Астанада ақын Берімбай Ысқақұлының 80 жылдығы аталып өтті

ӘДЕБИЕТ
1402

Астанада Монғолия жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Берімбай Ысқақұлының 80 жылдығына арналған "Елдің құны елінде" атты еске алу кеші өтті,-деп хабарлайды  madeniportal.kz порталы e-history.kz-ке сілтеме жасап.


Кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері,  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен ақынның қаламдас достары,  ұрпақтары, студенттер қатысты.   

Шығармашылық кеште ақынның үш кітабының тұсауы кесіліп, ел ағалары құттықтауларын жеткізді. Гүлмира Сарина, Аллажар Қайбарұлы, Ықылас Ожайұлы, Өзгеріс Шерікбай, Дінисламбек Жайлаудай т.б өнер майталмандары өнер көрсетіп, ақын  Берімбай Ысқақұлының шығармашылығынан өлең-жыр оқылды.  

Берімбай Ысқақұлының 20 шақты авторлық әндердің авторы. Ақын 2010 жылы 2 наурызда Астана қаласында дүниеден өтті. Берімбай Ысқақұлының еңбегін Моңғолия мемлекеті жоғары бағалап, «Еңбек қызыл Ту», «Алтын Жұлдыз» ордендерімен, тағы басқа медальдарымен марапаттаған.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...