Ербол Тілешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

ӘДЕБИЕТ
3137

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы madeniportal.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ербол ТілешовЕрбол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.
1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарды.
2002-2004 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.
2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.
2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.
2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.
author

Ербол Тілешов

СЫНШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...