Мухаммад Солих: Менің пантюркизімім және шариғатшылығым

ӘДЕБИЕТ
6350

Бұл мәтін 2000 жылы Түркиядағы коммунисттердің «Ойдинлик» газетінде жарияланған жалаларға жауап ретінде Стамбул түрікшесінде жазылды. Достардың тілегіне орай оны қайта жариялауға ниеттендік. Тек мәтіннің бұл версиясына Түркі әлеміндегі болып жатқан оқиғаларды есепке ала отырып біраз өзгерістер енгізілді.

Мухаммад Солих, "Эрк" демократиялық партиясының төрағасы, диссидент ақын

Кеңес дәуірінде коммунисттер біз пақырды пантюркист деп кіналаушы еді, кейіннен тағы сол коммунисттер(тәуелсіздік кезеңінде) маған шариғатшылсың деп айып тағып шықты.

Ең қызығы, Түркияға келгенімізден кейін түрік коммунисттерінің бір газетасы өзбек ағайындыларымен хор әншілеріндей, мені ислам радикализіміне қатысты деп кінәлай бастады.

Осындай коммунисттік истерияға жауап беруге мәжбүр болып осы мақаланы жаздым:

Иә, мен түрік әулетіненмін, анығы, Түркістандық түрікпін. Түркістан дегенде түркілер өмір сүретін мекенді ойлауыңыз тиіс.

Иә, біз 70-80 жылдарда Түркі әлемінің бірігуін арман еттік. Бұл біздің жас кезеңіміздің идеалы болатын. Біз енді қартая бастадық, бірақ идеалымыз әлі де бозбала. Түркі Әлемі Бірлігі арманы жүрегімізде өмір сүруін жалғастырып келеді. «Түркістан» және «Тұран» түсініктері енді біздің қиял әлемімізден шығып, әлемде өзіне лайық геосаяси орнына ие болуы ләзім.

1917 жылғы Владимир Ленин ұйымдастырған Қазан төңкерісінен соң орыс большевиктері Түркістан атын өзгертірді. Олар бұл өлкені бес бөлік(«республикалар»)ке бөлді және бұл бөліктерге бес түрлі есім қойды. 

Бүгінгі таңда Орта Азия республикалары большевиктер тарапынан өздеріне берілген есімдерін арқалап келеді. Өзбекстан солардың бірі. Мен сол бөліктенмін. Яғни, өзбек түркімін.

Түркілігінен ыңғайсызданбайтын, түркілігінен ұялмайтын түрк.

Жаратқаны оны осылай жаратқанына шүкір ететін түрк.

Енді осы үш сезімге, ұялмау, шүкір ету және тәкаппарланбауға анықтама берейін:

Түркістан 135 жыл ішінде әуелі жәй Рустьың, кейіннен Большевиктердің Русиясының иелігінде өмір сүрді. Осы 135 жылдың 30 жылы орыстарға қарсы алдымен жалындап, кейде сөніп тұрған тәуелсіздік үшін күрестермен өтті. Түркістан халқының бұл көтерілістері дәйім ең қанды тәсілде тоқтатылып келді.

Алып өлке халқы дертті мәдени және этник ассимиляцияға табынуға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі халықты түгелдей мәңгүрттендіруге көп күш жұмсады.

Орыс тілін білмегендер үкіметтің жоғары лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан махрум етілді.

Бірақ Түркістан халқы ата-бабаларының тілінен бас тартпады. Әдет-ғұрыптарын әрі қанға сіңген мәдениетін де ұмыт қалдырмады. Яғни, бұл адамдар өздерінің түркілігі үшін ешқашан ыңғайсызданбады, ұялмады.

Жоғарыда «ұялмау» туралы сөз қозғағанда мен осыны меңзеп едім. 

Халқымды және мені кері сезімдерден қорғағаны үшін Аллаһқа шүкір етемін. Төрт мың жылдық тарихымызға назар аударсақ, бұл шүкіршілік тағы да тереңдей бермек.

Дұшпан тарихшысы Түркі хақында: «Біз ақымақ түркілерді сұлу сөздермен алдадық!». Немесе: «Біз түркілерді бір-біріне қарсы қойдық», яки «Біз түркілердің арқасынан қанжар сұқтық!» және т.б жазуы да мүмкін.

Бірақ ешбір дұшпан тарихшысы: «Түркілер достарына қиянат жасады», «Түркілер анттарын бұзды», «Түркілер опасыз», «Түркілер майданда қорқақтық танытты» деп жаза алмаған. Біз пақыр осы ғажайып бір қауымның бір паршасы болып жаратылғанымыз үшін Аллаһқа шүір айтамыз тағы. Жоғарыда, «шүкір» туралы айтқанда осыны меңзеп едік.

Тәқаппарлыққа келсек: Мен турк екеніме тәкаппарланған емеспін. Себебі, түркілік менің қызметім емес. Мені түркі ұлты етіп жаратқан Алла. Бұл үшін тәкаппарлануға хақым жоқ. 

Егер орыс немесе англосаксон яки хабаш өз ұлысы мен ұлты үшін мақтанса, бұл олардың шаруасы. Мен тек өзін, өз рухын тануға ұмтылып жатқан, бірақ әлі де толық тани алмаған бір пендемін.

Өз рухын тануға әрекет еткен кісі менің айтып отырғандарымды ұға алмақ.

Егер өзімізді білсек, танысақ біз өмір сүріп жатқан ғасыр муғжизалар ғасырына айналмақ.

Бұл білім бізді жаңа дәуір технологиясының сиқырына түсу қаупінен құтқарады. Бұл білім ұлшылдық тұзағына түспей ұлттық құндылықтарымызды, әсіре діншілдікке берілмей сенім-иманымызды сақтап қалуға мүмкіндік береді. Егер адам заманасын тек қана жоғары технология, бәлкім ұлы ахлақ ғасырына айналдыру ниетінде жаңа дәуір қақпасына жақындастырса, ол адамзатқа жүктелген миссияны атқарған болады.

Айтпағым, ахлақ – инсан әрекетінің бүкіл бағытында, әсіресе саясаттың негізі болуы керек. Заманамыз сыншылары түрлі мемлекеттердің құлдырауы себептерін әр саладан іздейді, бірақ шаруаның ахлақи тарапына кемнен-кем қарайды. Себебі, олар ахлақсыздықты саяси өмірге зиян жеткізетін бір күш деп есептейді. Және осы тәрізде саясаттағы ахлақсыздық қалыпты деп қабылданады. 

Бұл қабылдау – универсал. Шығыста да, Батыста да, дүниедегі мемлекеттердегі секілді теоритик режимдер саясатында да қалыпты деп қабылдайды мұны. Бірақ тереңірек үңілсек, мемлекеттер мен қоғамдардың құлдырауындағы ең басты себеп ахлақсыздық екенін көруіңізге болады. 

Мамандардың пікірінше, қандай да бір мемлекет немесе цивилизацияның өліміне себеп «саяси, әлеуметтік, экономикалық, ішкі не сыртқы» барлық факторлардың негізінде Ахлақи Фактор жатады. 

Мемлекеттерді ішінен кеміріп бітірген «жемқорлық», «коррупция», «әділетсіздік» және басқа індеттер ахлақсыздықпен тікелей байланысты.

Римді өртеп жіберген Нероннан бастап, Орталық Азия халықтарын кедейлік батпағына батырған, «Өзбекбасы», «Туркменбасы» типиндегі коммунисттік диктаторларға дейін барлығы – ахлақсыздықтың перзенттері. 

Және керісінше, бір уақыттарда ата-бабаларымыз басшылығында гүлдеп-жайнаған, тыныштық пен рахат ішінде өмір сүрген мемлекеттер тарихына назар салсақ, бұл мемлекеттердің құдіреті биік ахлақи қағидаларға адал тұлғалардың саяси ұстанымының жемісі екенін көреміз.

Бұл мысалдар көз алдымызда тұрар екен, біз саяси тізім мен мемлекет модельдерін таңдауда кедергіге ұшырамауымыз керек.

Әлбетте, біз құрғымыз келген, армандаған мемлекет – бұл Құқықты мемлекет.

Бірақ бұл мемлекет ұстанымдарына ахлақи қағидалар қойылмас екен, демократия – анархияға, құқық мылжыңға айналады. Тарихтың өзі бұған мысал.

Бүгінгі күнде түркі әлемі ахлақи саясат жәге жоғары ойлайтын саясатшыларға зәру.

Бұл диллеманның шешімі саяси және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін өте маңызды.

Егер бүгін бір саясатшы «бас»шымыз шығып «Түркістан – барша түркілердің үйі, түркілер бірлессін!» деп ұран салса, оған ешкім сенбейді. Немесе коррупция және алқымына дейін жемқорлыққа батқан басқа біреуі; «Жасасын Адриатикдан Қытай қорғанына дейін Түркі әлемі!» деп ұрандаса оған да сенетін адам табу қиын.

Осы уақытқа дейін саясатшыларымыздың Түрк әлемі интеграциясы туралы айтылған ұранды сөздері күтілген нәтиже бермеді, керісінше, құрғақ сөздер бұл керемет идеяны абыройсыз етті. Тіпті Түркі әлемі үшін жалғыз әліппе сынды болған жоспарды орындауда қауқарсыздық танытты. 

Түркі елдері зиялылары Түркі әлемі интеграциясы үшін емес, өздерінің ауылдық патшалығы эгосын дамытатын «өз әліппелерін» жасап келеді. Олар жасаған әліппелер Түркі тілдерін жақындатуға емес, керісінше бір-бірінен алыстатуға себеп болатындары ақиқат. Жаңа әліппе жасаудағы бұл тенденция ақыр соңы түркі тілдеріне тән сингормонизм заңдылығына, үнділер үндесімінің ережесіне зиянын тигізеді.

Осындай біртүрлі іс-әрекеттер байқалып келеді Түркі Әлемінде.

Осындай ережесіздік түркі қауымдары ортасындағы бірлестік, бір-бірін қолдап-қуаттау мәселесінде де жалғасып келеді. Түркі Әлемінің ашық жарасы – Шығыс Түркістанда тоқтаусыз қан төгіліп жатыр. Қытай ұйғырларға қарсы геноцид саясатын біздің көз алдымызда ұйымдастырып, іске асырып отыр. Түркі елдері басшылары бауырларына жасалынып жатқан бұл зұлымдыққа қарап, өздерінің «ұлттық тілдерін» жұтып қойғандай үнсіз отыр.

Тіпті біреулер ұйғырларға қарсы Қытай саясатын АҚШ-тың қаралауына қарсылық білдіріп, «бұл Американың геосаяси ұстанымдары жолындағы ойыны» деп кіналауға дейін барды.

Мейлі, бірақ сіздің өз ұстанымыңыз қайда?

Қытай жауыздығы алдында үнсіз ғана тұруға сізді қай ұстанымыңыз мәжбүрлеп жатыр?

Жүз мыңдаған ұйғыр бауырларыңызды лагерьлерге қамап, азаптап жатқан, әйелдерін зорлап жатқан зұлым режимге қарсы бір сөз айтпауға қай  ұстаным сізді үгіттеп отыр?

Мұнда отыз жыл бұрын туркі саясатшылары лексиконында «тұтқын түркілер» термині бар еді.

Америкадағы түркі бұқаралық қауымдастықтары тоталитар режимдер ішінде өмір сүрген түркілердің құқықтарын қорғау үшін әр жылы бір рет Нью-Йорк көшелеріне шығушы еді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін түркілер тәуелсіздікке қол жеткізген соң «тұтқын түркілер» хақында сөз тоқтады. 

Дегенмен, Шығыс Түркістанда өмір сүріп жатқан миллиондаған ұйғыр бауырларымыз бүгінде тұтқындықтың ең қасіретті тағдырын кешіп жатыр.

Өкініштісі, осындай бір дәуірде, Түркі Әлемі тағдыры шешіліп жатқан дәуірде Түркі мемлекеттері үлкен бір елдердің жүргізіп жатқан саяси коньюктурасының тұтқындарына айналып отыр.

Осындай жан түршігерлік жағдаятта бауырларға көмек беру қызметін халық өзі арқалауы керек секілді. Әлемде түркілерге жасалынып жатқан әділетсіздіктерге қарсы өнімді күресу үшін бүкіл мемлекеттер қоғамдық бірлестіктер құруы тиіс. 

Түркі Әлемі ерте ме , кеш пе бірлесуіне мен сенемін. Егер әлем мұндай одақтан зиян көретін болса, Еуропа Одағынан көріп жүргеніндей зиян-ақ көрер. Пайда көретін болса бұл пайда Еуропа Одағынан келген пайдадан көбірек болатынына кәміл сенімдімін.

Түркі Әлемінің бірігуі Еуропа Одағына кірген бүкіл мемлекеттер көлемінен он есе үлкенірек өлкелерге тыныштық пен достық алып келеді. Осындай алып мекенге қауіпсіздікпен, әлеуметтік кемелдік келетін болады. 

Иә, Түркі Әлемі бірігу табалдырығында.

Осы келе жатқан жаңа мемлекет силуэті қиялдарымызда жылт етер екен, қасыңдағы бауырдың тынысын есту сұлу бір сезімге бөлейді.

Менің бүкіл пантюркизімім осы тынысты есту қалауынан басқа ештеңе де емес.

(2000-2019)

Өзбек тілінен аударған: madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...