Қазақ киносындағы 10 үздік қысқаметрлі көркем фильм

КИНО
2447



Қазақ киносындағы 10 үздік қысқаметрлі көркем фильмі


Көп жағдайда режиссерлардың кино өнеріндегі алғашқы қадамы қысқаметрлі фильмдерден басталады. Қысқаметрлі фильмдер режиссердың шығармашылық болашағына жолдама болары анық. Өз кезегінде жас кинематографистерге арналған «Жаңа көзқарас», «Дидар», «Шәкен Жұлдыздары», «Бастау», «Байқоңыр» кинофестивальдері жаңа есімдерді ашты. Дегенімен, киноның бұл саласы айрықша назар аударуға лайық және кинотанушылар тарапынан өз деңгейінде насихатталмай келе жатқан дүниелердің бірі.

Аталмыш топтамада өз уақытысында елеулі жетістіктерден көрініп, режиссерлық ізденістері арқылы ерекшеленген фильмдер хронологиялық тәртіп бойынша сараланды.




10. «Картоп жегіштер»



2016, «Boggaci», 15 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Шарипа Оразбаева

Оператор: Александр Богачев

Рольдерде: Бауыржан Нұртайұлы, Жеңіс Сайдиғани, Ринат Дойшибеков, Салтанат Жапишева, Айтқазы Байбеков

Фильм қап арқалаған бала бейнесімен басталады. Ол жанұясының күнкөріс деңгейінің төмендігіне байланысты, әке-шешесі жұмыс істейтін бақшадан картоп ұрлаумен айналысады. Сөйте тұра әке-шешесін сырт көзге ұятқа қалдырмау үшін, күзетшіге ұсталып қалмауды ойлайды.


Фестивальдар мен жүлделері


РК «Байқоңыр», (Қазақстан) 2016, Бас жүлде

XII ХКФ «Евразия», (Қазақстан) 2016, қатысушы

ХКФ «Reggio Film Festival», (Италия), 2016, қатысушы




9. «Бензин закончился»



2013, «Тәжікфильм»,17 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Асхат Кучинчиреков

Қоюшы-оператор: Нұрлан Оразалин

Продюсер: Асхат Кучинчиреков

Рольдерде: Оңдасын Бесікбасов, Еламан Алдабергенов

Басты кейіпкер – ер бала көлді көруді армандайды. Әкесі көлігімен алып бармақ болады. Алайда, жол бойында орын алған оқиғалар баланың арманын іске асыруға кедергі болады.


Фесивальдары мен жүлделері:

IX-шы Дубай ХКФ, 2013, «үздік қысқаметрлі фильм»

ХКФ Бахреин, 2014, қатысушы

ХКФ Тампер, 2014, қатысушы

ХКФ «Евразия», 2015, қатысушы.




8. «Көке»


 


2012, «Қазақфильм», 20 мин.
Сценарий авторлары: Жанат Досхожина, Айнұр Исмаилова
Режиссер: Айнұр Исмаилова
Оператор: Жанарбек Елеубек
Рольдерде: Нұрахан Оралбай, Гүлім Ибатбекова, Сәтімжан Санбаев, Клара Белжанова, Шынар Жанысбекова, Ержан Жарылқасымұлы.

Кішкентай баланың тағдырына әкесінің өлімі ауыр салмақ түсірді. Аса берік туысқандық байланыстан аяқасты айырылып қалған ол қайғысына қарамастан өмірін жалғастыруға тиіс, үлкен өмірге деген салмақты қадам – алғашқы қайғы, бойұсыну сезімдері арқылы келеді.
Фестивальдар мен жүлделері
ХКФ «Бастау», (Қазақстан), 2012, Бас жүлде
ХКФ «Шәкен жұлдыздары», (Қазақстан), 2013, Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

ХКФ «Қырғызстан-қысқыметрлі фильмдердің мекені», 2013, «Көрермен көзайымы» номинациясы.

ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі, (Татарстан), 2013, «Үздік қысқаметрлі фильм»




7. «Қысқы көбелектер»



2010, «Новый мир», «Арди» (Мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығы), 30 мин.

Сценарий авторлары: Азиз Заиров, Мұхамед Мамырбеков

Режиссер және оператор: Мұхамед Мамырбеков

Рольдерде: Али Сейітхан, Әлия Сейітхан, Фарида Жантелова

Аналарымен араздасып қалған балалар үйден қашып кетеді. Өздерін бостандықта сезінген олар сиқырлы әлемнің кереметтерін сезіне бастайды. Алайда, қиялдары су сепкендей басылады, айнала олар ойлағандай болмайды. Олар енді солғын, қауіпті, белгісіз әлемді көреді...Қиындықты жеңе отырып, жақыныңа кешірімді болу керектігін түсінеді.


Фестивальдар мен жүлделері

«Кино против боли» фестивалі, «үздік дебют үшін» жүлде, (Қазақстан)

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», 2012, қатысушы



6. «Май»


 

2009, «Қазақфильм», «Братья шорты», 21 мин.

Сценарий авторлары: Әділхан Ержанов, Серік Әбішев

Режиссер: Серік Әбішев

Оператор: Сәбит Семетаев

Басты рольде: Дәурен Қасенов

Дарик көп еңбектенді. Еңбек ақысын алатын уақытта келіп кеткен еді. Алайда, оған ақша орнына еңбекақысы маймен төленді. Күн болса ыстық, май еріп барады.

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ Баку, (Әзірбайжан), 2009, «көркем фильм» номинациясының жеңімпазы

РКФ «Дидар», (Қазақстан), 2010, «үздік фильм»

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», (Қазақстан), 2010, «студентік кино» секциясы «қысқа метрлі көркем фильм» номинациясы бойынша бас жүлде

ХКФ Open cinema қысқаметрлі кино және анимация фестивалі, Санкт-Петербург, (Ресей), 2012, «Үлкен үміттер» номинациясы бойынша «үздік фильм»




5. «Салмақ түсіргіш»



2008, 15 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Эмир Байғазин

Оператор: Азамат Дулатов

Рольдерде: Дэнис Тян, Шаймухан Карабаев

Салмағы категориялардың еш қайсысына сәйкес келмесе де, ол міндетті түрде жарысқа қатысады.

Фестивальдар мен жүлделері

РКФ «Дидар», (Қазақстан), 2008, «бас жүлде»; «Көрермен көзайымы»

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», (Қазақстан), 2008, қатысушы

26-шы спорт тақырыбындағы Милан ХКФ, (Италия) 2008, арнайы жүлде – «Mention d’Honneur»



4. «Бақытжамал»



2007, «Братья Шорты», 19 мин.

Сценарий авторы, режиссер, оператор: Әділхан Ержанов

Продюсер: Серік Әбішев

Рольдерде: Серік Әбішев, Арслан Акубаев

Кезінде Кубыч шынында да Бақытжамалға бірінші тамыз күні таңғы бесте кездесуге уәде берген болуы керек. Арада он жылдай уақыт өтті. Енді берген уәдесін орындау үшін жындыханадан қашып шығады.

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ «Еуразия», (Қазақстан), 2007, «үздік режиссер», «үздік актер»

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», (Қазақстан), 2007, «студенттік кино» номинациясы бойынша бас жүлдесі.



3. «Үнсіз салқындық»


 

2004, «Қазақфильм», 31 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Серікбол Өтепбергенов

Оператор: Болат Раев

Рольдерде: Нұржұман Ықтымбаев, Виталий Купряников

Кәрі зәктің камерасына нашақор жігітті отырғызады. Оның жалғыз досы – темекі қорабындағы өмір сүретін шырылдауық еді.

Фестивальдар мен жүлделері

ХКФ «Киношок», (Ресей), 2004, «Шорт-Шок» байқауының бас жүлдесі

ХКФ «Шәкен жұлдыздары», 2004 - «үздік ер адам ролі» - Н.Ықтымбаевқа

ХКФ Бильбао және Роттердам, 2004, қатысушы

ХКФ «Asiaticafilmmediale» (Италия), 2004, қатысушы

«Бәйтерек» (Қазақстан) 2004, «үздік дебют» жүлдесі, Астана қаласы.




2. «Антиромантика»



2001, «Қадам-Т», 16 мин.

Сценарий авторы және режиссер: Нариман Төребаев

Оператор: Борис Трошев

Рольдерде: Талғат Султанов, Ләззәт Дауытова

Рухани сезімі жағынан жан-дүниесінде тоқырау бар, өз-өзіне сенімсіз жас жігіт фильмнің бас кейіпкері. Материалдық жағдайының жетіспеушілігіне қарамастан, ол өзінің табиғи сезім қажеттілігін жеңіл жүрісті қыздан іздейді. Фильмде екі кейіпкердің бір күндік қарым-қатынасқа түскен өмірі сипатталады.

Фестивальдар мен жүлделері

«Жаңа көзқарас», (Қазақстан), бас жүлде, 2001

Канн кинофестивалінің қатысушысы, (студенттік фильмдер), 2001

ХКФ «Еурокубок», бас жүлде, 2002




1.«Шілде»


 

1988, «Қазақфильм», 23 мин.

Қоюшы-режиссеры: Дәріжан Өмірбаев

Сценарийдің авторлары: Лейла Ахинжанова, Дарежан Өмірбаев

Қоюшы-операторы: Әубәкір Сүлеев

Рольдерде: Бахытжан Жартыбаев, Марат Досетов

Қазақ даласындағы ауыл. Шілде.

Жергілікті клубта кино көруге үшін, екі бала ақша табудың әр түрлі жолдарын қарастырады.

 


Ержан Жұмабеков

Қосымша мәліметтер «Евразия» және «Шәкен жұлдыздары» ХКФ каталогтарынан алынды.

brod.kz

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...