Фёдор Достоевскийдің (1821-1881) – «Жертөле жазбалары» (Записки из подполья) он бө...
Есбол Құдайбергенұлы. Бір сипар
Әңгіме
Тербете ғой! Үмітіңді үзбе, қарғам!, - деп жабдықтаулы бесігін Мәрияның қолына ұстатып жатып өң-түсі белгісіз бір жан ғайып болады. Ояна келсе түсі екен.
Онсызда бала сүюден үмітін үзбей келген Мәрияның бұл түсі үміт ұшқынын шашыратады. Тұла бойын қуаныш кернеп, осы бір тебіреністі сезімін баса алмай, ойын бірден жеткізбек болып отағасы Серікті оятады.
– Отағасы, тұршы! Жағымды жаңалығым бар.
– Таң атпай не жаңалық? Түс көргеннен саумысың?...
– Иә, жаным, – деп Мәрия көрген түсін баянндады.
– Қндай тамаша! Неткен жақсы түс, жаным! Отасқанымызға он жылдан асса да, пұшпағың бір қанамаған еді. Ақ ниетіміз қабылданып, арманымыз орындалатын ұқсайды. Осы бағдардан жазбайық, алға бірге басайық!, – деп жан жарының мойынынан құшақтай алды. Сол күні ақсарбас қойды әкесінің алдына әкелген Серік:
– Ақ бата аяулы әке. Көрген түсімізге садақа жасаймын.
– Ал, бата десең міне бата.
Қызырың қияласын,
Бақ-дәулет ұяласын...
... ... ...
Күндер зулап өтіп жатыр. Аманына жетуге екеуі береке-бірлікті күшейтіп, бұдан да арман тату-татты өтуде. Әр күнгі болымсыз нәрседен қызық іздеп, сылдыр еткен нәрсенің өзінен балалары кәмпит салынған жерді сылдырлатқандай сезім кешкен екеуі тырқ-тырқ күледі.
Жазғытұрымның қары езіліп, көк майсасы еріне шыққан күннің шұғыласы шаңырақтардан астамси қарай бастаған шақта Мәрия екінші түсін көрді.
Ұлы дала. Іші әсемдікке толған, гүлмен көмкерілген ұшы-қиырысыз жатқан бау-бақшалы орман ғой.
Табиғат соншалық көркем болғанымен, ауарайы лезде өзгеріп, ойындағы бір ащы толғағын онан ары асқындырып, үмітсіздендіріп, жан-жағын қара түнек басып... Бүкіл табиғат, тау-дала, аң-құс қосанжарлап үн қатып:
– Сенің күйеуің қу бас. Бала сүйе алмайсыңдар.
– Жоқ, сүйеміз.
– Қу бастан қайтып бала көтересің, одан ертерек арыл.
– Жоқ, арылмаймын өлсем де. Үміт үзбеймін... Дұспандарым жоғалыңдар!
Жоғалыңдар!... Жоғалыңдар!.... Кетіңдер әрі! Жоғалыңдар!, – деп өз жастығын өзі жұмарлап, ұйқысынан әптігіп, шошып оянады.
Осы бір үрей ұялатқан, сенімсіздік пен сенімнің тартысына салған түсінен кейін бірер сағат суық тер басып, дегбірсізденіп, күңіренген қабағын қолымен басып жұмсартып тағы да отағасын оятады.
– Отағасы, шын үмітім үзілді. Түсімде де, өңімде де сені басқалар «қу бас еркек», мені «тумас қатын» атап жүр. Осы мазаққа төзе алар емеспін.
– Қойшы, жаным! Ел не демейді, түсіңе сеніміңді шайқалтып шала-пүла бірдеңелер енсе онда шайтан екеш шайтан да екеуміздің балалы болатынымызды біліп қызғанып жатқаны. Уәдемізді бұзбайық! Арман туымызды жықпайық. Ұйықта болды. Таң атпай түрткілегеніңді қойшы, –деп жымиып бетінен сүйіп.
Қайтадан ұйқыға кетеді екеуі. Ұйықтай салуын күтіп тұр екен үшінші түс өз терезесін ашты. Өріске толған төрт түлік мал, ақ боз үйлерден түтін будақтайды. Тазы иттер, томағасы тартылмаған қырандар. Сал-серілер ән салып... Билеп жүрген қыз-келыншектер, күмбірлеген күй үндері, кәдімгі қазақ ауылының көріністері көз алдынан өтіп жатады.
Осы көріністен жанына тоят алып, сергіп оянған келін үйінің түңлігін ерте түріп, отын ерте жағып, жаңа туған сиырының уызын дайындап енді оянған отағасыға қарай апара жатты.
Келіннің бауырының айтуынша, Әбілмәмбет хан мен Абылай ханға жолдас болған айтулы батыр, киелі ер Сүйіндік Олжабайбатыр қалмаққа қарсы жорыққа аттанып бара жатып ауылдың шетінен орын тауып, күркесін құрып түнеп жатыр екен.
Осы хабарды естісімен Мәрия амалын тауып батырдың күркесіне кіруге бекіді.
Ел-жұрт тынышталып, әбден ұйқыға батқан мезгілде, ешкімге сездірместен, батырдың күркесіне еніп кетеді. Қағілез батыр аяқ дыбысынан сырттан келген адам әйел екенін біліп, секем алып, қышылын қынабынан суырмастан:
Шырағым, салтты бұзып, ардан аттаған, жүрек жұтқан қай пендесің?
Күрке сыртындағы дауыс:
– Батыр еке, кешіріңіз! Борбайынан суы сорғалаған жалаң бұт жаман әйел емеспін. Сіздің атақ-даңқыңызды естіп, бұйымтайыммен келіп едім.
– Иә, кідірмей анық жеткіз айтар ойыңды.
Әйел күркенің ауызын ашып:
– Жұрттың бәрі байымды «қу бас», мені «тумас»,«жексұрын қатын» атап жүр. «Мергеннен сыралғы, батырдан сауға» деген киелі сөзге жүгініп, бір атым оғын кіндігімді нысана етсе аямас деп алдыңызға келдім. Алдыңызда кұнаһар болған басымды алсаңыз да мейлі, разымын.
– Е, е, е, шырағым. Жағдайыңды ұғындым. Жалғасты бұйымтайыңды айт.
– Күйеуімді қу бас атандырғым келмейді, бала көтергім келеді.
– Жә, қалқам, онда мені тыңда.
Ақ ұлпадай ақ ниетіңнен айналайын, бір үйдің алтын басты келіні боларсың. Адам баласына отау көтеріп бала сүю әрине ырысты іс. Ол сенің ұрпағың саналады. Оны бағып-қағу, жетілдіру, адам қатарына қосу міндетің. Қаншама жеткіншектер тірі жетім болып жүр. Қаншалаған саби әке-шешесінің шынайы мейіріне бөлене алмай жүр.
Күнсініп барып:
Әй, надандар-ай! Сол ұрпағымен бақытты екенін сезіне алмай дүниеден өтеді. Әр нәрсенің өз сұрауы, өз теңшеуі және иесі бар .
Мен Олжабай болып батыр атанып, ат арқасына қонғалы біреудің ала жібін аттап, өз жарымнан басқа бөтен әйелдің етегін ашып көрмеп едім. Кәрі бол, жас бол, адам өз арының аманатына берік тұрып, асыл қасиетін сақтағаны жөн.
Мен сенің ақ ниетіңді қабыл алдым.
Олжабай батыр әйелге қолын созып:
Кел бері, басыңды шалқайт.
Жақын келіп батырдың жаюлы тұрған сырмағына жүгініп отыра қалып, әппақ тамағын шалқайтып, басын көтерді.
Өзің бала жандысың. Балаға деген шын ниетің артып тұр екен. Мендегі қасиет азда болса ұрпағыңа дарысы. Балаңның атын – Олжабай қой, – деп, кіндігінен жүндігіне дейін сипап, – ал, кете бер. Келер жылы қыстың соңында ұл табасың, – дейді.
Батырдың бір сипауымен, бала алу тілегі қабылданып, айтқанындай келер қыстың соңында балпанақтай ұл табады. Ұлының атын Олжабай қойған.
Сол Олжабай есейе келе ел ісіне араласқан кемеңгер болған. Мен бірде архив ақтарып отырып, Қарқаралыда әкімшілік орын алғаш құрылғанда ел билеуге атсалысқан алғадай кісілердің ең алдынан осы кісінің аты-жөнін көрдім.
Бұратала облысы, Жыңғылды ауданы
Мәдениет порталы