Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

ЖАҢАЛЫҚТАР
1274

Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде компания өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салып отыр.

Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар. Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесіп, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.


ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ соққы жасаған Ирандағы Фордо ядролық орталығының спутниктен түсірілген суреттері жарияланды, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Трансгендерлер Қазақстан аруы атана алмайтын болды. Қанша жерден сұлу болса да, «Мисс Қазақста...