(Баян Болатханованың шығармашылығы негізінде)Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналис...
«Қиял қанаты» республикалық дуэт /сөз бен бояу/ байқауы жарияланды
Халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт /сөз бен бояу/ байқауының
ЕРЕЖЕСІ
«Сурет – бұл көре алатын өлең, ал өлең – тыңдауға болатын сурет»
Жұбан Молдағалиев – ақындық пен батырлықты тең ұстанған тұлға! «Мен – қазақпын» деп жар салып, өз ұлтының рухын асқақтатқан ақын! Өлеңде де, өмірде де көркемдікті көруден бір жазбаған қаламның қайраткері! Жайық топырағында дүниеге келген, қияға самғар қыран ақынның жалынды жыры мен асқақ бейнесін ұштастыру, ақын әлемінен жаңа бір дүниелердің жандануын дамыту мақсатында Батыс Қазақстан облысы Жұбан ақынның 100 жылдығына орай «Қиял қанаты» поэзия мен сурет дуэтінің республикалық байқауын жабық түрде өткізеді.
Мақсаты:
- Ж.Молдағалиев шығармашылығын әйгілендіру, насихаттау;
- Ақын тұлғасын асқақтату;
- Өнер альянсын /поэзия мен сурет үндестігін/ таныту;
- Оқырман жұртшылықтың жаңашыл ортасын қалыптастыру;
- Жұбан Молдағалиев лирикасының жан-жақтылығын сипаттау;
- Көркемдік және поэзиялық бейнелер арқылы ақын портретін мәдени мұраға айналдыру.
Шарты
Әрбір облыстан бір ақын, бір суретші байқауға дуэт түрінде қатысады. Әр облыс үміткерлерінің өлең және сурет туындысы дуэт түрінде /көркемдік, бейнелік, композициялық шешім үйлесімділігі/ қабылданып, бір туынды ретінде бағаланады /ақынның ойын суретші бояу тілімен баян етеді/ және бірдей жүлде тағайындалады.
/Жұбан ақынға арналған өлең және соның бояумен салынған суреті/
Байқау ережесі ҚР Суретшілер Одағы филиалына ұсынылуы қажет.
Байқауға жас ерекшелігі сақтамай, қатыстырылады.
1-ші ақынға қойылатын талаптар:
- Бұрын еш жерде жарияланбаған 1 өлеңі жіберілуі қажет;
- Өлең 10 шумақтан аспауы керек.
- Өлеңін А4 форматты қағазда компьютерде теріп, 1 дана (электронды және қағаз) түрінде бүркеншік атпен ұйымдастырушыларға ұсынады. Қосымша бөлек конвертте:
- Шығармашылық мінездеме;
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті;
- Үй және ұялы телефондары;
- Шығармасы (1 дана).
Байқау жабық түрде өтеді. Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысу тапсырыстарын 2020 жылдың 1 тамызына дейін қабылдайды. Тапсырылған құжаттар қайтарылуға жатпайды. Ал іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, кітапшаға енгізіледі.
Бағалануы
- Ақынның сөз саптауы, өлең мағынасының тереңдігі, ұйқас күрделілігі;
- тақырыптың ашылуы;
- ой мен қиялдың ұшқырлығы, идеялық мазмұны;
- көркем ой табуға ұмтылуы, жастық жалынмен жырлануы.
2-ші суретшіге қойылатын талаптар:
- Ақын өлеңіндегі ойды бейнелеудің орындау техникалары шектелмейді. /майлы бояу, графика т.б./;
- Кез келген /майлы бояу, т.б./ салынған сурет көлемі 60х80 форматтан кем болмауы керек, ал графикамен салынған сурет көлеміне еркіндік беріледі;
- Сурет 1 дана (электронды және қағаз түрінде – Қазпошта арқылы) бүркеншік атпен ұйымдастырушыларға жіберіледі. Қосымша бөлек конвертте:
- Шығармашылық мінездеме;
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті;
- Үй және ұялы телефондары;
- Суреті (1 дана).
Байқау жабық түрде өтеді. Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысу тапсырыстарын 2020 жылдың 1 тамызына дейін қабылдайды. Тапсырылған құжаттар қайтарылуға жатпайды. Суретші туындылары Жұбан мұражайларында сақталады. Ал іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, кітапшаға енгізіледі.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Бас жүлде (2) – 1 миллион теңге /ақын мен суретшінің әрқайсысына 500,0 теңге/
І орын (2) – 700,0 теңге /әрқайсысына 350,0 теңге/
ІІ орын (2) – 400,0 теңге /әрқайсысына 200,0 теңге/
ІІІ орын (2) - 200,0 /әрқайсысына 100,0 теңге/
Ынталандыру сыйлығы – 6 адам - 450,0 теңге /әрқайсысына 75,0 теңге/
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындауға, тағайындалған жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.
Негізгі шарт бойынша ақынның қайсар мінезі, батырлығы, азаматтық әуендері поэзия мен суретте үндескен дуэт-үміткерлер «Өшпес өлең» қорытынды мәдени кешіне алдын ала шақыртылады. «Өнер альянсы» көрме ұйымдастырылады.
Ақынға арналған өлеңдер мен Жұбан бейнелерінің жаңа бір топтамалық жинағы топтастырылады.
Ескерту: Қорытынды кештің нақты өтетін күні қосымша хабарланады.
- Ақын байқауға ұсынған шығармасын мәнерлеп оқи білуі тиіс;
- Жүлдегер ақын мен суретші Орал қаласында өтетін қорытынды шараға арнайы шақырылады.
Байқауға байланысты анықтамалар мен қосымша мәліметтерді мына мекенжай арқылы білуге болады: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Қ.Аманжолов көшесі, 53 үй Облыстық халық шығармашылығы орталығы Байланыс телефондары: 8/7112/ 50-06-45 Факс: 51 07 72 е-mail: ocnt-zko@mail.ru