Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» фильмі кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі. Б...
«Аватар: От пен Күл» барлық үмітті ақтады»
Фото: Арнур Ауезхан
Джеймс Кэмерон - әлемдегі ең танымал әрі ең көп касса жинайтын фильмдердің авторы. Ол тек табысты режиссер ғана емес, сонымен қатар киноиндустрияның бағытынөзгерте алған тұлға. Кэмеронның еңбегі 3D форматындағыфильмдерге жаңа серпін беріп, көрерменнің киноға дегенкөзқарасын өзгертті. Ол адамдардың тек танымал актерлеройнайтын, бірінен кейін бірі шыққан сиквельдерге емес, мүлде жаңа идея мен жаңа әлемге де ақша төлеуге дайынекенін дәлелдеді. «Аватар» жобасына бастапқыда сенбегенстудиялар мен режиссерлер аз болған жоқ. Фильм тымтәуекелге толы болып көрінді: бюджеті өте жоғары, актерлікқұрамы аса танымал емес, ал оқиға желісі бұрын-соңдыболмаған бөтен әлемде өрбиді. 20th Century Studios бұлжобаға 400 миллион доллардан астам қаржы жұмсады, бірақ оның үлкен касса жинайтынына ешқандай кепілдікболмады. Бұл бір фильмнің жалғасы емес, дайын франшиза да емес - бәрі нөлден басталды.
Сол кезеңде студия Кэмеронға шарт қояды: белгілі бірсоманы беріп, соған қысқаметражды фильм түсірудіұсынады. Режиссер бұл талапқа келісіп, командасымен біргеалғашқы нұсқасын ұсынады. Кейін студия актерлік құрамдыөзгертуді сұрап, тағы бір нұсқасы түсіріледі. Ұзаққасозылған өндіріс барысында Кэмерон үлкен қиындықтарғатап болады. Фильмнің ұзақтығы Голливуд стандарттарынасай келмей, режиссер өз қолымен шамамен 50 минут материалды қиып тастауға мәжбүр болады. Алайда одан әріқысқартуды талап еткенде, Кэмерон түсірілім алаңының«Titanic» - тің арқасында салнғанын айтып ашуға булығады, өз дегенінен қайтпайтынын ашық көрсеткені - кино тарихында қалған аңыз сәттердің бірі. Жылдар өтсе де, көрермен «Аватардың» жалғасын ұзақ күтті. Фильм бірнеше рет кейінге шегерілді, ал осы аралықта ғылыми-фантастикалық жанрда көптеген ірі жобалар жарық көрді. Олардың ішінде Interstellar мен Dune секілді фильмдеркөрерменнің жаңа талғамын қалыптастырды. Соғанқарамастан, 2022 жылы шыққан «Аватар: Су жолы» көрермен үшін нағыз камбекке айналды. Ұзақ күтудің өтеуіақталды: фильмнің жалпы кассалық табысы 2,3 миллиард долларды құрады.
Көпшілік үшін үшінші бөлімді күту тағы да ұзаққасозылады деп ойлаған еді. Алайда 2025 жылы «Аватар 3» фильмі жарық көрді. Бұл мен үшін ғана емес, жалпыкиносүйер қауым үшін үлкен оқиға болды. Себебі Джеймс Кэмерон әр жаңа фильмінде 3D технологиясын, операторлық шешімдерді және визуалдық мүмкіндіктердіжаңа деңгейге көтеріп отырады. Оның фильмдері - жай ғанаоқиға емес, үлкен экранда сезінуге арналған тәжірибе. Осы тұрғыдан алғанда, «Аватар» - уақыт өткен сайынқұндылығын жоғалтпайтын, керісінше, киноның болашағықандай болатынын көрсететін жоба. Кэмерон тәуекелденқорықпай, киноны тек бизнес емес, өнер мен технологияның тоғысқан кеңістігі ретінде қарастыратынынтағы бір дәлелдеді
«Аватар: От пен күл» жайлы
Джейк Саллидің отбасы үшін бұл бөлім де оңай емескезеңмен басталады: өткендегі жоғалтулар, ішкіқақтығыстар, жаңа қауіптер. Бірақ фильмді көре отырып, мен үшін оқиғаның логикасынан гөрі сезім басымырақболды. Себебі «Аватар» - жай ғана сюжетке сүйенетін кино емес, ол ең алдымен әсерге, кеңістікке, көзбен сезінугеқұрылған әлем. Бұл жолы мен өзімді кәсіби талдаушыретінде емес, көрермен ретінде көбірек ұстадым. Себебі бұлсиквель - өте үлкен, ұзақ жылдар бойы жасалған жоба, жәнеондай көлемдегі дүниеге салқын ақылмен үңілу оңай емес. Экрандағы көріністер, қозғалыс, түстер, масштаб - бәрі «вау эффектке» жұмыс істейді. Сол себепті кей сәттерде фильмдіталдауға емес, жай ғана соның ішінде болуға тырысасың.Иә, үшінші бөлім екінші фильмнің жалғасы екені анықсезіледі. Су әлемінен от стихиясына ауысу бар, жаңа тайпабар, жаңа қауіп бар. Бірақ түбегейлі өзгеріс емес, бұрынғыформуланың кеңейтілген нұсқасы сияқты әсер қалдырады. Бұл - кемшілік пе, әлде авторлық тұрақтылық па, оны әркөрермен өзі шешеді.Маған ең қызығы - Пандораның тағыбір қыры ашылуы. Бұрын біз на’вилерді табиғатпенүйлескен, рухани таза халық ретінде көрдік. Ал бұлфильмде олардың бәрі бірдей емес екені байқалады. Отқатабынатын тайпа - сол үйлесімнің қарама-қарсы бейнесі. Бұл идеяның өзі өте мықты, бірақ оны терең талдапүлгеруден бұрын, фильм сені келесі көрініске, келесіэкшенге жетелеп әкетеді.
Сол себепті мен бұл сиквельді көргенде өзімнің әдеттегікәсіби көзқарасымның бір сәтке жоғалып кеткенінбайқадым. Оның орнына эмоция, әсер, визуал алдыңғықатарға шықты. Мүмкін, дәл осы «Аватардың» табиғаты да сол шығар: ол сенен талдаудан бұрын, таңғалуды талапетеді. Қорытындылай келе, бұл фильм мен үшін мінсізнемесе толыққанды талдауға сұранып тұрған шығарма емес. Бұл - үлкен экранда, дұрыс форматта көргенде ғана жұмысістейтін, эмоцияға негізделген тәжірибе. Кейде киноныбөлшектеп, таразылаудың орнына, оған беріліп кету де маңызды. Ал «Аватар» дәл сондай сәттер үшін жасалғансияқты.
Арнур Ауезхан