Президент мемлекеттік қызметте білікті салалық мамандардың қажет екендігін айтты, деп хабарлайды mad...
Екі елдің арасындағы жұмыстың 5 бағыты аталды
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа ақпарат агенттігіне берген сұхбатында екі елдің арасындағы жұмыстың 5 бағытын атады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.
«Табысты екіжақты ынтымақтастықтың 32 жыл бойы қуатты негізін қалағанымызды ескере отырып, Қазақстан тату көршілік қарым-қатынасты одан ары нығайту, алыс-берісті жандандыру және практикалық өзара іс-қимылды тереңдету үшін бар күш-жігерін салуға дайын. Сондықтан да осынау кезеңде бірлескен жұмыстың 5 бағыты аса маңызды.
Инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдету. Ауыл шаруашылығы, жаңа энергетика, машина жасау сынды салаларға ерекше назар аударған жөн. Сонымен қатар индустриаландыру мен қосылған құны жоғары өнім өндірісіне де жұмылу қажет.
Сауда құрылымын әртараптандыру мен тауарлар атауларын арттыруды қоса алғанда елдеріміз арасындағы тауар айналымын арттыру. Заманауи құралдарды, оның ішінде электронды коммерция мен электронды сауда алаңдарын пайдалану керек», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті 2024 жыл «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын одан ары ілгерілету үшін маңызды жыл саналатынын атап өтті.
«Ол бастамалардың кезекті 10 жылдығы санағымен ерекше. Біз үшін осынау мега бастаманың негізгі әлі бұлжымас қатысушысы, сондай-ақ сенімді еуразиялық көлік хабы және «Бір белдеу, бір жолдың» орталық логистикалық торабы ретінде Қазақстанның рөлін күшейту аса маңызды. Бұл ретте біздің назарымыз Ляньюньган портының, Сиан қаласындағы құрғақ порттың және «Қорғас – Шығыс Қақпа» АЭА-ның мүмкіншілігін белсенді пайдалануға баса назар аударылады.
Екі елдің көлік ынтымақтастығын кеңейту. Бүгінде «Достық-Мойынты» темір жол учаскесінің екінші жолын салу жалғасып жатыр. Мұнан бөлек, біздің ортақ шекарамызда үшінші темір жол өткізу пунктін салуды бастау межеленген.
Мәдени-гуманитарлық саладағы көпқырлы өзара іс-қимылды жандандыру. Визасыз режим орнату, өзара мәдени орталықтарын, «Лу Бань шеберханасын», ЖОО филиалдарын ашу, сонымен қатар әуе рейстерін ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты одан ары нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Елдеріміз Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жаңа «алтын 30 жылдығы» аясында бізді жарқын болашақ жолында біріктіретін үлкен жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр деп сеніммен айтуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.