«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп дана халқымыз тегін айтпаған ғой. Дүниежү...
Тұңғыш облыстық олимпиада нәтижелері қорытындыланды
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олмпиаданың облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға жүлдегер оқушылар мен жетекшілері, мектеп директорлары, білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Бағалау қорытындысына сәйкес облыстық олимпиададан І орын алған 45 оқушы, ІІ орын алған 50 оқушы, ІІІ орын алған 58 оқушы және жақсы нәтиже көрсеткен 46 оқушы мен олардың жетекшілеріне, оқушылардың жұмысына бағалау жасаған 55 сарапшы мұғалімге құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, жалпы есеппен үздік олимпиадалық командалар анықталды. Атап айтқанда, ауыл мектептері арасында І орынды Жаңаарқа ауданының О.Жұмабеков атындағы тірек мектебі, ІІ орынды Жаңаарқа ауданының Б. Амалбеков атындағы тірек мектебі, ІІІ орынды Ұлытау ауданының №1 тірек мектебі иеленді.
Жалпы білім беретін мектептер арасында І орынға Жезқазған қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі, ІІ орынға Жезқазған қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі, ІІІ орынға Сәтбаев қаласының №25 жалпы білім беретін мектебі ие болды.
Лицейлер мен гимназиялар арасында І орынға Сәтбаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы, ІІ орынға Жезқазған қаласының №8 гимназиясы, ІІІ орынға Жезқазған қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі ие болды.
Жаратылыстану -математикалық бағыттағы пәндер бойынша І орынға Жезқазған қаласының №8 гимназиясы, ІІ орынға Жаңаарқа ауданының О.Жұмабеков атындағы тірек мектебі, ІІІ орынға Жезқазған қаласының №26 гимназиясы ие болды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша І орынға Сәтбаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы, ІІ орынға Жезқазған қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі, ІІІ орынға Жезқазған қаласының №4 жалпы білім беретін мектеп ие болды. Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша жалпы есеппен үздік деп танылған абсолюттік чемпион - №3 БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей- интернатын І дәрежелі дипломмен, вице-чемпион Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатын ІІ дәрежелі дипломмен, Жезқазған қаласының білім бөлімін ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.