Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні! ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы се...
Нұрхалық Абдырақын. Жеріну (әңгіме)
Ымырт жамылып, жер бетін қою қараңғылық басты. Түнді пайдаланып көшеде жүрген көп шайтан қызбен жігітті ортаға алды. Есіктен үйге біреуі еріп кірді. Бір бөлмелі пәтер. Монтаздай таза да ретті. Үйге кіре сырт киімдерін шешкен Талшынның талдырмаш денесі Алмасты елең еткізіп, жыланын жыбырлатты.Қыз қара қазанды баж-баж еткізіп қуырмаш қурып, ақ куршті бөлек ыдысқабықтырды. Жайнатып дастархан жайды. Қызбен жігіт қарама-қарсы асқа отырды. Шайтан сол сәтті пайдаланып, оларды бір біріне ынтызар ете бастады. Арам ой салды. «Бисмилла» деп, асқа қол созған Алмастың даусынан шайтан столдың астына қашып кірді.
-Диплом алған соң PhD-лыққа емтихан тапсырасың ба? Деп, қылмси тіл қатты қыз.
-Жоқ, жұмыс істеймін. Сен шамасы оқығың бар-ау.
- Мен ойланып жүрмін, қазір PhD- докторлық оқымасаң мардымды жұмыс таба алмайсың.
-Өзің ойлашы, осы магистр, докторлық бәрін сол бір қулардың ақша табу үшін ойлап тауып отырған жүйесі, адамдар сол үшін уақытын, ақшасын беріп, өздерін мықтап алдауда. Негізі әр адам отбасы мен мектепте, университете (баклаурда) алған білімінен артық ештеңе ала алмайды. Ал басы істейтін адам жалындаған жастық шағында еліне, жеріне үлес қоспай ма?!!!. Қазір қырыққа келгенше докторлық оқып, одан соң соның буына мастанып, өзімен өзі ісіп-кеуіп шаршап жүрегендерді көресің. Ғалым көп, ғылым жоқ.
-Дәл айттың, сен білінбеген ойшылдың өзі екенсің, ерте білгенде саған басқаша жақындайтын едім...екі ұртының шұқырын көрсете күлген қыздың бетіне қызыл нұр ойнап, шаһуатпен Алмасқа қызыға қарады.
-Талшын оқимын десең өзің білесің, меніңше 20 дан асқан қыз үйленіп, ана болып бар білімін мейірмен баласына төксе шіркін, келешек Абай, Көпей, Қаныштарды жетістіруге себепкер болса елге содан артық үлес бар ма?!!!
- Сендер жігітсіңдер өз тағдырларыңа өздерің себеп жасай аласыңдар. Біз әйел байқұстар бәрін өзге жақтан күтіп отырамыз. Қазіргі әйелдер өзгерді, бірақ бәрі бір әйелміз.
-Ертеңнің шаруасын ойласаң уайым тұманына шөгесің. Жұмыс, үй, әйел...деп ойын үзген жігітке,шайтан қызбен оңаша отырғанын есіне мықтап салды. Екеудің жанарлары қайта қадалды. Аз кем үнсіз қалды. Құштарлықты көз айтып, тілекті тіл жеткізеді. Үнсіздік...ол бәріне көну. Шайтан шаттанды.
- Алла есімімен бетін сипап, орнынан тұрған Алмас «әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді» деп, апам айтып отырушы еді, тездетіп бүгінгі тірлігімізді реттейік.
***
Алмас безектеген қоңыраудан оянды. Бірге оқитын гурппаласы Талшынның сыңғырлаған даусы құлақтан кіріп, бойын аралап ұйқысын ашты. Созыла орнынан тұрды.
-Scopus журналына жіберген мақаламыз қайтып келді, түзейтін жері көп болып тұр. Ақылдасып бірге түзесек.
-Иа, қай жерде түзейміз.
-Ұлттық кітапханаға келсең.
Магистрлық дипломды қорғау үшін Scopus журналына мақала шығару керек. Ойыңды ұрлап, ақшаңды қалтасына басатын журнал иелері неткен баукеспелер еді. Ағылшын тіліндегі сол мақаламызды қайсы қазақ оқып, кәдесіне жаратар дейсің деп күбірлеген Алмас суық суға бетін жуды.
Бірге жатқан үш жігіт түнімен ғаламтордың ішін көп шарлап, мұхиттың арғы бетіне кеткен болатын, тәндері бұнда жатқанымен, жандары әлі сол жақта жүрген сияқты, тұяқ серппейді.
Таңғы асын үнсіз ішкен Алмас далаға шықты, күзгі таң.
Күн көкжиектен арқан бойы көтеріліп, тал-теректер жапырағын жерге төгіп, терең ойға шомған, жаздайғы болымсыз самалмен сыбдырласқан күйі жоқ.
Қатар-қатар салынған төрт қабатты тұрғын үйлердің алды-арты толған темір көлік. Иегіне маска таққан орыстың жасамыс әйелдері кеуделері өздерінен бұрын қозғала іркілдеп, дәу төбеттерінің жетегімен белгісіз бағытта кетіп барады.Қаптаған көп адам мұнда жоқ, тыныштық, тізгін ұшымен келіп көлігін қаңтарған таксилерді көп күттірмей, ұйпа-тұйпа шашын қолымен асығыс салалаған жас жігіттер мен өзіне сеніп шалбар киген қыздар бейтаныс көлікке тосырқамай мініп, кетіп барады.
Будан қарағаштың төмен салбыраған бұтағының үстінде үш суық торғай отыр,мойындарын аяғымен тырналап, тұмсығымен екі қанатын кезек-кезек үйкелейді. Біреуі бұтадан бұтаға тоқтаусыз секіреді, аузына бірдеңе ілінді білем,ана екеуінен қызғана жоғары өрлеп қонып, аяғындағы затты шұқылап жей бастады. Ала қарға ең биік ағаштың басында үнсіз мүлгиді...
Жүзінде ауыр оймен зілдей мұңы белгісіз әріптерге айналған кексе әйел алақабын арқалап, басын төмен сала, ілби басып "Барахолка" атанған Алматының атақты қара базарына жаяулап кетіп барады... Жұқа қара шапан, қызыл балақ шалбар киген қарт кісі бір метір ши сыпртқысымен жапырақ қуалап жүр, бір жерге үйеді,қытайлар жасап, қазақстанда құралған жалғыз дөңгелекті арбасына қайта-қайта бүкшеңдей салады. «Әкең картайса құлға жарисың» деп, қолфонын шұқыған ақ жағалы шолақ шенеунік жігіт тоқалын қолтықтап, сарала жапырақты сатырлата басып, көлігіне жетті, «Алма арасанға демалуға кетіп барамыз» дейді, уатсапта аудио жазған келіншектің үні жарқылдап.
Қоғамдық көлікке мініп Алмас межелі жеріне кетіп барады, орамал тағып, ұзын көйлек киген әдепті қызға ашулы елдердің өздері бүгінде ерксіз солардың кейпіне кіріп тұмшаланып, көздері жылтырап тойған қозыдай монтияды. Кәрі құрлықтан келген қоңқақ мұрын, ақ құлақ, қызыл көз, қырма сақал еркектің жанында аузыңа салсаң өзі еріп кететін бүлдіргендей қазақтың жас қызы соның тілінде шүлдірлеп, айналасына анда-санда басын көтере қораздана қарайды....
Көне тоз кимінен сұмдық исі мүңкіген қара бала есіктен кіре шала-шарпы Құран аятын оқи бастады. Қандай күш билегені белгісіз Алмас орнынан атып тұрып, жаңағы қайыршы баланы тоқтатып, қолына бес жүз теңге ұстатып, «Алланың сөзін қорлама, қазақтың санасын бұлай торлама» деп ескертті.
***
Кітапхананың бірінші қабатында Талшыбықтай бұралған Талшын аяғын айқастыра, ауын сәл ашып жұмсақ орындықта күтіп отыр...Жылы жымиып, қол алып амандасты.
қыздың жұмсақ алақаны жігттің оң қолына тигенде жігттің жүрегі аттай тулады. Өне бойын төк соқты.Сүйісіп амандасуға бойында күш қалмады.
-Кешіктің-ғой деп,қыз даусы жарқышақтана шықты.
- Тездеткен түрім осы болды. Алмасқа оның қыр мұрны, ойнақшыған көзі, сыңғырлаған сөзі, қиылған қасы, албыраған қараторы жүзі бек сүйкімді көрінді.
- Бүгін күндегіден де сұлуланып кетіпсің.
-Рақмет.
Екеуі үстіге көтеріліп, дисертация залына барды. Құлаққа ұрған танадай тыныштық, бұлардың іздегені де осы. Алмас ұзақ шұқиып, мақаланы қайта-қайта оқыды. Түс ауа Алмас тақырыпқа қатысты бір талай ғалымдардың еңбегін парақтады. Мына еңбектер негізінде толықтап жазу керек, кейбірін көшірме жасады. Жұмыс уақыты бітті деп, қағаздай үлбіреген ұзын саусақ, аппақ апай есікті жапты.
Зулаған көлік тоқтаусыз жүйткиді, сергек қондырғысы қалғып-мүлгіп, оларды суретке түсіріп әлі тұр. Күн қызара екеуіне қарайды. Қолфоны шыр еткен Талшын әлде кіммен сөйлесті.
Бүгін бітірмесек болмайды деп, Талшын Алмасқа наздана қарады.
-Бүгін дейсің бе, түн болды-ғой. Ертең демалыста жөндейік.
-Ертең кітапхана істемейді. Біздің квартираға жүр, менің қолымнан кешкі ас іш, сосын екі жақтап бітіреміз. Қазір сөйлескен бірге тұратын жанымдағы қыз, ол ауылына кетіп барады екен. Бар ойы мақала болған жігіт үнсіз келісті.
***
Екеуі мақалаға тағы кірісті. Алмастың басына шайтан қайта-қайта ой салып, оның әбден мазасын алды. «Жігіттігіңді көрсет... ол нағыз ерлік... ол саған дайын тұр деп, құлағына сан мәрте сыбырлады.... Бірақ «Бисмилла» деп көп айтатын Алмастан шайтан амалсыз қашып қызға барды, қыз шайтанға көніп отыр. Алмас мақалаға шындап кіріскен. Талшынға бағанағы көшірмелердің бір неше жерін сызып ағылшын тіліне аудар деп, тапсырма беріп қойған. Мақаланы бітірмей орындарынан тұрмайтынын білген шайтан Алмасқа жаңа ой беріп, мақаланың тез бітуіне көмектесті. Жарым түн ауа мақала бітті.
Меңреу түн. Мелшиеген үнсіз түн барша ғаламның күнасын бүркеп тұр, шайтандар барынша құтырына жұмыс жасауда....
-Мен кетейін, уақыт болса бір жерге барыпты.
-Шай ішіп кет. Шаршадың-ғой.
Осы кезде шайтан барын салып іске кірісі.
-Шаршауы, шаршадым, ішсем ішейін деп, ішіндегі сыбырлап тұрған үнді тыңдады Алмас.
-Міне қазір шай дайындап жіберейін деп, ас бөлмеде жүрген Талшынға талыс танау, қарыс маңдай Алмасты аймалау ойы сап ете түсті. Өз ойынан өзі ұялды. Селік етті. Шайтан отырып қалған кәрі қыздарды есіне сала қойды. Орай келді дейді сыбырлап.
Үстіңгі шкапта аузы ашық тұрған қытайша «味精» деген жазуы бар түссіз дәмдендіргіш төмен құлап, қызыл шайға қосылды. Оны байқаған Талшын жоқ, екі шыны шай ішкенде Талшының екі беті қызара албырап, денсі қызып мазасы қашты. Жігітті аңсады. Алмастың да жыланы қазықтай қатайып, қызға қызыға қарады. Екеуі бір-біріне бұрын-соңды болмаған күйде қызықты, еліді. Бойлары балқып, ойлары бір жерде тоғысты...Шайтан оны оларға әдемілеп «махаббат» деп көрсетті.
-Сен бағана жұмыс, әйел, үй деп уайымдап отыр едің...
Жарым түн болды, менің жаныма қон деп, шыдамы таусылған қыз төтесінен бірақ айтты. Талшынды тек биязы мінезімен танитын Алмас оған таңғала қарады.
-Сен мені жақсы көрмейсің бе? Жігітке қолын созды.
-Менің сүйгенім бар.
-Менің де сүйгенім бар, бірақ ол мені сүймейді..үйленіп кеткен. Талшын жігітке қарай одан бетер ұмсынды. Өне бойы ысып өртеніп барады.
Ауылдан оқуға кетерде әкесінің: «балам, жігіт болдың, үйленбесең бөтен қыздың обалына қалма! Ауыр күна. Ол күнаң мағанда жазылып кетеді» деген сөзі құлағына саңқ етті. Алмастың денесі дірілдеп, қалшылдап өзін зорға ұстап, жуынып келейін деп, жабысқан қызға өтініш жасады. Төсегінде керіліп жатқан Талшын жігітті біраз күтті, шыдамы таусылып тазалық бөлмесінің есігін қақты.
-Жаным, шықсаңшы, сені күтіп өлетін болдым деп, еркелей үн қатты.
Өз дайрағын мойнына, бетіне жаққан Алмас ақырын есікті ашты. Оның бұл кейпін көрген Талшын баж етіп тура қашты.