Түркияда 18 жастағы жігіт көшедегі адамдарды пышақтап тастады

Сурет: https://el.kz

Әлем
1873

Түркияның Эскишехир қаласында оқ өтпейтін кеудеше мен бас киім киіп, кеудесіне нацистік белгі таққан 18 жастағыв жігіт бес адамды жаралады, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен екі адамның жағдайы аса ауыр. Күдіктінің төсінде «Қара күн» нацистік белгісі болған. Ол көшедегі адамдарға шабуыл жасағанда әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген.

Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч бес адамды жаралаған күдікті А.К қалалық бас прокуратураның бастамасымен тергеу аясында ұсталғанын мәлімдеді.

Mash Telegram-арнасы жігіт шабуылдаған сәтін GoPro-ға таспалағанын айтты, кейін видео әлеуметтік желіде тарап кеткен.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...