Екеуі екі жаққа тарта берсе (кертолғау)

ӘДЕБИЕТ
2444

Үміттеніп жүресің! Үмітіңді үзгің келмейді-ақ! Әй, әлі де болса ойланар, ес жинап, ортақ іске жұмылар деп армандап қоярың тағы бар. Сөйтсең... баяғы жартас -бір жартас! 

Әңгіме – драматургия мен театр саласының адамдары жайлы. Драматург – кестелі де көркем сөзбен халқына ой айтудың маманы! Театр саласының өкілдері (режиссер, актер...) іс-қимыл мен қозғалыс арқылы өз ойын жеткізудің маманы! Екеуі, қалай десек те, бір-бірінің міндетін оп-оңай меңгеріп, дөңгелентіп әкете алады десек, жаңсақтық! 

Бірақ бір нәрсе әрдайым есте болуы шарт: драматургтің ойлы да кестелі жазбасының астарынан әсем сөз-оралымдарға көмкерілген қимыл-қозғалыс, тартыс пен шиеленіс тауып алуға бек болар: ал, қоюшы режиссер көркем сөзді қайдан алады; өзі жазар болса, оның барар жері белгілі; орашолақ тіркестердің осы күні сахнаны бүлдіріп жатуы да осының кесірінен... 

Сынап-мінеу ойымызда жоқ, тек... соңғы уақыттағы театр саласындағы «білгіштердің» драматургтерге «ағалық» жасап, көсемсіп кететініне қынжылыстан соң тілге тиектеп жатқанымыз! Тап осылай екеуі екі жаққа тарта берсе, қайран ұлт драматургиясы, сенің де заманың өте бастағаны да...

Жолтай Әлмашұлы

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...