Ұлытауда республикалық мүшәйра ұйымдастырылады

ӘДЕБИЕТ
2003
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-і, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласының «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі мен Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі ағымдағы жылдың 1-27 тамыз күндері аралығында «Аңыз тұлға, абыз тұлға – Кетбұқа» тақырыбында жас ақындардың (жазба) Республикалық мүшәйрасын ұйымдастырады. 

Ұлт ұясы атанған Ұлытау мен оның топырағында өткен тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар тағылымын дәріптеп, насихаттау, өлең өзегіне айналдыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 
Сондай-ақ, Шыңғыс қаған дәуірінің, Жошы ұлысының даңқты тұлғасы, қолбасшы, жырау, абыз, күйші Кетбұқаның есімі мен ерлігін жырға қосу. жас қаламгерлердің шығармашылығына қолдау көрсету. 
Айта кетейік үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.
Мүшәйра ЕРЕЖЕСІ

Жас ақындар мүшәйрасының мақсаты:
-Ұлт ұясы атанған Ұлытау мен оның топырағында өткен тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар тағылымын дәріптеп, насихаттау, өлең өзегіне айналдыру;
-Шыңғыс қаған дәуірінің, Жошы ұлысының даңқты тұлғасы, қолбасшы, жырау, абыз, күйші Кетбұқаның есімі мен ерлігін жырға қосу;
-жас қаламгерлер шығармашылығына қолдау жасау. 
Мүшәйраның шарттары:
-Мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
-мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс: 
  • бірінші өлең Кетбұқа абыздың өмірі мен өнегесі жайлы;
  • екінші өлең Ұлытау және ұлт тағдыры мен тағылымы туралы;
  • үшінші өлең еркін тақырыпта болуы – шарт;
-мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;
-байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.
-шығарма мәтіні (тақырыбымен қоаса) электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні ашық көрсетіледі;
-ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), жеке куәлігінің көшірмесін, фотосуретін (6х9), байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек;
-үміткерлердің шығармалары 2022 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады;
-мүшәйраның қорытынды шарасы осы жылдың 27 тамызында Жезқазған қаласында өтеді деп жоспарлануда (өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады);
-қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;
-марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана қатысады, іссапар шығыны келуші тараптың өз есебінен;
-бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
-қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;
-мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;
-қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі;
-мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін.

Жүлде мөлшері:
Бас жүлде – 1 000 000 тг
1 орын (біреу) – 500 000 тг
2 орын (біреу) - 300 000 тг
3 орын (біреу) – 200 000 тг
Арнайы сыйлық (үшеу)– 100 000 тенгеден х 3 = 300 000 тг
Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) –50 000 тенгеден х 3 = 150 000 тг

Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: 
ist-arh.m@mail.ru
Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефондары: Қапарова Раушан Оңқонысқызы ж.т 8 (7102) 73-72-04, ұялы тел: 8 705-413-45-11 
Мүшәйраға қатысқан өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығарылады.
Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады. 
Ұйымдастыру алқасы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...