Әйелдерді «тәнін жиіркенбей сата беретін махаббаттың тауары», «мәңгілік адал жезөк...
«Қаламмен жазылғанды балтамен шауып болмайды...»
«Қаламмен жазылғанды балтамен шауып болмайтыны» секілді, баланың санасына сіңген дүниені ештеңемен жойып болмайды. «Бүгін не ексек, ертең соны орамыз». Еркін ойлай алатын, арманы берік, қиялы ұшқыр ұрпақ қана «Алқызыл желкенді « кеменің бір күні келеріне сенеді. Ал «педант» ұрпақ ешқашан «Ақ кемені» де, «Алқызыл желкенді» кемені де күтпейді, сәйкесінше өз қиялына қиянат жасайды, арманын тұсап, болашағына бұғат салады.
Қоғамға еркін ойлы азаматтар дәйім керек болған. Ал олардың жүріп өтетін жолы ешқашан тегіс болған емес. Олар «соқтықпалы, соқпақты» жолдармен жүреді. Бірақ бұл жолдар бір күні оларды арманына жеткізетініне сендіретін «үміті» бар кезде ғана олар күреседі. Мұндай ұзақ уақытқа созылатын сапарда адамзатқа "үміт" пен "арман" сыйлайтын қиялдары қанат бітіреді. Адам қиялын қалыптастыру – оның тұлғалық болмысын қалыптастыру деген сөз.
Александ Грин орыс прозаигі және ақыны, неоромантизмнің өкілі, символдық фантастика элементтері бар философиялық және психологиялық шығармалардың авторы. Ол 1906 жылдан бастап өмірінің соңына дейін төрт жүзге жуық шығармасы жарық көрді. «Гренландия» атанған ойдан шығарылған елді құрушы. Оны кейбіреулер балалар әдебиетінің өкілі деп атаса, кейбір сыншылар философ деп те атайды. Әдебиетшілер оны Эдгар По, Эрнст Гофман, Роберт Стивенсон, Брет Гарт секілді замандас қаламгерлерімен салыстырады. «Ол кеңес әдебиетінің классигі болып көрінеді, бірақ сонымен бірге ол: жалғыз, тордан, қатардан, әдеби сабақтастықтан тыс автор» дейді замандастары.
Өз ортасынан, заманынан, тіпті мекенінен өмір сүрген автор адамдарға армандай білуді үйреткісі келгендей. Әсіресе, балалар жүрегіне арманның гүлін егеді. Сондықтан да автордың «Алқызыл желкендерін» оқыған жас па кәрі ме өз кемесін күтуді үйренеді.
Бүгін қазақ тіліне аударылып, баспалардан шығып жатқан Александр Гриннің «Алқызыл желкендер» романы қазақ және қазақ тілді балаларға мол рухани азық болатынын, романдағы кейіпкерлер оларға өмір сүруді үйрететініне сенгіміз келеді.
Жомарт Жылкелдіұлы