Соғыстан кейін қазақ әдебиеті қандай күй кешті? Әдебиетімізді әлі де зерттеуді талап ететін, сұрағы...
Тоқаев Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» дегені нені меңзейтіндігін айтты
Азия біріге алады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азия бір кездері айырылып қала жаздаған мәдени, тарихи қатынастарын қалпына келтіруде. 20 ғасырда 2 жүйенің текетіресі Азияны да екіге бөліп, тұтас мәдениеттер арасына сызат түсірді. Орталық Азия темір құрсауға алынды. Халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды. Алайда, біз бәрімізге ортақ, бастауы бір құндылықтарымызды сақтап қалдық. Жасанды кедергілер жойылған соң біз біртұтас әлем екенімізді қайта сезіндік», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы отбасылық және қоғамдық дәстүрлер, еңбекқорлық пен білімге ұмтылу Азия халықтарына тән асыл қасиеттер екендігін баса айтты. «Мәдениеттердің жарасымды дамуын бір сөзбен әралуандық үйлесімі деп түсіну қажет. Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айтқаны осыны меңзейді. Азия біріге алады. Қайта жаңғырған Ұлы Жібек жолы осының дәлелі»,- деді Қ.Тоқаев.
Бұл ретте Қазақстан Президенті қаламгерлердің еңбегі Азияның ұлы мәдениетін жаңғырту ісіне елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. « Еуразия жүрегіндегі қазақ даласы Батыс пен Шығысты жалғайтын дәліз ғана емес. Ұлы дала елі сан тараптағы ғылым мен білімнің, өркениеттердің тоғысқан тұсы. Бүгінгі форум қазіргі заман үрдістерінің адам әлеуетін дамытуға қызмет ететіндігін көрсетіп отыр. Рухани кемелденуге ұмтылмай өркендеу болмайды. Ондай дамудың ешқандай маңызы жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.