Атырау мен Алтай арасына рухани кеңістік орнатқан биылғы мәдени мерекелердің басталып кеткеніне де б...
Жолтай Әлмашұлы. «...БӘРІН ЖАСТАР ЖАСАЙДЫ!..»
Сонымен, елімізде «Жастар жылы» старт алды! Қолымызды кеудемізге қойып сөйлейікші, болашақта кімнен үміттіміз? Әрине, жастардан! Болашақты кімге сеніп тапсыра аламыз? Тағы да жастарға! Ақын Мағжан жайдан-жай «Мен жастарға сенемін...» деген жоқ шығар-ақ! Жастар, расында да тау қопарар алапат күш! Олар барлық салада да қайрат көрсетіп, ел ертеңін гүлдендірері тағы ақиқат.
Енді өз саламызға бұра сөйлесек, бүгінгі Елбасымызбен болған үлкен жиында Әдебиет орталығын ( академиясын) құру туралы бастама көтерілуі де көңіл қуантады. Көркем әдебиет, қалай десек те, ұлттық рухтың ат байлар қазығы! Барлық ізгі ойлар мен парасатты әңгімелер сөз арқылы айтылып, сөз арқылы жетеді. Демек, Сөзден ұлы ештеңе жоқ! Сол кестелі сөздің басиесі – мына біз айтып отырған Әдебиетшілер қауымы! Аға буынға аманшылық! Жастарға жарқын жол! Биылғы жылдың қанжығаға байлар олжасы мол болғай, іншалла!!!