Назарларыңызға ақын Ербол Алшынбайдың Қарқаралы сапарынан туған су жаңа "Қарқаралы ғазалдары&q...
Содан кейін өлең жазбай кеттім
Мына суретте: ақын Тұманбай Молдағалиевқа өлең оқып отырған жас кезім. Кейін Тұманбай ақынға оқыған өлеңдерімді қайта қарап көрсем, нашар шыққан сияқтанды. Тұманбай ақын бетімді қайтармайын деп жорта мақтаған екен ғой деп ойладым. Ұят-ай,осы күнге дейін ешкімге ғашық болып үлгермеген басым, қып-қызыл махаббат жайлы көсіліппін-ау кеп!
Кейін жасым 35 ке келгенде, еңбек демалысымды алып, ауылдағы нағашым Жылқыбайдың "Жирентай"көліндегі жайлауына барып дем алдым. Бірде,
Жылқыбай нағашым шұқшиып газет оқып отыр екен. Газеттің бүткім бір бетін алған өзімнің өлеңдеріме көзім түсті. Ақын Қомшабай Сүйініш алғысөз жазып, ақындыққа тұсау кесер беріпті.
Нағашымның мінезі ауыр кісі еді. Газетті оқып отырып мырс етіп кұлді де сосын:
- Қазақтың сөздерін басын аяғына, аяғын басына қойып жаза берсе - өлең боп шыға береді екен-ау? - деді.
Жүрегім зу ете қалды.Содан кейін өлең жазбай кеттім. Содан білем ақындардың қандай азаппен өлең жазатынын.
Болат Омарәлиев