Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

ӘДЕБИЕТ
2030

Бүгін қазақ поэзиясына ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған орай Талдықорғанда ақынды еске алу мақсатында арнайы шара өтті.

Жиналған қауым алдымен «Жастар» саябағында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, мұзбалақ ақынның рухына тағзым жасады.

Осыдан кейін мектеп оқушылары жыр дарабозының  туындыларын орындап, өздерінің арнау өлеңдерін оқыды.

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО» КММ-нің 6″А» сынып оқушысы Қанағат Мұқажанұлы

Ассалаумағалейкүм, ақын аға,

Өлеңің қуат берер, тал бойыма.

Келемін өзің жүрген іздеріңмен,

Жүреді өлеңдерің үнемі ойда.

 

Мен — ұшқын өзіңізден үлгі алатын,

Мен — сұңқар сізге ұқсап, жыр жазатын.

Ақиық ақындардай шабыттансам,

Қарымды қаламым ұшталатын.

 

Ақындардың ішінде кемеңгері,

Асылдың сынығына тең келері.

Сізге арнап жаздым осы арнауды,

Поэзия шыңының асыл ері.

Ал, ақынның көзін көрген қариялар мен жыр сүйер қауым Мұқағали Мақатаевтың поэзиясынан сыр шертіп, естеліктермен бөлісті.


Аталмыш шарада ақын Ерлан Жүніс: — Қазақ ұлты өз еркімен екі ақынның туған күнін тойлайды. Оның бірі Абай болса, кейінгісі Мұқағали. Осы орайда бұл неге деген сұрақ туындайды ғой. Абай — қазақ рухының, қазақ пәлсапалық ойының үлгісі, ал, Мұқағали қазақтағы адам сүйгіштіктің, ұлы гуманизімнің, отанды сүюдің ерекше бір жолын көрсетіп кеткен ақын. Сол себепті халық бұл қос ақынды ерекше құрметтеп, жақсы көреді, — деді .


Одан кейін сөз алған ақын, журналист Жұматай Оспанұлы өзін Мұқағалидың жерлесі ретінде таныстырып, ақынға деген ерекше ілтипатын көрсетті. Поэзия тарланының бірнеше өлеңдерін де тебіреніспен оқып берді.

Данияр Сағындық

Редактор

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...