"Жырлаймын сені, Жаңаөзен!" атты мүшәйра жарияланды

ӘДЕБИЕТ
1628

Республикалық жазба ақындар мүшəйрасының
ЕРЕЖЕСІ

ҚР Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "ӨзенМұнайГаз" АҚ жəне Жаңаөзен қаласы əкімдігінің қолдауымен Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына арналған Республикалық "Жырлаймын сені, Жаңаөзен" атты жазба ақындар мүшəйрасын жариялайды.

Мүшəйраның мақсаты:

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, егемен елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын поэзияның құдіреті арқылы қалың жұртшылыққа паш ету.
- ұлт зиялыларының ұстанған бағытын насихаттау, рухани ұлттық мұрамыз бен дəстүрлі құндылықтарымызды дəріптеу;
-Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісіне жол ашу жəне сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу;
-Киелі мекен Маңғыстау өңірі, оның ішінде Жаңаөзен қаласының тарихын танып-білуіне түрткі болу;

Шарттары:

-Мүшəйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
-Қатысушы ақын берілген тақырыптар бойынша екі туындысын ұсынады.

Байқауға ұсынылатын тақырыптық бағыттар:

1. "Жырлаймын сені, Жаңаөзен!" 
Жаңаөзен қаласының 50 жылдық тарихы мен жеткен жетістіктерін, бүгінгі келбетін жырлай отырып, мұнайлы мекеннің топырағынан сыр шерту;

2. "Өлең - сөздің патшасы" қатысушы ақын өз қалауы бойынша еркін тақырыпта бір өлең жазу;

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

-Ұсынылған шығармалардың тақырыпқа сай келуіне;
-Шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
-Туындының көркемдік сапасына баса мəн беріледі.

Байқаудың қорытындысын шығару:

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына - Республикаға белгілі ақын, жазушылар тағайындалады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және басқа мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Мүшəйра жабық түрде өткізіледі. Қазылар алқасының алдын-ала шығарған шешімі бойынша, жүлдегерлер 2018 жылдың қазан айының 18-інші жұлдызында марапатталады.

Бас жүлде (біреу)- 500 000 (бес жүз мың)
Бірінші орын (біреу)- 250 000 (екі жүз елу мың)
Екінші орын (біреу)- 100 000 (жүз мың)
Үшінші орын (үшеу)- 75 000 (Жетпіс бес мың)
Арнаулы сыйлықтар (бесеу)- 50 000 (елу мың)

Байқауға қатысатын шығармалар 2018 жылдың қазан айының 10 - на дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады.

Жаңаөзен қаласы 5 ш/а, Қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі.
"Неке сарайы" ғимараты, 202 бөлме.
Тел: 8(72934)5-71-75
Эл.пошта:
Uzen_kultura@mail.ru
tilegen_ali@mail.ru
Ұялы байланыс:
8 702 281 69 31
8 701 462 32 85

Қосымша: Байқау жеңімпаздарының Жаңаөзен қаласына орналасуы, жататын орыны , тамағы - ұйымдастырушылар тарапынан қарастырылады.

Ескерту: Байқау жеңімпаздары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына келіп-кету жолақысын өздері көтереді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...