Ерлан Нұрдықанұлы. Іздеу (поэма)

ӘДЕБИЕТ
779
Ерлан НұрдықанұлыЕрлан Нұрдықанұлы 1 
 
Шүңет көздің тереңіне түнеп нұр,
Тас түнекті қақ тіледі. 
Тым өткір! 
Оның соңғы көрген түсі сияқты 
Ой түбіне жасырынған сурет бұл. 
 
Сол- соңғы түс. 
Кетті сіңіп ғарышқа,  
Жер бетіне көлеңкесін табыстап. . . 
Желдей есіп жетті сосын бір елес, 
Уысында қара тамшы қан ұстап. 
 
« енді маған алаңқыда мекен жоқ,  
Алақандай жетім қуыс жетер! » деп- 
Тапжылмастан жатып алған сол елес,  
Иен бөктер жым- жырттығын мекендеп. 
 
Санада бар,  
Санатта жоқ бұл мүсін, 
Қанмен жуған мылтығының ұңғысын. 
Көкірегіне сидырарма көп тобыр
Жалғыздыққа жақын барған қылмысын. 
 
Қызыл жіпке қыл мойнынан байланған, 
Қылмыс жайлы
Ояу аспан ойланған. 
Маңдайынан мейірлене күн иіскеп, 
Мадақ жырын арнау үшін ай барған. 
 
Тым ұмытшақ,  
Жане сондай адасқақ-
 
Адамдардың ақыл--ойын аластап ;  
Жасырынып жатып алды ақыры 
Мың тағдырлы,  мұң тамырлы ағашқа. 
 
Ағаш біткен алақанын жаяды. 
( құлағында құдыреттің аяны )  
Мынау ағаш- қасиетті домбыра,   
Анау ағаш- қайыршының таяғы. 
 
Таяқ болса,  бор кемік боп тозбайды,   
Ал,  домбыра? ?  
Бөзінгенше Боздайды. . . 
Болашақ боп іңгәләйді тарих,  
Ештеңеде өз тегінен озбайды. 
 
Домбырада табар ағаш анасын, 
Үнсіз ғана жазар ішкі жарасын. 
Қанатыңнан қан сорғалап,  кәнеки- 
Тірі дыбыс. . . 
Сен қайда ұшып барасың ?
 
 
               2
 
 
Құс бұтаққа қалай қонса жеп- жеңіл, 
Қыш кітапқа солай келдің сен де өмір. 
Құстар,  құстар. . . 
Көк аспанның серісі 
Сол құстардан соңғы сарын кем бе бұл?
  
Аспан асты тар болсада, 
Сол ноян-
Ақыйықтай екпінмен елге аян. 
Таң келеді. 
Мен келемін. 
Келемін. . . 
Ұйқыдағы асау тарих сенде оян! 
 
 
Талғамына жаққан жасыл шөп нілін,
 
Мына бізше сүйе білмек көкті кім? 
Санамызда самғап жүрген егіз сөз
Құс пен қазақ. 
Текті ұғым . . 
 
Бостандықшыл болсадағы ұшқанда,  
Көнудей- ақ көнеді екен құс торға. 
Адамдар ше?
Қандай шебер десеңші 
Бірін-бірі байлап--матап ұстарда. 
 
Қапастағы құйқылжыған құс мұңын
Көз жасындай мөлтілдетіп ішті кім?  
Олар- шайыр. 
Әсемдіктің перзенті 
Әспеттеген алақандар ыстығын. 
 
Керісінше-жұдырықтар түйілген,  
Қылша мойын талша талай иілген. 
Өңкей қара көлеңкелер 
Еңіретіп,   
Ақ сәулені сүйреп шықты үйіңнен. 
 
Заманалар. . . Запыран құсқан зар жылдар. . . 
Қанға бөгіп қай жылғада қалдыңдар?  
Бұғалықтан қашқан асау жылқыдай 
Жардан құлап жазым болған тағдырлар. 
 
Соның бәрі ескілікті аңыз боп 
Естіледі. 
Ескердік пе мән іздеп?  
Ой-дүниемді Нұрландырып қара шал, 
Жым- жырт көңіл түкпірінде тамызды от. 
 
Сол қара шал аузымен құс тістепті,  
Кісіліктің биігінен түспепті. 
Қасиетті кітаптағы ұғымға
Тербетілген. ( бұтақтағы құс текті) 
 
Қатал ғасыр қақ маңдайдан қамшы боп
Осып өтті. . . 
Ал,  жанарда тамшы жоқ!
 
Аққан қанның аянышты дауысы 
Тас бетінде күңіренген сан сурет. 
 
3
 
 
Есінейді неге үнсіз 
Ескі балбал жолға қарап ақ шаңдақ? . . . 
Жым- жырт,  күңгірт бейіт басында, 
Ақшамда 
Бір елес жүр ағараңдап,  
Ақсаңдап!   
Ағаштары ақсоңкеге айналған  
Құр бесікті майыстырған пәк салмақ. 
 
Түйсінемін мен де үнсіз, 
Түршігемін кешіп мұң,  
Қасыреті қандай ауыр бесіктің!  
Адамдардың санасында қалғаны- 
Замананың зары емес,   
Емес және уақыттың салмағы. 
 
Сөніп барып ,  қайта маздап жанам да,   
Өліп барып тірілем. 
Сәбилердің көз жасына сүрінем. 
Маңдайымда тағдырлардың таңбасы
Тамған шоқтай әждәһәнің тілінен. 
 
Ойлан,  адам!  
Ойлана көр әредік, 
Зар заманның запыранын кәне,  жұт!  
Көремісің:  
Көшпенділер тарихында ,  әнеки 
Көне жұрттың бәрі өлік. 
Кескіленген шәһит ана қойнында,  
Бөбек өлді сүтпен бірге қан еміп. 
 
Сөніп барып,  қайта маздап жанам да 
Өліп барып тірілем, 
Жас ботадай жар жағалап жүгірем. 
Зар заман ай!  
« майдай Еріп терлігі,  
Тебінгі терге шіріген. »
Бейіт құшақтап дала қалған,  
Бесігімен бала қалған, 
Нарлар қалған жүгімен. 
 
Өмір- өлім. . . 
Ақ пен қара. . . 
Бақ пен нала. . . 
Барлығы да ауысып,  
Жығыса алмай келе жатқан тарихта, 
Тілып өтті дала төсін ,  тау Ышын
Жан шошырлық періштелер дауысы!
 
 
Сол үрейлі дауыстан  
Ат сүрініп,  
Құласада қара нар,  
Еңкеймеген таулар мен 
Піл сауырлы дала бар. 
Ал,  жүректе жазылмайтын жара ,  зар. . . 
Құр бесікті қаңыраған қалпында 
Күзетеді аңыраған аналар.
  
Күндіз-түні күзетеді,   
Күтеді,  
Тасқа айналып көне Зират басында, 
Сағынышын жалғап сансыз ғасырға,  
Қалады олар шексіздіктің шебінде,  
( сонау ғарыш шегінде. ) 
Атар таңның ақ сәулесі арулап, 
Ақша бұлттар айналады кебінге. 
 
Ана мұңы- дала мұңы. 
Әрине, 
Арқандалған ақ бөбегі сәбиге. 
Шөккен нардай қасыретін қалдырған
Көшкен бұлттай өтпелі бұл паниге. 
 
Үрке қашып үркінді ел, 
Шер көкірек шерменде әйел 
Нәлет айтып таңдарға, 
Ақ бесігін айырбастап қанжарға, 
Аттанарда ең соңғы рет барғанда- 
Жас молаға жалғыз тамшы махаббат 
Көз жасы емес,   
Ана сүті тамған ба?
 
Қасиетті, 
Қасыретті тамшы қан, 
Мың жүректі қорғасындай жаншыған. 
Алапат мұң аналардың көзінде, 
Аналардың жүйкесінде бар шыдам. . . . 
Ақ !   
Аға бер,  айналайын ақ бұлақ!  
Аналардың ақ саусағы аршыған. 
 
Аналар ай!  
Артық бақыт дәметпейтін жер-көктен. 
Ұжымақтың исі аңқыса жоргектен,  
Аналар ай!  
Ай Нұрындай пейілін,  
Күн көзіндей мейірін,  
Арда алтайдың жаңбырынша селдеткен. 
Аналар ай!  
Бір қолымен бесікті,  
Бір қолымен күллі әлемді тербеткен. 
 
Шүңетіндей бұл өткінші панидың 
Қатал уақыт кәрі иірім,  
Бәрін жұтып әкетседе 
Мен олардың қасыретін зіл батпан 
Сандықтастың салмағынан таныймын. 
Сонау ғасыр сорабынан іздеп кеп, 
Жүрегімді қызыл шоқтай қарыйды үн. 
Аналар ай!  
Сұлулығы,  жылулығы әр үйдің-. . . 
Ал , ақ бесік- патшалығы сәбидің. 
 
Бесік қой бұл- 
Тым аласа аналардың алдында, 
Һәм такаппар хан тағындай ғұндардың. 
Сәні кетті қылышында сұмдардың,  
Бәрі кетті уысында жылдардың,  
Арман өлді биігінде шыңдардың,   
Нарларолды иірімінде құмдардың. 
Атқан таңның,  
Батқан күннің,  
Көшкен бұлттың көз жасын 
Жым--жырт ғасыр шүңетінен тыңдар кім? !
  
Күн саңлағын тағдырым деп танырма,  
Түн салмағын түсінерме,  
Мәмілешіл мәңгүрт ұрпақ мәнді ұқпас. 
Көлгір дүние түк көрмеген,  
Тап- таза 
Қарақшының қанжарындай қан жұқпас. 
Тарихымды, 
Тағдырымды,  
Зар-мұңымды. . . 
Бауырына басып жатқан сандықтас. 
Сен ғанасың. . . 
 
4
 
 
Соны ұқтым:  
Мен- 
Ел шетінде,  жел өтінде тоңыппын. 
Нар кешуде,  Найза ұшында болыппын.
Шерлі дүние шеңгелінде- қабықпын,   
Абыз ғасыр арқасында- табытпын. 
 
Елдік десең,  орманымдай ойшаңмын,  
Ерлік десең,  тауларымдай бойшаңмын. 
 
Күн астында ғұмыр кештім Нұр құшып,  
Ұшқан құспен бірге ұшып. 
Маңдайымда- махаббат. 
Таңдайымда – Бұлбұл құстың әуені. 
Менің тегім тау елі. 
Дала болып қалу үшін дарқан ел 
Дана болып қалыптасқан әуелі. 
 
Ол туралы сөйлеу үшін бұл күнде,  
Жылқы жайлы айтпай өту мүмкін бе. 
Қарыздармын!  ағып келген сұрапыл
Сел сияқты
Жел тұяқты шіркінге.
 
Оу,  жалыннан жаратылған жануар,
Сенің ашшы теріңмен
Арыларма аластасам жарамды?
Қоймай тінтіп қойнауларды қарңғы,
Қанша мәрте ақтардым мен даламды. 
Сені іздеймін,
Іздеймін һәм бабамды. . .
 
Баран емес,
Қылаң еді мінгені
Айналдырп алды кімдер қараға!
Дегенменен,
Нұр тамызып санаға
Маздап жатыр жаққан оты далама.
 
Көз жасындай шық тілімен,
Иен түбек түкпірінен,
Қашанғы сол елесімен,
Қара шоқы төбесінен,
Ақ бұлақтар жағасынан,
Ақша бұлттар арасынан-
Еңіреп
Жылқы дауысы іздеп табар мені кеп. 
Сары садақ самғатады жебесін 
Адырнасы ала өгіздей мөңіреп. 
 
Жерге түспес жел қанатты жебені,  
Кеңістіктен кездестіргім келеді. 
Ақиқатты іздеп шыққан адамға,  
Аспан ғана ортақтасар деп еді. 
 
( соңы )
 
 
 
«Қамшы» сілтейді
author

Ерлан Нұрдықанұлы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...