Тілімізді дамытуға бос сөзбен емес, нақты іспен үлес қосу керек. Мұндай пікірді «Сөзтүзер&raqu...
«Керқұла атты Кендебай» - «Конек-Горбунок»
Петропавлда орыстың «Конек-Горбунок» деп аталатын ертек кейіпкеріне ескерткіш орнатқалы жатыр екен.
Біздің өзімізде Ерқосайдың Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбар батырдың Қарақасқа аты, Қабанбай батырдың Қубасы (ескерткішке лайық), Бөгенбай батырдың Қызыл аты, Исатай батырдың Ақтабаны, Кейкі мергеннің Кераты, Ақан серінің Құлагері секілді өмірде болған, ескерткіш қоюға сұранып тұрған атақты сәйгүліктер көп қой! Орыстың өмірде болмаған қияли қаңсығына неге құмарта береді, білмеймін!
«Конёк-Горбуно́к» - Петр Ершовтың 1830 жылдары жазған шығармасы. Оның өзі де таза орыстікі емес, «Керқұла атты Кендебай» дейтін біздің әйгілі ертектен көшіріп ала салған деседі. Ершовтың «Сибирский казак» деп аталатын балладасында мынандай сөздер бар «Атаман приказал нам идти на кыргызов войною».. Бұл казак кейін қазақтармен соғысып жүріп өледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Конек-Горбуноктан басқа ескерткіш қоюға лайықты кейіпкер жоқ па?
Жолымбет Мәкіш