АңдатпаОсындай бір үлкен істі жазуыма жақынғы жылдары ұлы адамдарды қалпақ етіп киіп алатын мақалда...
Жоламан Әйткен. Жұлдыз жорамал
4770
Түс Қай фəни үстем?! Кей нəпсі досқа айналды жай тани түскен. Ғафлет ұйқыға амалсыз тереңнен батып, Шошып ояндым қым-қуыт шайтани түстен. ...басқа бүйірмен, Кездерім көп пе жалғанда босқа күйінген?! Дұғамды оқып қайтадан көз ілемін де, Рахмани түсті көремін досқа сүйінген. Ұйқы да - парыз! Қорқыттың көрі - түстегі бейкүнə аңыз. Вольтер мен Август, Вагнер мен Бетховен, Моцарт, Керек десеңіз Декарт та ұйқыға қарыз! Түстер де - өңге, Ақындар көрген айналар түстер өлеңге. Отырмас едік кен санап кестеге қарап, Қарт Менделеев сол түні түс көрмегенде. Қорқыт бабам да, Өз көрін көрген əр жерден жортып ғаламда. Тым ұсақталып кетпес еді ұрпағы ханның, Бұқар Жырауға сол түсін жорытпағанда. Жақсы, жаманға жорытсаң, сол бұрын келген, Түстер - ақиқат. Өлшенбес ол ғылымменен. Дұғамды оқып тағы да ұйқыға кеттім, Оң қырымменен. Гүл мен жүрек Сені ойламады деймісің, әйтпесе,... Егер, Қызыл раушан құлпырған, қайтпесе -өлер?! Гүл солады - аялап, баптамасаң! Мәңгі гүлдеп тұрғанын нақ қаласаң, - Шуағына малып ап күн нұрының, Сезім сумен ұзартып гүл ғұмырын, Көктем болсын, қыс болсын күт үнемі, Саусағыңа батса да тікенегі. Жапырағы сен жоқта сарғайғанда, Сағынышыңды жеткізші шалғайдан да. Сырын аңдып майысқан сабағынан, Тастамасаң сен-дағы жанарыңнан, Күнді көрер гүл сонда көз ілгенде. Жайқалады - жан сырын сезінгенде, Сезінгенде, аялар жанның барын! Сағыныштың таппайсың ал, жұмбағын, Сені ойламады деймісің содан кейін, Жанды баптау байқасаң одан қиын.
Жұлдыз жорамал Балықтар. Сіз қалай болса да, ренжіткен достарыңызен қайта татуласыңыз, ал кешке жарыңызбен ренжісесіз. Бүгін бір пайдаға кенелесіз. Жаңа өзгерістерді қабылдаудан қорықпаңыз. Газет бетінен
Ойыма келіп қонақ-арманым, Шашудан қиял орап алғанмын. Қайда барсам да ұрынған көзге, Оқыдым жұлдыз жорамалдарын. Көңілім көкке қалықтар ма еді?! Жұлдызым қайсы?! Балықтар ма еді?! Анықтар ма еді болашағымды, Не дейді екен жарықтар елі?! Достар арасын дұрыста дейді, Әйеліңменен ұрыспа дейді. Төсекте қанша жатсаңыздағы, Бүгін бір пайда, ырыс бар дейді. Оқыдым-дағы көңілім түсті, Жорамалсыз-ақ өмірім күшті. Жатсынып тұрды астролог сөзін, Аллаға деген сенімім ішкі. Досымдай артпас өзге ешкім сенім, Ренжіткен жатқа сөз де естірмедім. Қабырғамменен керіспек түгіл Жар болар жанды кездестірмедім. Аспан ғажабын көрмеді жандар, Жорамалдағы келмеді сандар. Жұлдыздар біткен жол көрсетеді, Адаспас үшін жердегі жандар. Аққан жұлдыз Жанарыма о, ғажап, жарық түскен, Алқаларын пәк аспан тағыпты іштен. Мені ойлап әлдекім жылайды үнсіз, Шоқ жұлдызға көз тастап ағып түскен. Жұлдыз ақты...жүрегім дірілдеді, Ит тірлігі біреудің сүрілмеді. Бірақ бүгін ешкімнің өлгені жоқ, Бірақ бүгін ешкім де тірілмеді. Балалық-ай, жұлдызды санаушы едім, Бір тілектің болғанын қалаушы едім. Аққан жұлдыз, білдім бе, оқ екенін – Бұзып шыққан жын үшін алау шебін. Балгер - сорлы, ғайыппен араласқан, Хабаршы жын ат-тонын ала қашқан. От пен нұрдың айқасқан алаңында, Жанына ем іздейді жаралы аспан. Жаралы аспан, осылай, тұнжырады, Жаңбыр жауса, дейсің бе кім жылады?! Жер бетінде қаза көп, мола да көп, Таусылмады аспанда жұлдыз әлі. Жанарыма о, ғажап жарық түскен, Алқаларын пәк аспан тағыпты іштен. Мені ойлап әлдекім жылайды үнсіз, Шоқ жұлдызға көз тастап ағып түскен. Сезім айнасы Әлемде жоқ қой мінсіз адамың, Дәлелде деме текке кеп. Мен саған сосын гүлсіз барамын, Үнсіз қаларсың өкпелеп. Солып қалады гүл де арада, Мәңгілік нені сағындық?! Күншілдер көрер күнге қарама, Айға қара да, жанымды ұқ. Жанымды ұқ менің, ұққың келсе егер, Өзгелер анық ұқпасы. Биікке бірге шыққың келсе егер, Жүректің, міне, тұтқасы. Биікке шықсақ тек сенің арқаң, Құлап та қалар кезіміз. Өмір – сүргенге жеп-жеңіл, қалқам, Қиындататын өзіміз! Тағдырды адам сүрген бе жазып?! Басқа жол шаршап іздеме. Аруды сүйдім гүлден де нәзік, Солмайтын қыста, күзде де. Сəуле боп кіріп кей түнгі шақта, Жанымда гүлдей жайнашы. Кіршіксіз таза кейпіңді сақта, Махаббатымның айнасы! Ақ бет-ару Бәз қалпында Баянтау бұрынғыдай, Құсқа салсаң, бұл жақта, шығын құмай. Ақбеттауда асқақтық бар деседі, Нәзіктік те бар шығар бұрымдыдай. Жақындамай сүйсінер жат шетінен, Ақбет-Ару – мүсіні нақ бекіген. Ара-тұра жарысып жел өбеді, Ешкім сүйіп көрмеген ақ бетінен. Бойшаңдығын Баянның байқады аспан, Тау-Аруға Күн менен Ай таласқан. Сұлулықтың алдында алма-кезек, Тәулік бойы тағдырлар тайталасқан. Тылсым аспан теңеген тауды аруға, Күш жетпеді көңілін аударуға. Болар еді Айға да қызығуға, Болар еді Күнге де алдануға. Мың бір тылсым бар екен шың-қатпарда, Жұмбақ бұлақ Ақбетте, жұмбақ тал да. Үн қатқанда құстары Күн шығады, Тұншығады табиғат Күн батқанда. Бүркенеді Ақбеттау таңға налып, Сол бір түннен құпия қалғаны анық. Күн батқанда күнәға батқан шығар, Ақбеттаудың етегін қанға малып. Күннің нұры шыңдарын өбіп көктен, Түн баласы қырларын көрікті еткен. Ал, Кемпіртас – Ақбеттің әжесі еді, Қыз күндерін сағынып шөгіп кеткен. Кемсеңдемес Кемпіртас уайымынан, Жаласы көп Ақбеттің қайыңынан. Таудай бақ бар сыйлаған таң нұрынан, Таудай мұң бар жимаған айылынан. Жақсыаула, Жаманаула – құрбылары, Тау-ғұмырдың тағдырын жыр қылады. Тас боп қатқан сондағы пәк көңілі, Жас боп аққан сондағы бір бұлағы. Ақбеттау – Ақбет-Ару... *** Мезгілдер алдағаны ма? Гүл айтшы солады неге? Қолдарым тоңады неге? Кінәлі салқын дала ма?! Кінәлі салқын ғана ма?! Сұлуға жанымыз құштар. Білмеймін. Қысылғаным ба? Қолымды ұсынғанымда, Сол сұлу қолымды алмады, Арманым орындалмады. Сол қызды жолықтырғанда, Жүк артып арқама ғалам, Қолымды қалтама салам, Сезімдер шайқалар деумен, Қолымды қайтарар деумен
madeniportal.kz