Қарабұтақ ауылынан шыққан "жапон шпионы"

ӘДЕБИЕТ
4335

Мен қуғын-сүргінге ұшыраған атам Төлеген Шаңғытбаевтың тегін алдым. Оның тағдыры туралы бойжеткен шағымда бір-ақ білдім. Сөйтсем, менің де еліміздің қайғылы тарихына аздап қатысым бар екен. 

Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауылында тұратын Шаңғытбай әулеті дәулетті тұрған – ХХ ғасырдың басында қажылыққа баруға жететіндей байлығы болған. Ол үйір-үйір жылқы мен басқа да малдарды ұстайтын. 1928 жылы Кеңес билігі Голощекиннің "Кіші Қазан" саясаты уағында бұл байлықтың бәрін тәркіледі. 

1937 жылы әулеттің басына жаңа бұлт үйірілді. Алдымен НКВД қызметкерлері Шаңғытбайдың үлкен ұлы Жүністі айдап алып кетеді. Үш айдан кейін, қарашада кіші ұлы Төлегеннің, кейін Сауданың, одан соң Мағадан Бақтыгерейдің соңынан келген. Жүніс пен Сауданы атып өлтірген, Төлегенді "жапон шпионы" деп айыптап, Ярослав түбіндегі ГУЛАГ (Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы) лагерьлерінің біріне жұмыс істеуге жіберген. Менің бабам Төлегеннің елуден жаңа асқан кезі еді. Артында ұлы мен қызы: 12 жастағы Қуандық пен бір жастағы Әлима (менің әжем) қалған. Кейін Қуандық Шаңғытбаев қазаққа белгілі ақын, ҚР Халық Жазушысы болды. Ол өзінің шығармаларында омбы қарда әкесін әскердің қалай жетектеп алып кеткенін, өзінің қамшымен қалай қуылғанын жазды. 

Әкесіз қалған "халық жауының", "жапон шпионының" ұлдары көп қиындық көрді. Соған қарамастан білім алды. Қуандық ҚазҰУ студенті болып жүрген кезінде, 16 жасында қазақ тілінен оқулық жазған. Алғашқы қаламақысын жасырын түрде қазының ортасына тығып, әкесіне беріп жіберген. Куәгерлердің сөзінше, Төлеген ата сол жақта жүрген кезінде жерлестеріне арнап шағын отырыс ұйымдастырған. Осы деректі бізге жеткізген атаммен бірге болған куәгер оның көзін көріп, әңгімесін естіген. 

Атам сол күйі қалпына келместен 1941 жылы лагерьде қайтыс болды. Бізге жеткен ақпар бойынша, ағашта жұмыста жүрген кезінде оны қысқа пойыз басып кеткен-мыс. Сталиннің өлімінен соң, атамның аты ақталды. Оған дейін Әлима да, Қуандық та біраз қуғынға ұшыраған еді. 

Төлеген Шаңғытбаевтың құрметіне әкемнің ата-анасы ұлына Дулат деп ат қойды, әкесінің аты – Шаңғытбайұлы, тегі – Төлегенов деп жазылған.

Суретте: Қуандық Шаңғытбаев және Дулат Төлегенов

90-жылдардың басында журналист Дулат Төлегенов қуғын-сүргінге ұшыраған атасы туралы деректер іздеуге бел шеше кіріскен. Ол қазақстандық арнайы қызметтерді айтпағанда, КСРО КГБ, КСРО ІІМ, РФ ФСБ-сы сияқты орындарға хат жолдаған, бірақ жерленген жері де, суреті де, құжаты да табылмады. 

Өз жарияланымдарының бірінде Төлеген Шаңғытбаевты еске ала отырып, әкем Дулат Төлегенов былай деп жазды: "Біз, қазіргі заманның адамдары бәрі үшін жауаптымыз. Саяси тұтқындардың сүйегі адам етін турайтын көлікке кедергі болғаны үшін. Бұл жолдарды Воллагта дүние салған атамның құрметіне жазып отырмын, жерленген жерін әлі күнге дейін таба алар емеспін. Архивтер үнсіз". 

Сол бір қайғылы кезеңді бастан өткерген мыңдаған қазақстандық отбасылардың бірінің тарихы – осындай. Арада 80 жыл өткенде мен шөбересінің "халық жауы" атағын мақтан етемін. 

madeniportal.kz

author

Қуандық Шаңғытбаев

АҚЫН

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...