Жазушы әрі ғалым Мұхтар Мағауин сексен жасқа толып жатыр. Менен бір курс жоғары оқыған онымен дос-жа...
Бақыттың қайда екенін кім біледі?
Осы шағын мысалды зейін қойып оқып шықсаңыз, өміріңізге өзгеше көзқараспен қарауыңыз да мүмкін.
Бір жолы бір топ құдай бас қоса қалады-мыс. Ермек үшін әр нәрсені айтып отырады. Сосын ішіндегі біреуі жұлып алғандай:
- Осы адамдардың бір нәрсесін тартып алсақ қайтеді? – дейді.
Оған келесі құдай:
- Несін тартып алу керектігін ішім сезеді, ол – Бақыт. Тек оны қайда апарып тығар екенбіз, қанша іздесе де таба алмайтындай етіп? - деп дал болады.
Енді біреуі оны биік шыңның басына апарып тастайық десе, тағы біреуі:
- Бұл болмайтын сияқты. Адамдар сондай қажырлы, қанша шаршап-шалдықса да олар тауыдың басына шығып тауып алады, - деп мұңаяды.
Сонан келесі құдайдың ұсынысы мынадай болды.
- Бақытты ең түпсіз деген теңіздің тұңғиығына тасталық.
Оған да өзгелері қарсы шығады.
- Адамдардан асқан сұғанақ жан иесі жоқ, осы өз қолымыздан шыққандардың арасында. Олар қайдағы бір машинаны ойлап табады да теңізіңді тесіп өтуден тайынбайды!
- Ондай болса, басқа бір ғаламшарға апарып тасталық...
- Есіңде ме, біз оларды керемет ақыл-ойлы қылып жаратқанымызды? Бұл да бұйым емес, ғарыштық кеме жасайды да ойына келген жаққа самғап кете береді.
Сонда арасындағы ең дана, ең қарт құдай былай депті-мыс.
- Олар керек нәрсесінің барлығын күллі өмірін сарып етіп, сырттан іздейді. Ал, Бақыт - өз жүрегінің бір түкпірінде жатыр-ау деген ой ешқашан да қаперлеріне келмейді. Сондықтан оны сонда салып, жасыру керек.