Шедевр – Айналайын, құтты болсын, мына тұсауы кесіліп, аттай шауып кеткелі, биіктерге сүр...
Якуб Өмероғлы. Энергиясы күшті әдебиет
Түркі халықтарының әдебиеті бүгінде, әлемде беделді орынға ие. Тарихта әдебиет поэзиядан, әңгімелерден және романдардан басқа, ортақ құндылықтар мен моральдық элементтерді танымал ету құралы ретінде әрекет етті. Әдебиеттердің осы функцилары басқа кезеңдерде тікелей қолдануға тырысқанымен, автор мұны мақсат еткен жоқ, бірақ мұндай өзара әрекеттерді өнердің өздігінен әсер етуі ядеп атайды. Бүгінде өнер туындылары дипломатияның көрнекті элементі ретінде жұмыс істеуге көшті. Институционализацияланған және мәдени дипломатияның атымен таралған бұл тәжірибелер бүгінгі күнде мемлекет тарапынан қамқорлық және қолдау көре бастаған.
Мәдени дипломатия халықаралық қатынастарда күн сайын «суық соғыс» кезеңінде елдердің саяси насихаттау әдістерінен немесе елдердің туризмді жылжыту бағдарламалары әдістерінен бөлек жолымен күшейе түседі.
Түркі әлемінің әдебиеті – дүниедегі энергиясы күшті әдебиеттердің бірі. Оған дәлел – Айтматов сияқты дүние жүзіне танымал жазушыларымыздың болуы. Түркі дүниесі әдебиетінің адамзатқа айтары бар. Біздің жазушылар дүниежүзілік мәселелерге қатысты пікір білдіріп, өз мәдениетіміз бен тарихымыздан жеткен алтын қазынаны таратып жатыр. Ал қазақ әдебиеті – түркі дүниесіндегі ең жас әдебиеттердің бірі. Бір жағынан қазақ әдебиетінің Орхон Енисейден басталатын өмірі бар, ол барлық түркі әдебиетіне ортақ. Салыстырмалы түрде жас әдебиетте қасаң дәстүрлерден ада болып, болашаққа ашық көзбен қарайтын мүмкіндік бар.
Біз өзіміз 30 шақты авторды аударсақ, өзге баспалардан және үкіметтің қолдауымен түрік тілінде шыққан кітаптар көп. Ғабит Мүсіреповтің, Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын, Абайдың қара сөздерін шығардық. Шәкәрім туралы кітап жарық көрді. Мағжанның жолма-жол аударылған өлеңдері бар еді, көркем аударма ретінде тағы бір кітабы шықты. Ұлықбек Есдәулет, Рахымжан Отарбаев, Смағұл Елубай шығармалары аударылды. Түрік халқы Қазақстанда болған аштық туралы Смағұл Елубайдың романы арқылы білді. «Абай жолы» түрік тілінде бұрын шыққан, бірақ оны біз есепке алмаймыз, себебі нашар аударылған. Осылайша, «Абай жолының» түрікшеге сәтті аудармасын күтудеміз. Түркі тілдерінің өзара аудармасының өзіндік қиындықтары бар. Сырттағы адамдар мұны байқамайды. «Түбі бір тілдерді өзара аударудың не қиындығы бар?» дейді. Белгілі бір сөздің екінші туыстас тілде түрлі мағыналары болуы мүмкін. Мысалы, той туралы қазақ романы түрікшеге аударылған. Той алдында жасалатын құда түсу, сырға салу сынды барлық жиындарды «дүгүн» (түрікше – үйлену тойы) деп аудара берген. Үйлену тойының «бірнеше рет өтуін» түрік оқырмандары түсінбейді. Екіншіден, түркі тілдерінің өзара әдеби-көркем аударма заңдары әлі дамымаған. Мұны жаңа сала деп айтсам, қате болмайтын шығар. Мәселен, ағылшын тілінен аударудың 100 жылдан астам тәжірибесі, қалыптасқан өз жолы бар. Бізге де тәжірибе жинау үшін көп еңбек пен уақыт керек.
Әлемге танымал тұлғалар шығу үшін шығармалары көбірек аударылып, форумдарды жиі өткізу қажет. Мұхтар Әуезов қолдау көрсетпегенде, әлем оқырмандары Айтматовтай таланттың бар екенін білмес еді. Форум сөзінің өзі пікір алмасу мағынасына келеді. Бүгінде түрлі елдерден келген әдебиет өкілдерімен танысып, уағдаластық жасастық. Егер мұндай жиын жыл сайын өткізілсе, Астана халықаралық әдеби орталыққа айналады.
Якуб Өмероғлы,
Түркия