар кезі келгенде барамыз аға деп, жымиды. Енді Жау текті қытайдың таваран Серік шаңхайға келмей-ақ Заңғар вагонмен жіберді. Олда ақшасын уағында жіберіп тұрды. Қытай «байқа Заңғар» деп ескерткенде «сенімді адам» деп, бір өзі бар жауапкершілікті мойнына алды.

Заңғар түс көрді. Серік досы басында қазақи тақиясы бар Шаңхайға келіпті, ауыр жүк арқалап жүрген вагзалдағы талай адамға көмектесіп жақсы адам болып жүр, артынша жанындағы досының қалтасына қол салып ұрлық жасады. Түсіне мән беремеді. 

Көп ақшаның таварын Серікке жіберіп тұрып Заңғардың жаны қобалжыды. Бұрын ол болмаушы еді бұл жолы басқаша ойларға ерік берді. Жоқ, Серік ондай жігіт емес дейді өзіне-өзі күбірлеп. Апта өтті, айға жуықтады ақша келмеді. Заңғар қанша мәрте қоңырау шалып, хат жазады еш кері байланыс жоқ. Кейін «бұл нөмер тіркелмеген» деген үнді естігеде Заңғардың бар үміті үзілді. Қожайын Заңғарға ақшаны орнына тездетіп қой деп өктем үн қатты. 

Заңғар не істерін білмей, жалғыз жолы өлім деп шешті. Белдігін босатып жатып ой келді... Өлсем барлық мәліметімді универден алып қытай қожайын ауылма барса, байқұс әкем мен шешем мені жоқтап жылап отырғанда үстерінен қара таудай қарыз басса оларда өліп түсер. Арғы дүниеде Алла Тағала есеп алады, әке-шеше ақысын өтемей, өліміне себепкер болсам. «Әке мен шешеге барынша қызмет етіңдер, оларға еш уақтты кейістік білдірмеңдер, Жартушыға серік қосу болмаса, ұл-қыздарлды әке-шешесіне сәжде жасатар едім» деген сөзі әкесінен талай естіп өскен, ол кезде ертек сияқты көретін, енді міне шын екеніне сенді. Ал кәпір иманыңды сұрайды. Шошып кетті. Қой ауылға өзім тірі кезімде барайын, белін қайта буынып, от арбаға билет алды. 

* * *

Екі таудың арасындағы алақандай ауылына мойны салбырап келді. Кәрі әке-шешесі баласы көріп қуанды, әкесі Заңғармен оңашалап сөйлесті. Бар әңгімесін айтты. Әкесі жалғыз ұлы үшін ауылдағы мешіттке барып иммамға шындықты жеткізді. Жұма намаздан кейін жұрт толық жұмылып Заңғарға жалғыз атын сатып тиындарын жинап, он күнде қарызды қайтаратын ақшамен Шаңхайға жіберді. Неше түрлі ойда дөңбекшіген Заңғар ауылдастарына басын иіп ұзақ рахмет айтты. Оқуы жалғап 4 курысты оқып жүрді. Тағы бір күн ағылшын саудагеріне аудармашы болып Шанхайдың теңіз жағасындағы ең қымбат районындағы үлкен компанияға барды. Бадырақ көз қара қытаймен танысты. Заңғардың орыс, ағылшын, қытай тілінде еркін сөйлегені, елпек қимылы оған қатты ұнады. Шетелдікпен сауда біткен соң Уаң текті бай қытай Заңғарды өзіне жұмысқа келуін өтінді. Заңғрада тез келісті. Алайда аузы күйген үрлеп ішеді дегендей ол өте сақтықпен бар жауапкершілікті қытайға беріп сауда жасады. Бір күні Заңғар қожайынға ішіндегі бітеу жарасын ашты. Аты кім? тегін айт, мен сөйлесіп көрейін деді. Ертесі Заңғардың қолфонына баяғы ақшасын бермеген Серіктен келте хат келіп түсті. Ақшаңды қайтарам, есеп шотыңды жібер деген жазуды көргенде көзі баданадай болып кетті. Әп-сәтте ақшасы түсті. Қуана Уаңға барды. «Менің байланысым Қазақстанда үлкен билікте отырғандармен» деп жай сыбырлады. Балық үндес бақа тілдес.

Ауылға келіп Заңғар бар қарызын қайтарды. Елі-жұрты біз Алла ризалығы үшін бердік қарыз емес деседе сыйлықтарын жасап барлық елдің ақшасын толық қайтарды.

* * *

Заңғар Уаң текті қытайдың компаниясында сенімді менижердің бірі болып жұмысын жасап жүрді. Бір күні бастығы оны шақырып «сен Қазақстанға барып біздің компанияның бөлімшесін аш». Заңғар ойлануға үш күн сұрады. Осы жолы қайтарда Әкесінің қанадай бір іске басың жетпей қиналсаң истахара намазын оқып Алладан сұра дегені бойынша жатарда екі ракағат намаз оқылы. Таудың аржағында күлім деген күнді көріп оядын. Жақсылққа жорыған Заңғар келісті. Алматың төбесін айнала қонған ұшақтан Заңғардың табаны қазақ жеріне алғаш тиді. Есіне Серік досы түсті де, одан селік етіп шошынды. Аталар рухына тағызым етті, әр қаланың өз рухани иесі де киесі де болады деген әке сөзі бойынша Алматыдағы Раймбек батырдың аяғына барып, шырақшысына Құран оқытып садақа тастады. Құлағы тұып, көзі қараутып кесене басында ұзақ отырды. Көңіліне бірде қорқыныш, бірде жубаныш келді. Есін жиып батырдың найзасының орнынан шыққан судан құшырлана жұтты, бетін жуып тез сергіді. Орнынан нық басып тұрды. 

Бастығының «әуелі Алматыдан ең қымбат үйдің бірін сатып ал» деген тапсырмасын орындауға кірісті. Тау жақтағы алпаут үйлер бастабында оны маңына жолтпай қақпасына кіргізбеді. Бір жетіден соң оған көп есіктер ашылды. Бастығына көрген үйдің видиосын үйчатқа жіберді. Ол көбін ұнатпайды. Ақыры бір үй ұнады. Үй иесі Шал мен кемпір бастабында сенің ақшаң жете қоймас балам деп, жақтырмай тіл қатты. Жігіттік намысына мінген Заңғар айтқан бағаңыздың үстіне 500 мың қосып аламын дегенде кемпір-шал өз құлақтарына өздері сенбей бір-біріне қарасты. Ақшаны аударатын есеп шот сұрады. Австралияда тұратын қызына аударуды. Айналасы он бес минутта ақша түсті деп қызы қоңырау шалады. Үйді босатыңыздар деп, Заңғар жаңа қожайын болды. Шал-кемір екі күн рұқсат алып үйді босатты. Үш қымбат машиа ал. Екі апта қатарынан бір көлікті мінбе, және шаң жұқтырмай жудырып отыр деп Заңғарға бастығы батпан құйрық несібе береді. Әке- шешең ұнаса оларды Қазақстанға көшіріп ал, бір ауылдан үй алып беріп, мал алып бер, сосын өзіңе ұнаған сұлу қызды тауып үйлен «ақша менен қарекет сенен» дейді әр кез Уаң бастақ. Команияда жұмысын бастады. Заңғар әке-шесін көшіріп алды. Қызыл алма жеп өскен аққұба арлы қызды өзіне некелі жар етті. Қытайдың үлкен компниясын басқарды. Бүгінде Алматы көшісіне әдемі машина мінген қоңқақ мұрын қара жігіт көрсеңіз сол Заңардың дәл өзі.


author

Нұрхалық Абдырақын

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...