(Әңгіме)Темірбек оқып отырған кітабын сол қалыбында қалдырды да, терезенің алдына барып көзін алысқа...
АСАФ ҺЕЛЕТ ЧЕЛЕБИ. Өлеңдер
ТАҚТАДАН ЖАСАЛҒАН АДАМ
тақтадан жасалған адам
нәр тату дегеннің не екенін
сөйлесу дегеннің не екенін білмеді
мейірімсіз көздерімен
көз жетпейтін жерлерге қарайтын
тақтадан жасалған адам
бір уақытта
ауа жұтқан жіп-жіңішке жапырақтары болғанын
топырақты сүйсініп жеген
талшықтан да жіңішке ауызының болғанын
есіне алады
тақтадан жасалған адам
ағаштан ұзақ қалып
адамдарға ұқсай бастады
бірақ ол
ағаш та
адам да болмады
ИБРАҺИМ
ибраһим
қолыңдағы балтамен
ішімдегі пұттарды құлат
құлаған пұттардың орнына
жаңаларын қойған кім
күн менің мұздан үйімді қиратты
алып мұздар түсті
пұттардың мойындары сынды
ибраһим
күнді үйіме кіргізген кім
аспалы бағымда серуендеген арулардан
бухтуннаср пұт жасады
мен сонда мезгілсіз аспалы бағымды құшақтап тұрдым
арулар менде қалды
ибраһим
көңілімді пұт деп ойлап жыққан кім
ҰРЫ
терезеден кірген ай жарығы
бұл үйде ұры бар
ай жарығында
терезеде отырған
мені көремін
есікті тоқылдатсам
ішінен мен шығамын
ішінен шығатын мені
қалай көргім келеді, десеңші
терезедегі мені ояту керекпін.
үйде ұры бар
сол үйдегі ұры
мен бе екенмін деп қорқамын
ҚҰСҚА КӨРІНБЕ
әр таң сайын
бір құс менің нәпәқамды алып келеді
ол құстың қолынан
қай жаққа қашып кетейін
құдықтардың ішіне тығылсам
құдықтарға кіреді
шатырдың астына қашсам
шатырдың астын да біледі
табыттықта жатсам
әр таң сайын тауып алады мені
кел қыз
менімен тыбықтыққа кір
қос анарың қан ішінде
аяқтарың жаралы
нәпәқамды бірге жейік
және
көнетоз шүберегің жылытпайды деп маған жақында
кел қыз
менімен табыттықтың ішіне жатшы
бірақ таңертең ол құсқа көрінбе
ҮҢГІР
ішімдегі үңгірде
сүйегі шіріген өлілер жатады
миығынан күлген зүмріт тас
жақұт
төсек ішінде
кезінде
мені шығарып салуға келген
қарақшылар
ішімдегі үңгірде
үйілген кітаптар бар
жақыннан қараған сәтте
суреткерлердің көздері жайнайды
содан соң сөйлейді
бәрінің келбеті келбетім секілді
көздері көздерім секілді
НИРВАНА
қараңғылыққа өтейік
қараңғылықтан өтейік
өлім де емес
ұйқы емес
һәм ұйқы
һәм өлім
ішіме кір де ұйықта
содан соң үлкейе бер шексіз
бояуларды ұмыт
пішіндерді де ұмыт
барлығы менен
ешбірі
түнді
және екеумізді жұтты
нирвана
Аударған: Файзулла Төлтай