Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. Аузымда – шамдай жарық тіл

ӘДЕБИЕТ
2397

Іштен шығарам, жапырақтанған бу түріндегі самалды.
Оным – уайымдамасқа бір амал-ды.
Түнжарымдағы тұман тасты да гүлдетіп кеткен.
Қаңтар.
Таң алды.

Мына қу тірліктен қандай айырмашылығы бар екен,
Бір көріп қайтсам, шіркін, тамұқты...
Аузымда – шамдай жарық тіл.
Аяз түрінде қылшылдаған қылыш жұтамын сәт сайын.
Аспанда жұлдыз тоңып тұр.

Жан жарым – алыста.
Өзімді сәл жетімектеу сезінем.
Арқа қозғанда, уақыттан да озып ем...
Түні бойы қаланы күзетіп жаттым,
Жарықтық Айдың көзімен.

Балконымдамын сол...
Жүрегімдегі нұр үлкен...
Бір де бір суық ойым жоқ, жыр үркер.
Жазу бөлмемде қаламым серейіп жатыр, қаны ұйып.
Қазір соны барып тірілтем.

author

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ФИЛОСОФ

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...