Досхан Жылқыбай. «Айбоз» әдеби сыйлығының дауы

ӘДЕБИЕТ
2180

Биыл еліміз бойынша «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығына үздік шығармаларға байқауы жарияланып, кеше соңғы нәтижесі жарияланған. Енді осы бәйгенің номинациялары бойынша  қатысушылар мен әдебиетші қауым ішінде  дау өршіп тұр. Ол туралы бүгін белгілі аудармашы Баян Хасанованың жазбасын жариялаған едік. Енді танымал жас жазушы Досхан Жылқыбайдың facebook парақшасындағы осы сыйлық төңірегіндегі көзқарасын қос назарға ұсынып отырмыз. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан берілетін жауап болса, оны да жариялауға дайынбыз.


«Айбоз» әдеби сыйлығы турасында біраз тартыстың шеті шығып жатыр.

«Үздік аударма» номинация бойынша Баян Хасанова сөз қозғады. Мәдениет министрлігіне сауал жолдапты. 



Өзім қатысқан «Үздік комикс» номинациясы бойынша финалға өттік. Нәтижесінде Жантас Набиолла атты ағамызға жүлде бұйырыпты. «Жетпіс палуан» комиксімен. Бұйырсын айттық. 

Бірақ, сол кісімен ортақ достығымызда бар бір кісі ол комикстің бұрын жарияланып қойғанын айтып, скриндер жіберді. Суретке жүктеп отырмын. Инстаграм сілтемесін де салып отырмын. Осы жылдың тамыз айында жарық көріп, тіпті сатылымға шығып кеткен комикс екен. 



Ал осы байқау басталарда Мәдениет және спорт минис­трі Д.Абаев: «Басты мақсатымыз – төл әде­биетімізді тың дүниелер­мен толықтырып, оны жаңаша биікке көтеру, сондай-ақ ұл­ты­мыздың әдеби мұрасын молайтып, отандық әдебиетке жаңа серпін беру» деп еді. 

Бұл сөзді қойып, байқаудың шартында да «бұрын-соңды жарияланбаған» деген шарт болған еді. «Үздік комикс» деп танылған комикс байқаудың осы шартына мүлде жауап бермейді. 

Одан бөлек, шорт-листке еніп, Азат Шәуеевтің атынан ұсынылған екі комикс бар. «Қабанбай батыр» және «Бөгенбай батыр». Бұл екі комикс те 2018 жылы басталған «Ұлы дала аңыздары» атты комикстер сериясымен Президент қорының қолдауымен жазылған еді. Екі комикстің де сценарий авторы мен. Әрине оны жазғаным үшін ақысын алдым. (Бірақ бұл тұста да өзінше нюанстар бар. Ол туралы тым терең кетсек айтармын). Ақысын алдым, сондықтан авторлық құқына таласым жоқ шығар деп үндемей отырмын.

Өйткені, идея авторы сол кісілер. Мен тапсырыс орындаушымын. Десек те байқаудың шартына аса сәйкес келмес. Оның үстіне мұндай байқауларда мұндай үлкен қаржымен жасалған проекттердің қатысуы енді бастап келе жатқан авторлардың жолын жауып тастай ма деймін. 

Сонымен «Үздік» деп танылған комикс бұрын жарияланып, тіпті сатылымға шығып кеткен. Ал шорт-листке енген екі комикс бұрын жазылып, сценарий авторы мен суретшісі мүлде көрсетілмей, идея авторының атынан ұсынылып отыр. Бұл заңға қайшы, қайшы емесін мен білмеймін, бірақ. 

Астына комикс авторын, мәдениет министрлігін және Дәурен Абаев мырзаны белгілеп кетсеңіздер. менің достығымда жоқ екен. 

«Жетпіс палуан» комиксінің сілтемесі:

https://www.instagram.com/p/Chcsbd9M4Ee/?igshid=ZmRlMzRkMDU=

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...