Қытай постмодернистік әдебиеті 

ӘДЕБИЕТ
3058

Бұл мақалада 1980 жылдардан бүгінге дейінгі қытай әдебиетінің күй-жайына талдау жасалады. Қазіргі таңда қалыптасқан жаңа әдеби үрдістерге жеке-жеке тоқталып, Қытай постмодернистік әдебиетінің қалыптасау барысын саралайды. 

1976 жылы ҚКП-ның экс премьер-министрі Жуынлай өлгенде Тияньанмин алаңына шығып, халық әр түрлі өлеңдер жазылған жазбалар мен аза тұту тақтайшаларын алып шығып, бірініші сәуірден бесінші сәуірге дейін жыр жырлап өлеңдетті, билікке наразылықтарын білдірді, 4 сәуірде Бей жиң, Шаң хай, Хаң жоу, Нан жиң, У хан, Жың жу қатарлы қалаларда 2 миллион адам алаңға жиналды. 1500-ден астам өлең жиналды. /1.185/.

1978 жылы желтоқсанда Дың Шияупиң билігі орнап, экономикалық реформа мен «ашық есік саясатын» жүргізу туралы шешімін жариялағаннан бастап (Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің ІІІ пленумы 11-шақырылымы) 1989 жылы 4 маусымдағы Тияньанмин алаңындағы оқиғаға дейінгі аралық «жаңа кезең» деп аталды. Бұл кезеңде 1919 жылғы 4 мамыр Қозғалысы кезінде пайда болған жаңа мәдениет пен «мәдени төңкерісте» қирап қалған адами құндылықтарды қалпына келтіру және батыс әдебиеті мен оның көркемдік, эстетикалық тәсілін өзіне үлгі етті. 

1979 жыл қазан айында ҚКП-ның 4-ші кезекті мәдени жиналысын өткізді. Оның құттықтау сөзін Дың Шияу Пин сөз сөйлеп, әдебиетке тікелей, нақтылы тапсырмалар берді, әдебиет өзінің заңдылығы бойынша дамып отыруы керек деді. Әдебитке сыйлық беру, қаламгерлерді сыйлау, оларға қаржылай сыйлық беру мәселесі ортаға қойылды. Қытай жазушалар одағы ең жақсы әңгімелер мен ең үздік романдарға Мау Дүң атындағы әдеби сыйлық беруді, тарихи дастандарға Яау Шүегін атындағы әдеби сыйлықты беруді, кино саласындағыларға Ша Ян атындағы әдеби сыйлықты беруді, драма майталмандарына Цау уй атындағы сыйлықты беруді, Бейжиңдік шығармаларға Лау Шы атындағы әдеби сыйлықты беруді, бұдан сырт повесть, очерк, өлең, сан ун, араласпа әдебиет, аударма майталмандарына ЛуШын атындағы әдеби сыйлықты беруді ұйғарды. Мұның ішінде МауДың және Лу Шүн атындағы сыйлықтар мемлекттік деңгейдегі өте үлкен сыйлықтар болып бекітілді. Сонымен қатар өлке (район) деңгейінде Жау Шаули атындағы әдеби сыйлық, Биң Шын атындағы әдеби сыйлық, ГоМоро атындағы сыйлықтарды қытай жазушылар одағы бекітті. Мау Дүң атындағы әдеби сыйлықтың тарихы да ұзақ, ақшасы да қомақты, жазушыларға қойылатын талаптары да жоғары, сондықтан мұны қытайдың Нобель әдебиет сыйлығы деп атайды. 1982 жылы ең алғашқысын Жоу Кчин «Шуй Мау және оның қыздары» деген романымен еншілесе, 1988 жылы Лу Яу «Қарапайым дүние» романымен алды. 1994 жылы Чын Жұңшы «Ақ бұғылы сахара», 2000 жылы Алай мен Уаң Ани иеленеді, 2008 жылы Жа Пиңау мен Мәй Жя иеленді. /1.245/.

Осыдан кейін әдебиеттің жаңаша теориялары қалыптасты, мұнда жалпы шығарма құрылысына мән беруден сырт тоқтайтын жерде тоқтау, айтатын дүниені толық айту көзге ұсталды. Жаңаша құн көзқарасы қалыптасып, табиғатты жаңаша тану, қоғамдық ғылымдарға қайта талдау жасау бағыты қолға алынып, әдебиет мүлде жаңарып дамуға бет алды. Адамгершілікті жырлау, тұлғаларды көрсету басты әдеби тақырып ретінде талданды. Сонымен бірге жазушы көз алдындағы қоғамның өзгерісін жазуды тақырып етті.

1980 жылдардағы Қытай әдебиеті өз оқырмандарын сан қырлы бағытқа бастаған ерекше тенденциялар, ағымдар мен стильдерінің пайда болуына жол ашты, қызықты шығармалар оқырманды магниттей өзіне баурай алды. Әлемді таңғалдырып, тамсандырып отырған Мо Ян - осы кезеңнің жазушысы.  

1985 жылдан бастап қытай жаңа заман әдебиеті өзгеше дамудың жаңа сатысына көтерілді, айталық, «жаралы әдебиет», «кері ойлау әдебиеті», «тамырын іздеушілер» қатарлы әдеби ағымдар қалыптасып, қытай қаламгерлері өз ұлттық құндылықтарын іздеп, оны ұлықтай бастаса, енді оған мүлде ұқсамайтын «реформа әдебиеті», «post-modernism әдебиеті», «алда жүргендер», «еркін ойшылдар әдебиеті», « қала әдебиеті», «дала әдебиеті», «ақылды жастар әдебиеті», «әйелдер әдебиеті», «бизнес әдебиет», «шенеулік әдебиет», «ғаламтор әдебиеті» деген көптеген әдеби ағымдар мен үрдістер қалыптасты.  

Әдебиетте екі үлкен бағыттың төбесі көрінді, бір топ ұлттық дәстүрге қайту, тамырымызды тауып, әдебиет арқылы халықты тәрбиелейік десе, енді бір топтағылар әдебиет жалпы қоғамның шындығын болған-болған күйінде жеткізу керек, оқырман өз қалауы бойынша керегін алады деп қарады. Жалпы қалай болғанда да, қытай әдебиетінде енді батыстың құндылықтарын дәріптеу төмендеп, өздерінің ұлттық төркінін қайта тапты, ежелгі кісілік құндылықтарды дәріптей бастады, үлкен « Европалық меннің» орнына кішірейген « қытай мені» ауысты. Демек бұл кезең қытай әдебиетінің өзегіне қайта оралған кезеңі, сонымен бірге эстетика жаңарып, еркін ойлау дамыды, әдебиет шынымен де ішкі төңкерісті басынан өткерді, өлеңдерде сан алуан формаға енді. Жазушылар мен ақындар бұрынғыдан өзгеше сан тақырыптарда қалам тербеді. /1.266-270/.

 «Жаралы әдебиет». Бұл әдеби ағым аты айтып тұрғандай қытайдағы 1966-1976 жылдар аралығындағы мәдениет төңкерісінде іште пайда болған жараны, қайғы-мұңды жазды. 1977 жылдың қараша айында Лю Шинудың халық әдебиеті гәзетіне «班主任»(Сынып жетекшім) атты әңгімесі жарияланды, 1978 жылы тамызда Лу Шинхуаның «伤痕»(Жара) деген әңгімесі жарқ ете түсті. Осы екі әңгімеден кейін қоғамдағы бар шындықтың беті ашылып, мемлекет көлемінде талқы өрістеді. Артынша Соң Уншидің «Там түбіндегі бала», Чын Шышүйдың «Кішкентай қалашықтағы генарал», Жиң Жиенің «Орман арасынан келген бала» Зоң Пудың «Мен кім», Фең Жисайдің «А», Мо Иңпыңның «Генерал үні», Чын Гокайдің «Мен не істеуім керек?», Жың Иның «Үйеңкі» атты әңгімелері жаңбырдан кейінгі жауқазындай қаулады. «post-modernism әдебиеті» 1978-1979 жылдарда осы заман қытай әдебиеті қалыптасып, 1984 жылдан бастап «post-modernism» әдебиеті бой көрсетті. Бұл түрдегі әдебиеттің басты ерекшелігі - адамдар еркіндігі, теңдігі, қадір-қасиетін жазу. Бұған Дәй Хуиңның «Адамдар –ау, адамдар», Жияң Шиянның «Махаббат деген таусылмас тақырып», Ру Жыжидің «Редактордың қателігінен кеткен әңгіме», Жияң Жиенің «Паң дан», Тие Ниңның «О, қар», Фың Жи сайдың «Ұзын бойлы әйел мен мыртық бойлы күйеуі» атты шығармалары post-modernism әдебиттің алғашқы қарлығаштары саналады. 1984 жылы «Батыстың қазіргі заман әдебиетінің мәселелері бойынша талқы» атты ғылыми мақалалар жинағы қытай халық баспасынан шықты. 1980 жылдан бастап қытайға Габриель Гарсия Маркес тағы басқа да атақты осы заман шетел жазушылары қытайға танымал бола бастады. Шетел осы заман  жазушыларының таңдамалы үздік шығармаларының аудармалары қытайда қайта-қайта басылды. Сонымен бірге осы шығармаларға байланысты көзқарастарын білдірген әдебиеттанушы, сыншыларды атамасқа болмайды, Уаң Ниң, Ай Кіши, Уаң фең жын, Жау Ипан, Чың Ниң қатарлылар. Бұдан сырт шетелдік ғалымдар  Шан Дұң, Шан Ши, Бей жиң унверситетеріне келіп,  лекция оқыды. Міне осылай қытайда «post-modernism» әдебиеті ресми қалыптасты.

«Тамырын ізеушілер» бағытындағы модернистік әдебиет және «алда жүрген жазушылар» тобы. 1985 жылдан кейін әдебиетте сын жанры өте қатты дамыды, әсіресе қытай жазушылары батыстық әдеби теорияға, батыс қоғамының жаңаша ойлауына мән берді, 1985 жылды «әдебиет теориясы жылы», «әдебиет әдістемесі жылы», «мәдениет жылы» деуге болатын жыл болды. 1985 жылы Хан Шаугүң «Жазушы» журналының №4 басылымында «Әдебиет тамыры» атты мақала жазып, әр ұлт әдебиетінің тереңде жатқан өз тамыры болады, ол әр кімнің туған жерімен тікелей біте қайнасады деген сөзі ұран етті. Осыдан бастап әр жазушы өзін іздей бастады, осылай «Тамырын ізеушілер әдебиеті» қалыптасты.

Хан Шау гүңнің «Чу мәдениеті», Жия Пыңаудың «Шаң Жоу сериясы», «Чин, Хан мәдениті», Мо Янның «Қызыл жүгері», Ли Каң үйнің «Жер және құдай», «Ең соңғы балықшы», У Рытудың «Жеті мүйізді бұғы» қатарлы әңгімелері осы тамырын іздеушілік бағыттың легін толықтырды. /2.350-355/.

Еркін ойлайтындар «Алда жүргендер әдебиеті» олар күшті фантастикалық қуатқа, батыл инновациялыққа ие, көп қырлы, аса қиялшыл да елестеткіш, бейнелеуге шебер, ерекше субъективті сезім әлемін жасады. Мысалға, дүлдүл мініп, ғарышты шарлады, сырлы трансцендентті объективті дүние сомдап, айқын авангардтық рең береді. Осылай қытайша сиқырлы реализм ресми жандана бастады. Міне осылай әдебиетте қытай әдеби сыншыларының сөзімен айтқанда «ғасырлық ауыру», «өтірік жазу», «жалғыздықты жырлау» көрініс беріп, «алда жүргендер» әдебиеті қалыптасты. 

Қорыта айтқанда, бұдан бұрынғы әдебиет саяси түс алып, адамгершілікті ту етіп жазу арқылы, адамды тәрбиелеу бағытын ұстанса, 1985 жылдан кейінгі әдебиет мүлде керісінше болды. Олар қоғамның нағыз шындығын жазуға ойысты, ақты ақ, қараны қара деп бұрынғы қоғамда қалыптасқан заңдылықтарға жүгінуді тас-талқан етіп, оқырмандарына жаңаша ойлау туғыза бастады, әдебиет адам тәрбиелейді деген ұғымға күдікпен қарай бастады, десе де керегіңді сүзіп алу өзіңе байланысты деген көзқарасты ұстанды жазушылар. Осылай 1985 жылдан кейінгі модернистік әдебиет қалыптасты, ол топтың басында Уаң Мың жазған жаңаша бағыттағы «Көбелек» әңгімесі, бұдан басқа Зоң Фудың «Мен кіммін?» әңгімесін айтуға болады және Ли Тоның «Жеті әже» атты әңгімесін қоссақ болады. /3.261-266/.

Жаңаша жазудың алдында жүрген жазушылары Мо Ян, Сүн Гәнлу, Үй Хуа, Су Туң, Гы Фей, Бей Сүн қатарлылар. Бұл жазушылардың шығармасы өткенге еш ұқсамайды, оның тілі, композициясы мүлде басқа. Олар батыстың Уильям Катберт Фолкнер, Габриель Гарсия Маркес қатарлы сиқырлы реалистерге әбден еліктеп, шығарма жазуды әдетке айналдырды. 

Алда жүрген жазушылардан Юй Хуа (Yu Hua1960 жылы туылған, ер), өте оқырманы көп жазушы, оның шығармасын қытайлық оқырман Мо Яннан жоғары бағалайды. Оның «Себезгілеген жаңбырдағы айқай», «Тірі», «Шүй Сангуанның қан сатуы хикаясы», «Бауыр», «Жетінші күн» романдары оқырманын бей-жай қалдырмайды. Бұл Мо Яннан мойны озық жазушы.

Ян Лианкі Ло Яңның Гу Шиян ауданының адамы, оның жазғандары бірден дау тудырып оқырманды өзіне жабыстырып алады. Қытайда бірден бір Нобелге лайқты жазушы осы Ян Лианкі. Оның шығармалары мұхиттың аржағындағы елдерде де тоқтаусыз оқылады. 2014 жыл ол Кавкар әдебиет силығын алған. Шығармаларындағы миф пен шындықтың ұштасуы өте жоғары. Атақты романы «Диң Жуаң ауылындағы түс» Хынан өлкесіндегі спид ауыруы жайлаған ауылды жазады. «Күн нұры түскен жыл», «Халық үшін қызмет істейік» романдары осы заман әдебиетіндегі ең шоқтығы биік туынды саналады. Және оның «Өмір азабы» романы оқырманын сұмдық күйзеліске дұшар етеді. Соынмен бірге оның «Тастан қатты су» романы төңкерістің ғажайып батырларын жырлайды. Мо Яннан мойны озық жазушы саналады. Аталған екі жазушыда дәстүрлі әдеби жасампаздықты еш ұнатпайды. Ойшыл жазушылар.

Дзя Пин Ао, (Jia Pingao, ер, 1952 жылы туылған, ер) асықпай оқыуды қажет ететін, өмірдің жіңішке нәзік ирімдерін жазатын шебер жазушы. Ол «Солтүстік әуендері» романымен Мау Дүн әдебиет силығын 2008 жылы еншілеген. «Ежелгі пеш» романында мәдениет төкерісін өте әсерлі жазады, оның «Алаңғасар», «Жол бастаушы», «Кенже» қатарлы романдары оқырманның көңілінен шыққан туындылары. Мо Янмен қатар тұрған жазушы саналады. 

Хынандық Лю Жынүин ерекше жазушы, оның ауыл өмірі мен шенеуліктерді тақырып етіп жазған шығармалары оқырманды өзіне еріксіз баурайды. Оқыған сайын оқығың келе береді. Оның《塔铺》、《新兵连》、《单位》、《一地鸡毛》 романдары шетінен керемет. Сонымен бірге мына жазушыларды атаса болады: Ван Аньи (әйел), Жаң Үй, Су Туын (шын аты Су Чжунгуй), Жан Жиянлияң, Жаң Чыңжы, Чын Жоңшы, Гы Фи, Уаң Шо, А Лай, А Чың, Хан Шаугұң, Уаң Шияубо, Шы Тиешың, Лу Яу, Му Шин, Пың Жисай, Бай Шаниоң, Ян Гілиң(әйел), Ие Гуаңчин(әйел) Би Пиүй, Жин Иоң, Ду Лиаң, Май Жия, Уаң Сыңчи, Тие Ниң(әйел), Шы Зыжиян(әйел), Жияң Жие(әйел) және Тайуандық Сан Мау (San Mao, әйел, 1943-1991 ж.). Оның қаламынан маххабат, отбасы, неке,т.б., сан алуан тақырыптарды тамаша, тартымды, қызықты да ұғынықты етіп қарапайым тілмен жазатын шебер жазды. Лю Юың Тайуанның тумасы, шығармалары жастардың көңілінен көптен шығып жүрген атақты осы заман жазушысы.  Қазір Америка тұрғыны. Шетелде тұрған қытайлық жазушыдан Ли Ау, Жаң Айлиң бар.  Ал 80 жылдардан кейін туылған Хан Хан бастаған мықты жас жазушылар бар.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейін Қытай мүлде үлкен өзгеріске ұшырады, базар экономикасы жанданды, барша қытай ұлты жаңа нарықтық көзқарастың ішінде өмір сүрді, ғылым арқылы даму бағытын ұстанды, үздіксіз реформа жасау, үздіксіз ортаға бейімделу, үздіксіз алға ілгерілеу деп ұрандатты. Осы заман қытай әдебиетінде орасаң зор өзгеріс пайда болды. Шетелде тұратын қытай жазушылары мен шетелдік күштердің ықпалында әдебиет көп бағдарлылыққа бейімделді, адамдардың гуманитарлық рухани сұраныстары сөз бола бастады, әдебитте түрлі түсті ой-толғамдар бейнеленетін болды, жаңа ғасырдың жаңа мәселелері көрініс тапты. Әдеби шығармашылықта жазушы ойындағыны еркін жазуға толығымен мүмкіндік берді, әдебиетте бүгінгі күннің ұсақ-түйек тақырыптары және замандану деп ұятсыз нәрселерді жазуда өз алдына үрдіске айналды. Сонымен бірге бүгінгі күннің тұтыну мәдениетін дәріптеу басты назарға ұсталды. ХХ ғасырдың соңғы мезгілдерінде тек төмен қарап алып, кітаби жазғыштық өзгеріп нақтылы болған істер жазылып, ақпараттық, дидактикалық шығармалар жарыққа шықты. 

ХХІ ғасырда жазушыларға материалдық қажеттілік қамтамасыз етіліп, оларға рухани, қоғамдық мәселерге шындап кірісуге жағдай жасалды. 1990 жылдарда әдебиет теориясы туралы талас басталды, әдебиет жанрларын толықтыратын сахналық қойылымдар, кино, ғаламтор әдебиеті жаңа жанр ретінде қалыптасты. /4.521-528/.

1990 жылдарда басталған әдебиет ториясы жөніндегі талас және шығармада көтеретін тақырып өз шегіне жетіп адамдарға, бүгінгі қытайлықтарға жаңаша рух сыйлап, жаңа қытайлықтарды тәрбиеледі, қазіргі таңда әйелдер әдебиеті қалыптасты, тұтыну мәдениеті жөніндегі әдебиет дамып көп бағдарлы әдебиетке ұласты. 

1993жылы Уаң Мыңның «Кітап оқу» атты журналдың №1 санында «Ұлыларға табынуды жояйық» атты мақаласы шықты, ол өз мақаласында ұзақ жылдардан бері әдебиет ұлыларды мадақтап келді, бұл табыну бізді алысқа апармайды деп жазды. Ваң Шуо ұлылар қателік жасамайды ма? Түйенің құмалағы болғаны сияқты олардың да қателігі жетеді деп жазды. Сол жылы «Шанхай әдебиеті» журналының №6 санына Уаң Шияумиң «иен даладағы қағыр жер немесе әдебиет және рухани мәдениеттің қаупі» атты мақаласында ол бүгінгі заманда рухани мәдениет тоқыраудың аз-ақ алдында тұр деп жазды. 1994 жылы «Кітап оқу», «Шығыс», «Қытай кітап оқу», «Қазіргі заман және дәстүр» қатарлы газет-журналдар осы мәселе жөнінде халықтық тыңдау өткізіп, талқы өрістетілді. Осылай әдебиетте жаңаша көзқарас қалыптасты. Талқының негізгі қаузағаны: рухани мәдениет деген не? Ол қайдан келеді? Ол қай кезеде, қалай құлдырады? деген сұрақтардың төңірегінде әңгіме өрістетті. Рухани мәдениетті қайтадан жасасақ, онда қандай жасаймыз деп бас қатырды. Бұл мәселеде Чын Сының рухани мәдениетті тек зиялылыр ғана жасайды, ол зиялылар салған сара жолмен бүкіл халық жүреді, ол бәрін алға сүйрейтін рельс тәрізді алға бастауы керек деп ашып көрсетті. Зиялылар бүкіл қоғаммен халықтың алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек деді. Онда бізге қандай рухани мәдениет керек дегенге Уаң Бин бин былай деп жауап берді: Рухани мәдениет - ол діндік мәдениеттен жоғары тұратын мәдениет деді. Ол саяси жүйемен тығыз ұштастырылған мәдениет деп ой түйді көп жазушы. Тағы біреулері ежелгі дәстүрімізді негіз еткен мәдениет деді. Жаңа демократиялық мәдениет дегендер де болды. Әр адам өзін жақсы басқарып, ұлттық мәдениетін жоғалтпауы керек деді. Жеке бастың еркіндігі мен мемлекеттік еркіндік сәйкесуі керек, сонда рухани мәдениет болады деді. Осылай талқы жалғасты, сөзді тағы Уаң Мың түйіндеді, ол бізде қазір батыстық сарын бар, оны мойындауымыз керек, қазірден бастап жеке басқа табынуды тоқтатып, рухымызды тазартып, қарапайым халықтың өресін көтеруге атсалысуымыз керек деді. Бұл мәселеге Бұрынғы Шанхайлық қазір Америкада тұратын Ли Жиеде өз пікірін білдірді, ол адам идеясын азат етіп, адамдық қасиетін дербестендіруі керек деп түйді./5/

1992 жылы қытай төрағасы Дың Шияупың қытай оңтүстігін көзден кешіргенде сөйлеген сөзінде, нарықтық экономика күннен-күнге күшейіп, бүкіл елде заңдық жақтан жалпыласты, капитал негізгі орынға шықты. Бүгінгі ғаламдану заманында қоғам экономикасының дамуына ілесіп, мәдениет, ғылым-техника дамыды, әр адамның жеке ой-санасын, өмір сүру заңдылықтарын өзгертті, тіпті сөзімізді, әдебиетімізді электронды мына заман, ғаламтор тартып алуда деп атап көрсетті. 

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейін тележәшік, интернет деген дүниелер әдебиетімізді жалмап алуға мықтап кірісті, не істеуіміз керек деп бас қатырды жазушылар, 1994 жылдан бастап интернет әдебиетін қалыптастырды. Бұл түрдегі әдебиеттің ерекшелігі баяғыдай жазып, көп бейнелеп отырмай, айтар ойды тіке дәлме-дәл жеткізу, көбінде жазба тілдің орнын ауыз екі тіл басты, ғаламтор әдебиетінің басты ерекшелігі әлем, жазушы, шығарма, оқырман дейтін әдебиеттің 4 элементі ортасындағы құпиялық бірден жойылды. Онда әлем ұғымы ғаламтор әдебиетінде жоқ, жазушы да қарапайым оқырман сияқты, ал шығармада еш құпиялық сақталмастан бірден оқырманға жол тартады, оқырман болса, ырықсыз түрде шығарманы оқып, ырықты түрде өз ойын ортаға салады. Бүгінгі таңда ғаламтор әдебиеті үздіксіз дамып, кемелденіп келеді, жаңа әдебиет өздігінен дәстүрлі көне әдебиеттен алыстауда. Ғаламтор әдебиетіндегі прозалық жанрлардың «уайым-сыр», «қиял», «жарып өту», «дидактикалық», «карьера», «таңғажайып ой» қатарлы түрлері пайда болды. 2008 жылы Бейжің электронды ақпараттық компаниясы бүгінгі ғаламтор әдебиетіндегі сатылымдар жөнінде ақпаратын жариялады. Ғаламтор әдебиетінің өкілдерін атасақ Ан Нибау би, Ли Шүнхоң, Жи Жыхың, Ниң Сайчын, Чиң Үйсын, Үй Баймей. Бұл жазушылардың өзіндік қол таңбасы қалыптасқан. Бұлардан сырт Хан Ханның «Үш есік», «Чаң ан бүлігі» және Гу Жиңмиңның «Қиял қаласы», «Түстегі төгілген гүдер», Су Шиусының «Ши Заң дәрі шөбі», Хы Чиүйенің «Мен жеңілісім жеңіс» атты ғаламтор әдебиетінің туындыларын атауға болады. Сайттардан қытай жазушылар одағының «Шин Лаң» сайты көркем әдебитте көш бастап тұр. /1.235/.

80 жылдардан кейін туылған ғаламтор әдебиетінде дүрілдеп тұрған атақты жазушылар легі де аз емес, көштің басында Хан Хан мен Гу Жиңимиң тұр, бұлардың шығармасы оқырманды өзіне бірден тартады. Жаң Үйеран, Иан Гі, Жияң Иапың, Ди Ән, Яу Нияң, Шүн Шу, Лың Ниң, Лю Үйха, Ән Иру, Би Лиңпың, Шүй Шияуүн, Жияң Паңжоу, Таң Чау, И Бай, Шүй Үанжы, Жаң Жияи, У Үйнши, Лиң Шүнжы, Сүн Лүңпың, Лю Унтау қатарлыларды атауға болады. 2009 жылдың 25 маусымында қытай жазушылар одағы бір жылдың өзінде 408 жаңа жазушыны мүшелікке қабылдады, бұлардың ішнде Жин Иоңмың деген жас жазушы да болды. 2009 жылдың 8 қыркүйегінде жазушылар одағы №7 кезекті мәжілістің 8-отырысын өткізді, осы кезеде Жин Иоңмыңды жазушылар одағының құрметті алқасы етіп тағайындады. Сонымен бірге оның дидактикалық романын бүгінгі күннің талабына сай жазылған деп мадақтады. /5/. Аталмыш мәжілісте әдебиет тезден қимылдап, жазушылар мен журналдар, баспалар нарықтық заманға мықтап бейімделіп, мемлекеттің тұтыну мәдениетін жазуы тиіс деді. Мұнда жазушы әдебиет пен саясатты бөліп қарастыру керек, биліктің басқаруындағы жазушы мен баспа үйі болмауы тиіс деді. Енді бір жағынан нарық пен саясат бір-біріне байланысты, базар экономикасы әдебиеттің дамуына өз кері әсерін тигізері сөзсіз, алайда әдебиетте нарыққа бейімдеп, бүгінгі заман өзгерісімен бірге өзгертіп, адамдардың қажеті бойынша жазу керек, тіпті әдебиет заманға қарай керек болса, жарнамалық рөл де атқаруы тиіс деді, міне, осылай әдебиеттің жүгі әр дәуірде басқаша болады. Тұтыну дәуірі мен электронды мына заманда әдебиет дәстүрлі қалпынан өзгеріп, нарықтық және бұқаралық сипатқа ие болуы шарт. Бұл жаңа дәуірдің талабы, жаңа дәуір әдебиеті жалпы халықтық әдебиеттен сырт мемлекет имиджін көтеретін әдебиет және шенеуліктер әдебиетін да қолға алуға міндетті. 2004 жылы Сы Чуан өлкелік «Әдебиет сын» журналы және өлкелік унверситеттің әдебиет және ақпараттық институтының ұйымдастыруы мен бүкіл ел бойынша «Тұтыну дәуіріндегі әдебиет және мәдениетті зерттеу» атты ғылыми семинар өтті. Мұнда тұтыну мәдениеті, әдебиет пен бейнелеу өнерінің айырмашылығы жайында талқы жүргізілді. Атап айтар болсақ, осында сөз алған ғалым Тау Дұңпың біз қазір нарықтық заманды басымызға мықтап киіп, тұтыну мәдениетін жасаудың үстіндеміз, бізге енді адамзат мәдениетінің бөлшегі саналатын эстетикалық мәдениетті сауда-саттықта қалыптастыруымыз тиіс деді. Осындай қалың талқы, пікірлер қытай әдебиетін алға алып барады.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. 曹万生主编,中国人民大学出版社, 中国现代汉语文学史。2010.
  2. 浓乐主编,中国现当代学(下册)北京: «高等教育出版社»,-1986.

3.王自立主编,中国现当代学(下册)// 北京: «高等教育出版社», - 2006.

 4. «Жаңа заман Қытай әдебиеті» «中国现当代文学», Н. Абдурақын. Алматы, «Қазақ университеті». 2013.

5. www.baidu.com

References

1. Cao Wansheng, Zhongguo renmin daxue chubanshe, Zhongguo xiandai hanyuwenxueshi. 2010.

2. Nong Yue, Zhongguo xiandangdaixue (xiaci), Beijing: “Gaodeng jiaoyu chubanshe”, -1986.

3. Wan Zili, Zhongguo xiandangdaixue (xiaci), Beijing: “Gaodeng jiaoyu chubanshe”,-2006.

4. “Zhana zaman Kitay adebiety” «Zhongguo xiandangdaiwenxue», N. Abdurakyn. –Almaty, “Kazak Universitety”. -2013.

5. www.baidu.com


Нұрхалық Абдырақын

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...