Семейде көлігіне екі бұзау отырғызып алған жүргізуші жауапқа тартылды

видеодан алынған скрин

Аймақтар
385

35 жастағы "жигули" көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының тұрғыны "жигулейдің" салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әкімшілік жауапкершілік бабының санкциясымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...