АҚШ пен Украина өкілдері жасырын кездесу өткізді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1624

Дональд Трамп әкімшілігінің шенеуніктері Украина президенті Владимир Зеленский мен оның командасымен құпия келіссөздер жүргізіп, «Овал кабинетіндегі жанжалдан кейін Ақ үймен қарым-қатынасты тұрақтандырудың маңыздылығын» атап өтті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл туралы CNN жария етті.

CNN мәліметі бойынша, келіссөздерге Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог қатысқан. Трамп әкімшілігінің өкілдері украиналықтарды сирек жер қазбалары металдары туралы келіссөздерді «мүмкіндігінше тезірек» қайта бастауға шақырған.

Украина президентін көндіруге Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де көмектескен, деп жазады The Times. Басылымның дереккөздеріне сүйенсек, 4 наурызда Стармер Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, оған «Трамптың естігісі келген бірнеше нәрсе бар» екенін жеткізген, оның ішінде Зеленскийдің Овал кабинетіндегі кездесуді дұрыс өткізбегені туралы мойындаған.

Осыдан кейін Зеленский өз жазбасында Ақ үйдегі кездесудің «күткеніндей өтпегенін» мойындап, өкінішін білдірді.

«Өкінішті, бірақ осылай болды. Енді бәрін түзететін уақыты келді. Біз болашақта ынтымақтастық пен қарым-қатынастың конструктивті болғанын қалаймыз», — деп жазды Зеленский.

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...