Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Əдебиетшілер үйінде Алаш арыстары мен ашаршылық құрбанд...
Мақтан етуге лайықты еңбек
Талдау және зерттеу рухы – меніңше, әдебиетші, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Кұлбек Ергөбектің 4 томдық үлкен еңбегінің мәнін дәл осылай анықтауға болады.
Оның әдебиетші ретіндегі шығармашылық жолын ширек ғасыр бақылап келемін (50 жасында ол 20 – ға жуық кітаптардың авторы), оның еңбексүйгіштігіне, ізденімпаздығына, ғылыми әлемінің кеңдігіне, еңбектегі мәдениеттілігіне, дүниетанымындағы принципшілдігіне таңданудан жалықпаймын. Оның өн бойындағы бұл қасиеттер «Арысатр мен ағыстар» атты зерттеулер жинағында айқын көрініс тапты. Бұл атау көпмағыналы және ұйқасы керемет болғандықтан, оны қазақшадан орысшаға аударуға қиналамын. Мағынасы бойынша ол «Тұлға және ағыс», «Бұлақ пен арна», «Діңгек пен бұтақтар», «Aғаштың ұшар басы» деген мағына береді.
Бұл кітаптар «Отырар кітапханасы» сериясында жарық көрді, тақырыптық суреттермен көмкерілген, композициялық жағынан үйлесімді. Әрбір кітап екі бөлімнен тұрады – «Арыстар» және «Ағыстар» және олар қазіргі қазақ әдебиетінінң негізгі арнасының көптеген бұлақтарын қамтыған өте пайымды талдаудың түрі болды. Негізінен кітаптардағы мағлұматттар мақалалардан,баяндамалар мен шолулардан тұрады. Менің есебімше, сол 4 томға Құлбектің 106 жұмысы енді. Оның ішіндегі кітаптардың түгеліне жуығы маған таныс болып шықты, өйткені олардың ішінде қазақ әдебиеті тарихының негізгі кезеңін бейнелейтін қазақ әдебиетінің өкілдері көрсетілген суреттер менің өмірім мен тағдырыма демеу болып келген еді.
Әр кітап туралы жекелей пікір Қазақ балалар әдебиеті сын жағынын назарға іліге қоймаған. Әдетте, негізгі әдеби шолуларда оған аса мән берілмейді. Зерттеуші Құлбектің штандпункті – кішкене оқырмандардың үлкен әдебиеті. Ол: «барлығы балалық шақтан басталады, оның ішінде оқуға деген құмарлық, білімге, мәдениетке деген құштарлық» дегенді өте дұрыс атап айтады.
Қазақтарда балалар әдебиеті болмаған деген жалған сөз. Бесіктегі жатқан кезінен дүние туралы, қоршаған орта жайлы мағлұмат беретін және жас ұрпақтың бойына адамгершілік, әдептілік, ізеттілік, әдемілікке деген құштарлық – рухани дүниеге деген ұмтылыстан туған өлкеге деген махаббатты сіңіретін бай фольклоры болды. Дегенмен, ХХ ғасырдың басына дейін балаларға арналған әдебиет деген ұғымның болмағаны рас. Дәлірек айтсақ, Қазақстанда балалар әдебиетінің қолға алынғанын ХХ ғасырдың 30 – шы жылдары деп айтамыз, ал оның дамып, шырқау шегіне келгені өткен ғасырдың 70 ші – 80 ші жылдары болатын. Ол кездері «Балауса», «Рауан», «Жалын» баспалары құрылып, «Балдырған», «Ұлан» журналдары мен отызға жуық дарынды қазақ жазушылары арнайы балаларға арнап шығармалар жаза бастады. Бұл ретте балалар әдебиетіндегі белгілі классиктер: Өтебай Тұрманжанов, Сапарғали Бегалин, Сейітжан Омаров, Қалмақан Әбдіқадыров, Бердібек Соқпақбаев, Музафар Алимбаевтарды ерекше атап, және олардың талантты ізбасарлары Ә. Дүйсенбиев, Ж. Смақов, Қ. Баянбаев, Т. Дәуренбеков, Қ. Мырза Әлі, Ж. Әбдірашев, С. Қалиев, М. Қабанбаев, М. Гумеров, С. Сарғасқаевтарды айтуға болады. Осы аталған авторлар мен басқа да жазушылардың шығармашылығын Құлбек Ергөбек жан жақты жинақтап, талдап, барлығына ортақ қасиеттерін анықтады, жалпы адами дидактикалық мотивтер мен ұлттық ерекшеліктерді көрсете отырып, жас оқырмандарды жиіркенішке алып келетін кемшіліктерді де көлеңкеде қалдырмады.
«Арыстар мен ағыстар» сериясындағы бірінші кітапта («Өркениет», 2003) балалар әдебиетіне мән беру тағыда әлсіреп бара жатқанына дабыл қағады, Мәдениет жаршысы С. Бегалин атындағы кітапхана директоры София Раева дәл мұны айтудан шаршамады.
Қазақ балалар әдебиетінің классиктері өмірден өтіп кетті. Олардың көзі тірі ізбасарлары үлкен әдебиетке бой ұрды, кейбірі басқа іспен айналысып кетті, сөйтіп, қазақ балаллар әдебиеті жетімсіреп қалды, осылайша қазіргі жас ұрпақтың еншісіне бұрынғы басылымдардың қайта басылып шығуы мен орыс және шетел шығармаларының аудармасын оқу қалып отыр.
Сондықтан да профессор Құлбек Ергөбектің бұл кітаптарынның шығуы қол соғып қуана қарсы алынуы керек. «Балалалр әдебиеті біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің болашағы» дегенді ол өте дұрыс атап өтті. Біз, бүгінгі әдебиетшілер, болашағымыздың алдында қарыздармыз. Құлбек Ергөбек әуелден – ақ тақырыптық басылымдарға беттеген, ол өзінің мақалалары мен эсселерін, зерттеулері мен пікірлерін, әдеби портреттерін белгілі бір жанр төңірегінде топтастырып, сол арқылы өзінің талдауының жанрлық тұтастығына қол жеткізеді. Өзінің осы шығармашылық ұстанымына адал ол «Арыстар мен ағыстар» цикліндегі екінші кітабын қазақ поэзиясына арнады (Астана, Таным, 2003)
Қазақ поэзиясы – ұшы – қиыры жоқ ғарыш екенін біз білеміз. Оның барлығын қамту көптомдық зерттеуде де мүмкін емес. Оның үстіне поэзияның белгілі өкілдері баяғыда көптеген мақалалардың, монографиялардың, диссертациялардың объектісіне айналып кеткен болса, ал бұрынғы және қазіргі ерен еңбегімен аталып жүрген ақындардың бірқатары елеусіз қалды. Міне сол адамдардың ақындар әлемінде алатын орнын анықтай отырып, Құлбек Ергөбек олар туралы еңбектер жазды. Сыншының назарын аударған кімдер еді? Олардың кейбіріне тоқталайық: Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұбайдулла Балақадырұлы, Баймағамбет Ізтөлин, Саттар Ерубаев, Қабдікәрім Ыдырысов, Аманжол Шамкенов, Сабырхан Асанов, Өтежан Нұрғалиев және басқалары. Бұл ақындардың шығармашылығы әрқайсысына жекелей тоқталып, талдау жасауға тұрарлық дүние. Өз зерттеулерінде Құлбек Ергөбек осы ұстанымды басшылыққа алады.
Құлбекті оқу қызық әрі тағылымды. Ол ақынның шығармашылық мәнін дәл тауып, оның ерекшелігін аша біледі. Оның үстіне әрбір еңбегінде бейнелеу мен талдаудың жаңа формаларын іздеп, тауып отырады. Ол бірде достық хат ретінде, енді бірде репликамен шектеледі, біресе пародияшыларды жілігіне дейін сынап, шын күлкіге айналдырса, біресе ойлы түрде сынайды. Ол өзінің сыншылығына мән бере қарайды. Ол қатты да кетпейді, сылап та сипамайды. Ол – қатал сыншы, ойлы оқырман және тілуелес әңгімелесуші.
Бір өлеңнің талдауы - әлем әдебиеті және орыс әдебиетінде күн сайын кездесе бермейтін құбылыс. Бұл жанр бойынша Құлбек төмендегі шеберлерді атап кетті: Потебня, Благой, Бонди, Борев, Андронников, Орлов, Дюла Йеш. Мен олардың қатарына академик Щербаны да жатқызар едім, өйткені ол Пушкин мен Лермонтов өлеңдерінің аудармасына морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік, стильдік, лексикалық талдаудың айқын үлгісін жасаған жан.
Қазақ әдебиетінде бір өлеңнің талдануы көп кездесе бермейтін жәйт. Менің есіме Тәкен Әлімқұловтың Абайдың әйгілі өлеңі «Өлсем, орным қара жер?» атты өлеңіне жасаған талдауы түседі.
Әңгіме арқауы болып отырған кітапта автор эксперимент ретінде осы жанрда жазылған бес этюдті жариялады: «Кто автор, «Листьев»?», «Сәлем, жолдас май!» (Сәбит Мұқановтың 1933 жылы жазып, авторды даңққа бөлеген өлеңі), «Сәбитке» өлеңі қалай шықты?» (әңгіме Қасым Аманжоловтың майданда жүріп Сәбит Мұқановтың хатына жауап ретінде жазылған әйгілі өлеңі жайлы болып тұр), «Жел бесіктен тал бесікке дейін» (Мұқағали Мақатаев өлеңі жөнінде) «Жүрек әні» (Б. Әбдіразақов өлеңі жайлы).
«Бір өлеңді талдау», меніңше, қазақ сынындағы жаңа құбылыс. Құлбек Ергөбектің кітабы ұлттық поэзия жайлы терең мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен қатар оның өркендеу көкжиегіне көз жүгіртеді.
Аталмыш әдеби циклда жазылған үшінші кітап («Таным», 2003) қазақ прозасына арналған. Сыншы қазақтың ХХ ғасырдағы 30 ұлы жазушыларының шығармашылығы жайлы сөз қозғайды: Бейімбет Майлин, Ғабиден Мұстафин, Сейітжан Омаров, Сафуан Шаймерденов, Тәкен Әлімқұлов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Сәкен Жүнісов,Дулат Исабеков және басқалары. Кітаптың екінші бөлімі әдеби зерттеулер мен шолулардан тұрады («Жаңа жанр бастауы» - қазақ романының пайда болу жолы туралы; «Жүсіпбек Аймауытов прозасы жөнінде», «Қазақ романы және «Ақбілек», «Зар заман әдебиеті», «30-шы жылдардағы қазақ прозасы», «Халқын сүйген жүрек» - Дулат Исабековтың шығармашылығы жайлы монографиялық мақала. Кітапта сондай – ақ жазушының студенттер аудиториясымен кездесуі хақындағы мақалалалры кейде достық хат ретінде жазылса, кейде репортаж түрінде берілген.
Сыншының ұлттық мәдениетіміздің ғасырлық қабаттарын ақтарып, талдау жасау үшін қаншама кітаптарды, қолжазбаларды, мұрағаттар материалдарын, мемуарларды оқып, ой елегінен өткізуіне тура келді десеңізші! Ол тек бір ұлттық мәдениет шеңберіндегі ғана дүние болса бір сәрі, бүкіл әлемдік және орыс әдебиетіндегі дүниелерге талдау жасай алғанына таң тамаша қаласыз. Бұл еңбек бағалауға да, таңдануға да әбден лайық! Сонымен қатар әдеби сыншы Құлбек Ергөбектің бойында тартымды баяндаушылық қабілеті -таланты бар. Оның бойында үйлесімін тауып тұрған мынадай қасиеттерін атауға болады: әңгімеші, журналист, эссеші және оның талантының ашыла түсетін тұсы- бұл әдеби портреттер жасау кезінде (мысалы: дарынды прозаик Тәкен Әлімқұловтың ерекше тұлғасын бейнелеу кезіндегі өте тартымды әңгімесі). Оның білімінің тереңдігіне, интеллектіне, дүниетанымының кеңдігіне күмән келтіруге болмайды, өзінің көптеген әріптестерімен салыстырғанда ол өте күрделі мәселелер жайлы татымсыз, қазіргі кейбір көп білгіш әдебиетшілерге ұқсап түсініксіз тілде емес, жанды тілде қызықты етіп жазды.
Осы қасиеттерімен сыншы Құлбек Ергөбек адамды өзіне баурап алады. Ол көркем сыншы, оқырманды қызықтыра білетін, оқырманды баурай алатын көркем әдебиеттанушы. Оның шынайы кәсіпқойлығы осыдан көрінеді.
Төртінші кітап (Алматы, «Қазығұрт», 2003) Құлбек Ергөбектің «Арыстар мен ағыстар» сериясындағы тақырыпшаның тікелей аудармасы. «Әдебиеттану және сын әлемі». Кітапқа 23 еңбек енген, оның ішінде өзінің ұстазы қазақ филологиясындағы ірі тұлға профессор Бейсенбай Кенжебаевтың қиындығы мол өмір жолы мен шығармашылығына арналған (ол 140 бетті алады), әйгілі әдебиеттанушы – фольклорист, түркі мәдениетінің белсенді жақтаушысы профессор Рахманқұл Бердібаевқа академик Серік Қирабаевқа, профессор Мүсілім Базарбаевқа, әдебиеттанушы және сыншылар Сұлтанғали Садырбаевқа, Төлеген Тоқбергеновке, Сағат Әшімбаевқа, Бахыт Сарбалаевқа, Әбсаттар Дербісәлиевтердің және де басқа «күрделі жанрдың сарбаздарының» шығармашылығына арналған.
Зерттеуші көптеген сан алуан материалдармен жұмыс жасады, әдебиеттану және сын әлеміндегі тұғырлы еңбектерге сүйенді. Бұл ретте, оның барлық ізденістерінде ынты – шынтысымен баяндау элементі көрініс беріп тұрады. Мұндай қасиеттерімен кітапта, әсіресе, екі жұмыс көзге түседі – Бейсенбай Кенжебаев жайлы монографиялық мақала – баяндау (тамаша суреттермен көмкерілген) және Шыңғыс Айтматовтың алғашқы шығармаларын қазақ тіліне аударушы, Қалжан Нұрмахановтың өмір жолы мен тағдыры жайлы мақала. Бұл кітапты мен үлкен қызығушылықпен оқып шықтым, себебі мұндағы кейіпкерлер мен олардың шығармалары, сол шығармаларындағы әдеби ситуациялар әрі таныс, әрі белгілі бір деңгейде жақын болатын, сондықтан да мен сарапшы – автордың айтқандарынның шынайылығы мен әділдігіне кепілдік бере аламын. 2004 жыл желтоқсан айының бір күнінде Құлбек Ергөбек күтпеген жерден маған келді ( Қазір ол Түркістандағы Қазақ – түрік университетінде вице – президент қызметінде) Қайғыдан бас көтере алмай өзіне үлкен үміт күттірген кенже ұлы 21 жасында жол апатынын қаза болыпты. Әңгімеміз жараса қоймады. Дегенмен біртіндеп әңгіме әдеби жоспарларға ойысты. Сөйтсем, Құлбектің ойы идеяларға, бастамаларға толы екен. Сол ойларын ортаға сала отырып, ол қызып кетті. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін жан – жақты қамтып, оны ашып көрсететіндей прозаик Сәбит Мұқановтың, ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың, ақын Әбділдә Тәжібаевтардың шығармашылық зертханасы туралы 3 томдық жазу керек екенін айтты.
Содан соң сегіз қырлы бір сырлы замандасымыз Әбіш Кекілбаев туралы монография жазу керек. Кезекте заманауи әдеби үрдіс туралы үлкен жұмыс тұр. Сосын әдеби портреттер кітабы, күнделік қолжазбаларды, эсселерді баспаға дайындау. Тірі кісінің тіршілігі біткен бе?..
Ол менің інім, досым және әріптесім болғандықтан оның осының бәрін іске асыратынына кәміл сенемін. Бұл үшін қажеттінің бәрі: дарын, білім, мәдениет, мақсаткерлік және жастық оның бойынан табылады.
Герольд Бельгер.
Аударған: Тұрдыбай Қалдыбаев.
2012ж