Жолдауда қоғамдағы ең өзекті мәселелер айтылды - Қали Сәрсенбай

ӘДЕБИЕТ
1986

«Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы - еліміздің даму бағытын айқындайтын негізгі құжаттың бірі. Бұл Жолдауда да Президент еліміздегі басты мәселелерге тоқталып, оларға назар аударды. Атап айтар болсақ, спорт саласы. Биыл Токио Олимпиадасында бірде бір алтын, күміс алған жоқ. Тек қоламен шектелдік. Осыған орай, Мемлекет басшысы спорттағы ахуалды бөлек кеңесте қарау қажеттілігі туындағанын айтты. Демек, спорт саласында алдағы уақытта іргелі ізденістер, өзгерістер, жалпы реформа жүруі тиіс деген ойды білдіреді деп ойлаймын», - деді ол. 

Жолдауда айтылған білім саласына байланысты спикер өз ойын былайша жеткізді. 

«Мемлекет басшысы Жолдауында білімді дамыту біздің аса маңызды басымдығымыз деп атап көрсетті. Мысалы, грант мерзімін үш жылмен шектеу білімді дамытуға едәуір кедергі келтіріп отырғанын айта келе, гранттың мерзімін бес жылға ұзарту туралы айтты. Демек, ендігі уақытта білім саласында үлкен ізденістер мен өзгерістер жасауға мүмкіндік туады деп ойлаймын», - деді Қали Сәрсенбай. 

Ол Жолдауда тіл мәселесі оның ішінде қазақ тілінің маңыздылығы жайында нақты жауап берілді деп санайды. 

«Ата заңымыз бойынша Қазақстанда жалғыз мемлекеттік тіл бар, ол қазақ тілі. Президент болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы, бұл отансүйгіштіктің басты белгісі екенін, демек, елімізді мекендейтін барлық диаспаролардың қазақ тілінің үйренуі, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетуі, ол басты міндеті болуы тиіс екенін атап өтті», - ол. 

Қали Сәрсенбай кітапханашылардың жалақысын өсіру өте орынды болғанын айтты. 

«Шынын айтқанда ауылды жерлерде кітапханалардың қазіргі жағдайы өте мүшкіл десе болады. Бұл ретте кітапханашылардың еңбегін бағалау, оны қанағаттандыру - осы саланы дамытудың ең басты шарты. Сондықтан кітапханашылардың жалақысын көтеру өте орынды болды». 

Оның айтуынша, Президенттің дарынды жастарды тікелей мемлекеттің қамқорлығына алу туралы Үкіметке арнайы тапсырма беруі, өте қуанышты жағдай болды.

madeniportal.kz

author

Қали Сәрсенбай

ЖУРНАЛИСТ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...