ӘңгімеКүдіктенгеніндей-ақ, үй іші мұның «Көшербай бабамның атын шығарамын. Той жасап, ас берем...
Ұлықбек Есдәулет қазақ әдебиетін дамыту жөнінде мемлекеттік тұжырымдама жасауды ұсынды
Ақын, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Қазақ әдебиетін дамыту тұжырымдамасын жасау бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ұсыныс Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында айтылды.
«Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды. Бұл аралықта жаңа ұрпаққа жаңа ережелер қажет екенін түсіндім. Бізде қазіргі заманауи философтар жоқ. Біз индустрияландырудың төртінші бағдарламасын жүзеге асыратын уақытта өмір сүрудеміз және өкінішке қарай, рухани салада ұтылып келеміз. Еліміз экономикалық реформаға көшіп жатыр, бірақ мәдениетке, рухани салаға қолдау аз, сол себепті қоғамымызда рухани дағдарыс болды. Сыбайлас жемқорлық және басқа да қоғамдағы келеңсіз құбылыстар біздің рухани дамуымызға ықпал етті, сондықтан жас ұрпақтың мәдени дамуы артта қалып келеді. Өкініштісі, біз кейбір құндылықтарды жоғалтып алдық. Елімізде Қазақ әдебиетінің жағдайы мәз емес, себебі қолдау жоқ. Әрине, соңғы уақытта кітапхана қорлары толықты, бірақ аудандық немесе ауылдық елдімекендерге жаңа кітаптар жетпейді», - деді Ұ. Есдәулет.
Оның айтуынша, рухани дамуды қалыптастыру – басты міндет болуы керек және ұлттық бірегейлік үшін ең алдымен, мәдениетті дамыту қажет.
«Бұл – қысқа мерзімде өзгертуге болатын құбылыс емес, оған уақыт керек. Жастарға еңбексүйгіштіктің жаңа қасиеттерін үйретуіміз керек. Әдебиеттегі басты қару – тіл. Демек, жастар ана тілінде сөйлеуі қажет. Олар бірнеше тілді білуі мүмкін, бірақ ең алдымен ана тілінде сөйлеп үйренуі тиіс. Сондықтан қазақ тіліндегі мультфильмдер арнасын ашып, әлемдік мультфильмдерді қазақ тіліне аудару керек. Әрине, біз жаһанданудан қорқатынбыз, бірақ жаһандану бізге баяғыда келді. Қазір кішкентай балалар қазақша емес, шетелдік өнімдерді көп көреді, бұл біздің идеологиямызға өте зиян. Біз үшін ең бастысы – өскелең ұрпақтың ана тілінде білім алуы, одан әрі басқа тілдерді оқып, бәсекеге қабілетті болуы. Мұның бәрі оқулықтарға, мәдениетке, өнерге және ең алдымен тілге байланысты. «Баспасөз туралы» заң қабылдап, Қазақ әдебиетін дамыту тұжырымдамасын жасау қажет. Мұндай тұжырымдамалар біздің көршілерімізде де бар. Сосын Ұлттық бірегейлікті дамыту туралы тұжырымдама қабылдауды ұсынамын», - дейді Ұ. Есдәудет.