Елордада көпқабатты тұрғын үй өртке оранды (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2251

Астана қаласындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлады madeniportal.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Анет баба көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі өртенген. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғын үйдің терезелерінен жалын пен түтін шығып жатқанын көруге болады.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнынан 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Өрт 15 шаршы метр алаңды шарпыған.

Белгілі болғандай, 7 қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенген. 

- ТЖМ құтқарушылары түтінді аймақтан баспалдақ маршымен 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...