Қош келдік ҚазҰУ, қош көрдік журфак!

ӘДЕБИЕТ
2224

Өзім тілшілікке әуестеніп, журналист боламын деп ауыз көпсіткеніммен 10-сыныптан бастап қана газетке мақала бере бастадым. Бала кезгі арманның беліне балта шапқым келмеді, шын. Анамның «журналист болмай-ақ қоярсың» деген қарсылығына құтым қашып, «не де болса журналист болуға тиіспін» деп шорт кесетінмін. Асыл арман Алматыдағы ҚазҰУ-ға жетектеп алып келді. Журналистика факультетінің төрінде оқып жатқаныма 2 жыл бітпекке жақын. Қазірде «Ақжелкеннің» жас тілшісі, онша-мұнша жұмыстарда бәсекеге қабілетті болып қалғаныммен жас кездегі журналист қызды сағынады екенсің. Газетке деген 2-3 мақаламды қолтығыма қысып, шуууу деп Сарыағаштағы (ОҚО, Сарыағаш ауданы) аудандық газетке тартатынмын. Әріден бастайын.

Ең алғаш мектеп директоры «Сенің мақала, әңгімені құр жазып жүргенің жарамайды. Ол баспа бетін көрмесе, біршама мақала жинамасаң журфакқа қабылданбайды екенсің» дегесін дегбірімнен адасып, ал кеп мақалалар жазайын. Директорымыз шіркін, жаны жақсы адам ғой. Өзі бір-екі мақаламды аудандық газетке шығарып беріп жүрді. Облыста «Сарыағаш» аудандық газеті және жекеменшік «Сәт», «Шапағат» атты газеттерден бөлек бірлі-жарымды да газет жоқ-тын. 

Жаздың кезі болатын, мақаламды шығарып, тақырыбын реттеп, сөзін тізбектеп сүзгіден өткізіп отырғандар кім деген ниетпен, анаммен жағаласып ауданға келдім. Қасымда тай құлындай тебісіп, қатар мақала жазып жүрген құрбым бар. Кішкентай ғана, бірақ біздің Сарыағаштықтар үшін «таңдайтатырға» жарайтын мекемеге кірдік. Кең иықты денесін сұр костюмы айқындап көрсететін, көзі сығырая келген, қыр мұрынды, көркем келбетті жасы алпыстарға таяп қалған, алайда «жастық келбетін, сұлулығын» жоғалтпаған (Оскар Уайдтың «Дориан Грейі есіңізге түсті ме?) Кеңес Отарұлы Балықпаев есімді газеттің бас редакторы қабылдады.

-Сәлеметсіз?- дейміз.

-Әәә, сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар- деп, көлемі аса үлкен емес кабинетінің төр жағын нұсқады.

Ол кезде жастық па, сескенген көжектей анама жалтақ-жалтақ қараймын. Ондағым тірі журналист, тірі газет басшысын көріп тұрғаныма таңмын. 

-Не мақсат алда?- дейді. Кібіртіктеп, -«Журналист болсам ба деп», 

- «әәәә, жақсы! Қайда беттейсіңдер?»

-«Астананы барлап жүрмін» дегенім сол еді, жапатармағай «ҚазҰУ» ше деді бас редактор. 

-Ол жағын көре жатармыз. «Басқа түссе-баспақшыл». 

-Сен көрме балам! Сен сол басыңа көрсет. Астана болашақтың қаласы, білем. Ал журналист тарихпен үндесуі керек. ҚазҰУ, эхххх, қарт ҚазҰУ талайымызды қанаттандырды, міне өзімен бірге қартайып барамыз. «Мектеп қартаймайды» деген бар. Қарттығымызды мойындағымыз келмей қара шаңырағымызды да құр сөзбен қартайтып отырмыз. Қарттың мыжың әңгімесі ғой бұл. Бірақ әлі де ойлан. Алматыға түсудің ретін келтір- деп ақылын ағытқан ақсақалдың сөзін тыңдап болғасын, «ҚазҰУда оқып па едіңіз?» дедім біліп тұрып.

- ҚазҰУ ұшам дегенге қанат берді, еңбектенем дегенге талап берді. Өмірлік ұстаным берді, қажыр-қайрат берді. Желөкпе көңілге сабырлық, ұшқалақтыққа тоқтау, бағдар іздегенге бағыт берді. Үлгі тұтар ұстазың арқаңнан қақса, көмегін аямаса неге ауыз толтыра мақтамасқа ол мекенді. Журналист болам деп барған балаға жүген ұстатты. «Өзіңді игер, өзіңді-өзің басқар және ешкімге бағынба, басынуға жол берме»- деді. 

Ең алғашқы тәжірибелік жұмысым осы Сарыағаштың ауыл-аймақтарын аралаумен басталды. Алматыдағы жаздың күні мен Оңтүстіктің шіліңгір шілдесін салыстыруға келмейді. Аптап ыстықта ауыл аралап, түс ауа бере мең-зеңім шығатын. Алайда, мамандыққа деген махаббат тыныш қойсын ба?! Тілшіліктен бастап журналистиканың бар саласында дерлік қызмет атқардым, маңдайға жазылыпты, шүкір! Қазір тірнектеніп тапқан абыройым арқасында Сарыағаштағы аудандық «Сарыағаш» газетінің бас редакторы болып отырған жайым. Қысқасы балам, ҚазҰУ-дың журфагында оқымағанда мұның бірін де мендік көз көрмес, сендік құлақ естімес еді. Ертең-ақ жетістікке жеткеніңді жыр қылып газет бетіне жариялайсың, ондай күн келеді. Сенің ҚазҰУ-ға түскеніңнің өзі жеңіс, соны ұқ!

Мына сөздерден кейін журфакқа деген, журналистикаға деген махаббат үдей түсті. Ойыма да от түсіп, екі жақты бола қалдым. 

Айлар өтіп жекеменшік газеттерге де мақала ұсына бастадым. Олар жариялай бастады. «Шапағат» жекеменшік газетінің басшысы да ҚазҰУ-ға түсуімді қалады. Сонымен, қанатымды қатайтқан қос газеттің басшылары да ҚазҰУ-ға жол сілтеді. 

Маңдайдағы 118 балл қолыма топ ете түсті. 2 қыркүйек күні бүкіл журфак ауыз толтыра мақтайтын Кәкен Хамзин кіріп жас талапкерлерге алдағы 4 жылға сәттілік тіледі. Сонда айтылған бір сөзі әлі жадымда жатталып тұр. «Журналистикадан кейін леп белгісі емес, сұрақ белгісі қойылады. Араңда арындағаның ғана журналист боласың. Қалғаның шыдамаааайсың» деп миығымен күліп айтылған астарлы сөз өңменнен өтті білем. «Журналистика» деп армандау бөлек екен де, «журналистпін» деп айту басқа екен. Талмай еңбектену мен өркендеуге жол аштырды, сол сәт.

Бағыт адастырмапты. Қош келдік ҚазҰУ, қош көрдік журфак!

(Бас редакторым ең соңғы әңгімелескенімде «жасым болса пенсияға таяды. «Кәрі құлжа» атандық. Кетейін десем, жыры бітпеген қыздай болдым. Қол астымдағылар шабымды алшақ бастырмай отыр. « Кетпе де, кетпе» дейді. Өзім де ұиар емес. Бірақ, орнымды бір жас басары мәлім ғой» деген. Қазір «Еркіндіктегі тұтқын» атанып, ата болып отырған болар... 

Адамбек Альфия

201- топ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...